Санат: Шымкент
-
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, аудан прокурорының орынбасары Бағдат Жүсіпбек және комиссия мүшелері қатысты. Отырыс барысында күн тәртібіндегі негізгі «Бала мәселесі» қаралып, №192 орта мектептің директоры білім беру ұйымындағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиын қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге…
-
Балқаш қаласында инклюзивті жағажай құру жобасы қарастырылды
Туризм басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Балқаш қаласының кәсіпкері Сергей Николаевич Казаков ұсынған инклюзивті жағажай құру жобасын қарастырды. Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдардың демалысы үшін қолжетімді әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл бастаманы жүзеге асыру кедергісіз орта қалыптастыруға, баршаға тең демалыс мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны…
-
170 мың теңге параның соңы 5,5 миллион айыппұлға ұласты: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды
Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған. Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады. Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойыға тыйым сала отырып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясының мекенжайына жеке…
-
Жамбылдағы жасыл энергетика: табиғи әлеуеттен тұрақты энергияға дейін
Жамбылдағы жасыл энергетика: табиғи әлеуеттен тұрақты энергияға дейін Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 571,3 МВт-қа жетті Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында 22 нысан жұмыс істейді. Олардың жалпы белгіленген қуаты 571,3 МВт құрайды. Күн энергетикасы: өңірдегі күн электр стансаларының жалпы қуаты – 271,25 МВт. Жуалы ауданындағы «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» стансаларының қуаты…
-
Облыс аудандары мен қалалардың қаржы бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі
Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облыстың аудандар мен қалалары қаржы бөлімдерінің басшыларымен, сондай-ақ қазынашылық аумақтық бөлімшенің және «Парус.Каз» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Осы кеңесте бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншіктің өзекті мәселелері айтылды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылын табысты аяқтауға қол жеткізу үшін жұмыстың негізгі бағыттары әзірленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karzhy/press/news/details/1311236?lang=ru
-
«ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 9 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «Қызылорда жол дистанциясы» (ПЧ-57) жұмысшылары арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аурулардың негізгі белгілері, жұғу жолдары және ықтимал асқынулары түсіндірілді. Сонымен қатар өзін-өзі емдеуге жол бермеу, алғашқы белгілер байқалған…
-
Бұқар жырау ауданында интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері түсіндірілді
Бұқар жырау ауданында тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл тақырыпқа арналған семинар мен дөңгелек үстелге мектеп директорларының орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Азамат Ержанов аудандағы интернет-алаяқтық деректеріне тоқталып, қылмыстың бұл түріне…
-
«Туляремияның алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді
2026 жылғы 13 қазанда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласындағы маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ медициналық пунктінің, әуежайдың және «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері арасында туляремияның алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында туляремияның негізгі белгілері, жұғу жолдары, асқынулары және инфекцияның таралуының алдын алу шаралары түсіндірілді. Қатысушыларға кенелер мен масалардың шағуынан, жабайы жануарлармен және кеміргіштермен…
-
Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі…
-
«Тектұрмас» тазалығы – тарихи мұраға құрмет
Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Вандализмге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанаты өткізген іс-шараға 50-ге жуық жас қатысып, тарихи орын аумағындағы 150-ге жуық граффити жазуын өшірді. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және жастар арасында вандализмнің алдын алу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи орындарға құрмет көрсету –…
-
«Ашық есік»: Ақтауда бірыңғай жеке қабылдау өтеді
Ақтау қаласында 19 қазан күні азаматтарды бірыңғай жеке қабылдау өтеді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, Ақтау қаласының әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың және қалалық бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Өтетін орны: 34 шағын аудан, «Достық үйі» ғимараты. Уақыты: 19 қазан, сағат 10:00. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі :…
-
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ. БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың…
-
Бидайды кебек ретінде өткізу әрекетінің жолы кесілді
Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресейден бидай кебегі ретінде көрсетілген бидайды Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолы кесілді. Автокөлік құралын тексеру барысында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер мен жүктің нақты құрамының сәйкес келмейтінін анықтады. Тексеру нәтижесінде көлік құралында кебекпен қатар бидай дәні де болғаны белгілі болды. Бидайды…
-
Педагог Гүлдана Мұқанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
ОБЛЫСТАН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!Ұлытау облысында мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапаттарды Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлдана Молдахметқызы Мұқанова білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін…
-
Сәтбаев педагогтері республикалық «EduAI» хакатонына қатысты
2026 жылғы 4–5 маусымда Астанада «EduAI» республикалық педагогикалық хакатоны өтті. Іс-шара 2025 жылғы қарашада басталған «Ustazga AI» жобасын қорытындылады. Педагогтер «Менің педагогикалық кейсім» тақырыбында 3500-ден астам жоба ұсынып, 334 қатысушы республикалық кезеңге өтті. Сәтбаев қаласынан Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің биология мұғалімі Жаркенова Ақерке Айтуғанқызы және №7 мектептің физика мұғалімі Құдайберген Бибінұр Жақсылыққызы қатысты. Педагогтер инновациялық…
