Санат: Қазақстан
-
Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал, оның ішінде Абай облысында 10 вокзалды жаңғырту жұмысы басталған болатын. Бүгін Жарма ауданындағы Үшбиік, Жарма, Шар станцияларының жаңартылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Үш нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Жаңғырту жұмыстары «Қазақстан темір…
-
Шеңгелдіні абаттандыру қалай жүріп жатыр?
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілуде. Биыл бюджет қаражаты есебінен ауылда жаңа балалар ойын алаңы мен воркаут-алаң салынып, пайдалануға берілді. «Енді мұнда достарымызбен түгел келіп ойнаймыз», – дейді ойын алаңына қуана келген балақайлар. Бұл – ауылдағы абаттандыру жұмыстарының бір ғана бағыты. Жыл соңына дейін ауылдық округ…
-
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын: анықталған бұзушылықтардың 95%-ы жойылды
Облыста 2026-2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау бойынша санитариялық мониторинг аяқталды. Мониторинг барысында аумақтық бөлімшелердің мамандары 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды. Тексеру нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 95% жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың…
-
Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
“Жағатал ауылдық округ әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінде орналасқан Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді пайдалана аласыздар. Бүгінде ауыл тұрғындары өздеріне қажетті қызметтер мен анықтамаларды Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан алуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1282868?lang=ru
-
Интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 145 млн теңге қайтарылды
2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 289 интернет-алаяқтық қылмыстары тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеді. Алаяқтық қылмыстардың жалпы материалдық зиянының 145 млн-ға жуығы жәбірленушілерге кері қайтарылған. Бұл жаңадан қолданысқа шыққан ANTIFROD бағдарламасының арқасында. Платформа қаражаттың қай есепшоттан аударылып, қай есепшотқа түскенін анықтайды. Бұл алаяқтарды жылдам әрі кедергісіз табуға және қаржыны кері…
-
2026 жылғы 28 тамызда Сәтбаев қаласының «Шарайна» газетінің №31 (2725) санында Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А. Аубакирдің «Электрондық апостильді тапсыру жолын түсіндіру» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 28 тамызда Сәтбаев қаласының «Шарайна» газетінің №31 (2725) санында Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А. Аубакирдің «Электрондық апостильді тапсыру жолын түсіндіру» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1282853?lang=ru
-
Қарағандылық оқушы географиядан халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді
Қарағандылық оқушы Сырым Амантай Географиядан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында — International Junior Geography Olympiad (IJGO) 2026 күміс медаль жеңіп алды. Халықаралық білім додасы Сербияның Копаоник қаласында өтті. Биылғы олимпиадада Қазақстанның намысын ұйымдастыру комитетінің кеңейтілген шақыруына ие болған тоғыз оқушы қорғады. Сырым Амантай Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернаттың 10-сыныбында білім алады. Оның географияға деген қызығушылығы жетінші сыныпта оқып…
-
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының назарына!
20 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Road Race спорттық жарысының өтуіне байланысты Үлкен Алматы каналы (БАК) бойындағы жолдың бір бөлігі — Алматы жолымен қиылысынан бастап Ащыбұлақ ауылына дейін, оған жалғасатын барлық жолдарды қоса алғанда, уақытша жабылады.Шектеулерді алдын ала ескеріп, осы күні балама бағыттарды жоспарлауларыңызды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін…
-
2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында өткізілген «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске Ұлытау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетімен және Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 3.2-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында өткізілген «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым…
-
JAGALAU FEST: Қонаевта шомылу маусымының үздіктері марапатталды
Қонаевта шомылу маусымы қорытындыланып, жазғы демалыстың соңғы күндері JAGALAU FEST мерекелік кешімен атап өтілді. №5 қалалық жағажайда өткен шарада тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуына үлес қосқан мамандар марапатталды. Алғыс хат иеленгендердің қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, медицина мамандары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және басқа да сала өкілдері бар. Олар жаз бойы жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп,…
-
«Таза Қазақстан»: Алматыда GREEN UP экологиялық жобасы іске қосылды
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында GREEN UP экологиялық жобасы басталды. Бастаманың таныстырылымы 31 тамызда қаладағы №224 мектепте өтті. Жоба ECO Network қатысуымен, қаланың Экология және қоршаған орта басқармасы мен Eco Almaty қолдауымен жүзеге асырылып отыр. GREEN UP жобасы оқушылар мен олардың отбасыларында қалдықты бөлек жинау, жауапты тұтыну және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау секілді экологиялық…
-
️ Ақтөбе облысында туристік нысандарға жол салынды
Биыл Қарғалы ауданындағы «Қасқыр сарқырамасына» асфальт төселді. Сонымен қатар Қобда ауданындағы «Абат Байтақ» кесенесіне де жол салынды. Тарихи әрі мәдени ескерткішке бұған дейін тек жаз мезгілінде қатынауға болатын. «Ақтөбе-Орал» тас жолынан 12 шақырым жердегі кесенеге жылына мыңға жуық турист тоқтайды. Сондықтан облыс бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті инфрақұрылым жүргізілді. 💬 Жарасқан Темірбаев, Қобда аудандық жолаушылар көлігі…
-
Қостанай облысында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, онда өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында «Орталық – Батыс» стратегиялық жобасын іске асыру, автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігі, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау және белгіленген салмақтық шектеулердің сақталуы мәселелері қаралды. Сондай-ақ жолдарды салу және күтіп-ұстау жұмыстарына жергілікті мердігерлерді тарту…
-
«Денсаулығымызға үлкен көңіл бөлді»: ҚХР азаматы Абай облысының полицейлеріне алғысын жеткізді
⚜️Абай облысының Мақаншы ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жол бойында көлік жүргізушілері тоқтатылып, олардың жағдайы тексеріліп, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай кезекті іс-шара барысында полиция қызметкерлері ұзақ жолдан келе жатқан шетелдік автокөлікті тоқтатты. Қытай Халық Республикасының азаматтарымен профилактикалық…
-
Ауыл тұрғындары жалға берілетін тұрғын үйді өздері таңдай алады
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдап, оны алу үшін өтініш бере алады. Бұл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты. Жаңа тетік бойынша өтініштерді алғашқы қабылдау…
