Санат: Алматы
-
Аудан әкімі бағалау компаниясы өкілдерімен бірге зардап шеккен нысандарды аралады
Аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылында болған қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен нысандарды аралап, бағалау жұмыстарының барысымен танысты. 🔹Аралау барысында тұрғындармен тілдесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жауапты мекемелерге бағалау жұмыстарын заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі жедел аяқтауды және тұрғындарға тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 🔹Қазіргі уақытта…
-
Орал қаласында мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг өткізілді
2026 жылғы 30 маусымда Орал қаласында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бақылау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Іс-шараның бастамашысы – «Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қоры. Қоғамдық мониторинг Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпсалалы аурухана» ШЖҚ МКК диагностикалық орталығы базасында өтті. Мониторингке Батыс Қазақстан облыстық және…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр. t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1258726?lang=ru
-
ҚҰРМЕТТІ АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін: 🔹130 ауыл шаруашылығы жануары қамау орнына қамалды; 🔹408-бап бойынша 30-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды; 🔹Қараусыз малдың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді; 🔹1 мал иесіне ӘҚБтК-нің 633-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды; 🔹4 оқиға бойынша белгісіз тұлғаға…
-
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жоғары технологиялық мамандықтарға қабылдау жүргізуде
Алматыда радиоэлектроника, байланыс, ақпараттық қауіпсіздік және автоматтандырылған басқару жүйелері салалары бойынша офицерлер даярлайтын еліміздегі бірегей әскери жоғары оқу орны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына құжат қабылдау басталды.Жаңа оқу жылында институтқа 280-нен астам курсант қабылдау жоспарланған. Құжаттарды қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады.Талапкерлер көпсатылы конкурстық іріктеуден өтеді. Іріктеу Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін, психологиялық…
-
Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады
Салтанатты кездесу прокуратура органдарының әр буын өкілдерін біріктіріп, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын одан әрі ілгерілету, заңдылықты нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселелерін талқылауға арналды. Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағытта заң үстемдігі,…
-
Бюджеттен салықтарды қайтару: шарттары мен рәсімдері
Бюджеттен ақшалай қаражатты қайтару — салық төлеушіден белгілі бір шарттардың сақталуын талап ететін рәсім, оның ішіндегі ең бастысы мемлекет алдында борыштың (берешектің) болмауы болып табылады. Қайтарудың басты шарты Төленген немесе артық төленген сомаларды қайтаруды салық органы тек салықтық өтініш негізінде ғана жүзеге асырады. Негізгі талап — салық төлеушінің өзінде де, оның құрылымдық бөлімшелерінде де салықтық…
-
Қазақстанда жас журналистерге арналған цифрлық платформа іске қосылды
Елімізде балаларға арналған ұлттық контентті дамытуға баса мән беріліп келеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған, 96 жылдық тарихы бар республикалық «Ұлан» газеті ulandigital.kz цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа сайт оқушыларға материал оқумен қатар, контент әзірлеуге де мүмкіндік береді. «Хат жазамын» бөлімі арқылы жас авторлар өз мақалаларын, өлеңдерін және басқа да шығармашылық жұмыстарын редакцияға бірнеше минут ішінде…
-
🔶Жарлыөзек ауылдық округінде құқық бұзушылықтың және мал ұрлығының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔶Жарлыөзек ауылдық округінде құқық бұзушылықтың және мал ұрлығының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарына құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1258707?lang=ru
-
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және мал шаруашылығының өсуі
Биыл жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарға дейін кеңейтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 180 мың гектарға артық. Шаруалар жоғары рентабельді майлы дақылдарға басымдық беріп, егіс көлемін 4,3 млн га жеткізді және 3,3 млн га жем-шөп дақылдар, бұл ретте дәнді және бұршақты дақылдарға шамамен 15,8 млн га бөлінді. Сонымен бірге мал шаруашылығы саласында мал басының тұрақты…
-
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 20 шілде күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады. Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер: «2026-2028 жылдарға…
-
📎13.07.2026 аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
🔹Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер, тұрғын үй алу кезегі және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілуде. 🔸Қабылдауға аппарат басшысы, қала әкімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің мамандары да қатысып отыр. Кездесу барысында көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, олардың…
-
Асхат Шахаров: «Байғаниндегі қалпына келтіру жұмыстарын жылыту маусымына дейін аяқтау қажет»
Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында дауылды желдің салдарын жою жұмыстарының барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Табиғи апат салдарын бағалау үшін арнайы комиссия құрылып, оның мамандары зардап шеккен аумақтарды үй-үйді аралап, тексеру актілерін жасады. Тексеру қорытындысына сәйкес, ауданда барлығы 298 нысанның зақымданғаны анықталды. Оның ішінде 254 тұрғын үй бар. Сондай-ақ, 14 әлеуметтік нысан,…
-
1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр
Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады. «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар, бос орын болған жағдайда ата-аналар…
-
Қарауылкелдідегі спорт кешенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылына барып, табиғи сипаттағы қолайсыз жағдайлардан зардап шеккен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жай-күйін бағамдады. Қазіргі таңда арнайы комиссия нысанға келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бағалау аяқталғаннан кейін құрылысшылар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін толық қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. Басқарма…
