Санат: Алматы
-
«Halyk Әуені» концерттік-гастрольдік туры Ботақарада өтеді
Құрметті Бұқар жырау ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін «Halyk Әуені» концерттік-гастрольдік туры Ботақара кентіне жол тартады! Сіздерді елге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ерекше кешке шақырамыз! Сахна төрінде:⭐ Нұрлан Өнербаев⭐ Ербол Тәжібаев⭐ Сұлтан Ахмет⭐ Қуандық Шалқарұлы⭐ Ақбөпе Әлібекова⭐ Нұрай Шеру«SAZ&SOUL» вокалдық-аспаптық ансамблі 📍 Өтетін орны: Ботақара кенті, Аудандық…
-
Департаменттің қолданыстағы функциялары 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Құрылыс кодексін енгізуге байланысты кедергісіз ортаны құруды бақылаудың жаңа тетігімен кеңейтіледі
ҚР Құрылыс кодексінің 17-бабына сәйкес, елді мекендер халықтың аз қозғалатын топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін қолайлы жағдайлармен және қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылыс кодексі объектілерді енгізу кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылау функцияларын енгізеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарымен 01.07.2026 жылдан бастап Департаментке мемлекеттік…
-
«ITCOR-KZ» ЖШС өкілінің қатысуымен семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 14 мамырда «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ғимаратында «ITCOR-KZ» ЖШС өкілінің қатысуымен семинар өткізілді. Ұйымдастырылған семинарға ветеринария саласында ветеринариялық емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, «Витавет», «Клиника Крюкова» жекеменшік ветеринариялық клиникаларының, сондай-ақ ветеринариялық станцияларды өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «ITCOR-KZ» ЖШС өкілі үй жануарларын есепке алудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі…
-
Құтқарушылар отбасы спорт алаңында бас қосты
Елордада Халықаралық отбасы күніне орай құтқарушылардың отбасылары арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Спорттық сайыстар барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Урмановтар отбасының «Гаухар» тобы жеңімпаз атанды. Спорттық мереке қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Мұндай шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, отбасы мүшелерінің…
-
Мобильді топтардың жұмыс жоспары аясында мектепке дейінгі ұйымдардың аттестаттаудан өтетін педагогтерінің ұйымдастырылған қызметін қарау ұйымдастырылды
Мобильді топтардың жұмыс жоспары аясында мектепке дейінгі ұйымдардың аттестаттаудан өтетін педагогтерінің ұйымдастырылған қызметін қарау ұйымдастырылды. Оның барысында әдістемелік көмек көрсетілді, ұйымдастырылған қызметті жүргізу әдістемесін сақтау бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1224716?lang=ru
-
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік…
-
OTYRAR ТЕЛЕАРНАСЫНДА ӨТКЕН «ХАЛЫҚ&БИЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ ИСАБЕКОВА АЙНҰР АҚЖІГІТҚЫЗЫ.
OTYRAR телеарнасында өткен «Халық&Билік» бағдарламасының тікелей эфирінде Исабекова Айнұр Ақжігітқызы. Эфир барысында құқықтық қызметтердің қолжетімділігі, атқарушылық іс жүргізу, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңнамадағы жаңашылдықтар тақырыптары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерге қатысты маңызды пікірлер айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1223637?lang=ru
-
ЖҰМЫССЫЗ 420 ТҰРҒЫН ЖАҢА КӘСІП МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Шымкент қаласында биыл жұмыссыз 610 тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Оның ішінде 450 адам – білім беру ұйымдарында, ал 160 адам жұмыс орындарында оқытылады. Бүгінгі таңда кәсіптік оқуға 420 адам жолданып, жаңа мамандықтарды меңгеріп жатыр. Мысалы, қазіргі таңда «Сәнді-Өмір» оқу орталығында 20 жұмыссыз тұрғын білім алуда. Олардың бесеуі – визажист, оны – шаштараз-стилист, ал 5…
-
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 90 ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11 «З» сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік 90 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Бітіруші түлек терең білімі және қажырлы еңбегімен әлемнің беделді университеттерінің стипендиянты атануға мүмкіндік алып отыр. Олардың ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуропа елдері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші оқу орындары бар. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Набира осы…
-
Әйелдердің құқықтары және олардың қоғамдағы рөлі
Әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту және олардың түрлі салалардағы мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Әйелдердің құқықтары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау қоғамның әлеуметтік дамуы мен ілгерілеуінің маңызды шарттары ретінде қарастырылады. Әйелдер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, қақтығыстардың алдын алуға және өзара түсіністік пен диалог мәдениетін дамытуға…
-
Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды
Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәріге көнбейтін туа біткен эпилепсиясы бар 12 жастағы балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасалды. Балада эпилепсия ұстамасы жиі әрі ауыр өткен. Дәрілік ем нәтиже бермеген соң дәрігерлер кезбе жүйкені стимуляциялау (VNS – Vagus Nerve Stimulation) әдісіне жүгінген. Бұл – эпилепсияның ауыр түрін емдеуде қолданылатын заманауи тәсілдің бірі. VNS тәсілі…
-
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1223769?lang=ru
-
Әлеуметтік Кәсіпкерлік
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 2025 жылдың 1-15 маусым аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттарды қабылдау өтетіндігін хабарлайды! Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономика құбылысы ретіндегі заманауи даму тарихы шамамен 50 жылды қамтиды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы көшбасшылар: АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік…
-
Жаңа әуежайлар мен әуе қатынасының артуы: ШҚО-да авиациялық инфрақұрылым күшейтілуде
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысып, өңірде авиация саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Аймақ басшысы авиациялық инфрақұрылымды дамыту Шығыс Қазақстанның көлік қолжетімділігі мен туристік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар салу жұмыстары жалғасып…
-
Тарихпен тілдесу: музейдегі бір күн
Астана қаласының құтқарушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне рухани-танымдық экскурсия жасады. Музей – өткеннің үнсіз шежіресі, ұлттың жадын сақтаған қазына. Осындай тағылымды орынға жасалған сапар барысында жеке құрам ата-бабаларымыздың мұрасымен танысып, ел тарихына деген құрметін арттырды.Бұл экскурсия тек танымдық қана емес, сонымен қатар рухани жаңғыруға бастар маңызды қадам болды.Тарихты білу – болашақты нық қалыптастырудың кепілі. Ақпарат…
