Санат: Алматы

  • Жылыту маусымына дайындық: 50 энергетикалық жабдық пен 17 мың шақырым электр беру желісі жөнделді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алдағы жылыту маусымына энергетикалық кәсіпорындардың, электр және жылу желілерінің дайындығы мәселелері Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жанындағы Республикалық штабтың кезекті отырысында қаралды. Отырысқа өңірлер әкімдіктерінің басшылығы, «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ЦАЭК», «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz Aimaq», «ҚазМұнайГаз», «Қаражыра», «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамдарының, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС-нің, сондай-ақ еліміздің энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Жазғы…

  • 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік…

  • Ұлытауда күзгі тазалық айлығы басталады!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ұлытауда күзгі тазалық айлығы басталады! 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында облыс елді мекендерінде абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал 12 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді. 🌿 Барша тұрғындарды, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін сенбілікке белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға…

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттырады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 632 ұйым лицензия алды. Бүгінде мұндай қызметтермен 108 мыңға жуық адам қамтылған. Сапалы әлеуметтік қызмет адамға қажетті көмекті уақтылы көрсетуге, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәсіби қолдау ұсынуға, лайықты жағдай жасауға, сондай-ақ оның құқықтары мен қадір-қасиетін сақтауға бағытталған. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау осы талаптардың орындалуын…

  • Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтіп жатыр

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада «Тұрақты болашаққа арналған әлеуметтік инвестициялар» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтіп жатыр. Саммитке Қазақстаннан және шетелден, соның ішінде Германиядан, Канададан, Малайзиядан және ТМД елдерінен 700-ге жуық адам қатысады деп күтіліп отыр. Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлерді, инвесторларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және даму институттарының өкілдерін бір алаңға жинайды. 10 қыркүйекте саммиттің шетелдік қонақтарына арналған мәдени…

  • Қарқаралы ауданында құтқарушылар табиғи өртті сөндіріп жатыр

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылының маңында құрғақ шөп өртенді. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, табиғи өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнына ТЖМ-нің қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды. Әуеден барлау жүргізу, жағдайды бақылау және жекелеген ошақтарды сөндіру үшін оқиға…

  • Жеке қабылдау барысында азаматтарға олардың еңбек құқығы түсіндірілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Мамарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға Шығыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясының өкілі, еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Қ. Ерғазинов та қатысты. Кездесу барысында азаматтардың еңбек қатынастарына қатысты сауалдары тыңдалып, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндірмелер мен кеңестер берілді. Сонымен қатар, еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек…

  • Қазақстан Парижде өтіп жатқан Халықаралық ғарыш саммитіне қатысуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Париждегі Гран-Пале сарайында Халықаралық ғарыш саммиті өз жұмысын бастады. Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен ұйымдастырылған бұл ауқымды іс-шараға 120-ға жуық шетелдік делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында мемлекет және үкімет басшылары, ғарыш агенттіктерінің жетекшілері, ғалымдар, әскери қызметшілер, ғарышкерлер және бизнес өкілдері бар. Саммитте бүгінде әлемдік ғарыш саласының даму бағытын айқындайтын негізгі мәселелер талқылануда. Атап айтқанда, ғарыш…

  • Қарағандыда Германиядан келген туристер жол ережесін бұзды: полицей олармен ағылшын тілінде сөйлесті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қарағандыда Германиядан келген туристер жол ережесін бұзды: полицей олармен ағылшын тілінде сөйлесті. Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Германия азаматтарын тоқтатты. Оларға ескерту жасаған инспектор туристермен ағылшын тілінде сөйлесіп, қауіпсіздік талаптарын өздеріне түсінікті түрде жеткізді. Оқиға Жауынгер-интернационалистер көшесінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік туристердің бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолдың жүріс бөлігін кесіп өткенін байқаған. Инспекторлар…

  • Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке…

  • Құрметті жас түлектер!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

        Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!   Негізгі шарттары:   1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады; 2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс; 3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. 4) конкурссыз Ақмола облысының…

  • eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бас прокуратура азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертеді. Бұл ретте, қаскөйлер өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырады. Интернет-алаяқтықтың саны төмендегеніне қарамастан (14,8%, 17,2 мыңнан 14,6 мыңға дейін), қылмыскерлер азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануды жалғастыруда. Тек соңғы бір айдың ішінде елімізде алаяқтардың өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырған 30 жуық дерегі тіркелді. Әдетте алаяқтар азаматтарға олардың атынан ЭЦҚ…

  • ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

     Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлемдік пара сериясында Қазақстан құрамасының сапындағы шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.  Командалық сайыста Жанат Айтимова мен Айзада Сейдан жұбы қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал жекелей сында Айзада Сейдан тартысты бәсекеде паралимпиада чемпианына небәрі 1 ұпай айырмашылығымен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.  Бұл нәтиже –…

  • Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құрметті жерлестер! Бүгін 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы…

  • МӘС: сапа және негізділік

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

            «ЖезДенсаулық» ЖШС медициналық ұйымымен нысандарды негізсіз және сапасыз толтыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.      Кездесу барысында нақты жағдайлар жан-жақты талданып, жіберілген қателер анықталды және алдағы уақытта олардың алдын алу жолдары белгіленді.       Мақсат — МӘС-ке жолдамалардың сапасы мен негізділігін арттыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1289363?lang=ru

Exit mobile version