Санат: Қазақстан

  • Жаңа оқу жылына сыйлықпен: ШҚО ПД болашақ бірінші сынып оқушыларын құттықтады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жаңа оқу жылына сыйлықпен: ШҚО ПД болашақ бірінші сынып оқушыларын құттықтады Жаңа оқу жылы қарсаңында Өскемен қаласындағы этнопаркте Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балаларына арналған мерекелік іс-шара өтті. Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімшелерінен келген 90 болашақ бірінші сынып оқушысы үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларды аниматорлармен бірге ойындар…

  • Жамбыл облысында мәдениет нысандарының инфрақұрылымы жаңғыртылуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

     Жамбыл облысында мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және тұрғындарға мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірде 507 мемлекеттік мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оның 16-сы облыстық басқармаға, 491-і қала және аудан әкімдіктеріне қарасты. Мәдениет мекемелерінің қатарында 203 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 облыстық драма театры, облыстық филармония, 2 кинотеатр және…

  • «100 күнде 100 өлең»: астаналық мектеп директоры автокөлік жеңіп алды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астаналық мектеп директоры «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Assyltas» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысты. Жүз күнге созылған шығармашылық додада қатысушылар қазақ поэзиясының жауһарларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытты.…

  • Қазақстанда Кертағының (Пржевальский жылқысының) екінші құлыны дүниеге келді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда Кертағының (Пржевальский жылқысының) екінші құлыны дүниеге келді. Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады. Бұл — Кертағыны (Пржевальский жылқысын) тарихи мекеніне қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанда туған екінші төл. Алғашқы құлын 2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Әліби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында дүниеге келген болатын. Қазір Умбра мен құлын…

  • Қарағанды облысында еліміздегі ең ірі вольфрам жобасын іске асыру басталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қарағанды облысында ауқымды «Солтүстік Қатпар» вольфрам жобасын практикалық тұрғыдан іске асыру ресми түрде басталды. Жоба Қазақстанда шикізатты өндіруден бастап, оны терең өңдеп, жоғары технологиялық өнім шығаруға дейінгі жаңа өндірістік тізбекті қалыптастыруға негіз болады. Кен орнында дайындық жұмыстары екінші ай қатарынан жүріп жатыр. Қазіргі таңда өндірістік алаңдар жасақталып, кірме жолдар мен далалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.…

  • Денисов ауданының әкімдігінде әлеуметтік қорғау және әйелдерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Денисов ауданында аудан әкімінің орынбасары Айгүл Биктімісованың төрағалығымен Әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінің басты тақырыбы аудандағы әйелдерді әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау болды. “Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі“ ММ басшысы Л. А.Дранчуковская, сондай-ақ Денисов және Тельман ауылдық округтерінің…

  • «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда Отырар ауданында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі бастама аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен жүзеге асырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы, Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, сондай-ақ «Түркістан мақта» ЖШС өкілі және «Лихуа» компаниясының…

  • VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШЕШІМ 31 тамыз 2026 жыл                    № 46                             Жаңаөзен қаласы                            VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық  мәслихатының қырық бесінші сессиясын шақыру туралы VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2026 жылдың 2 қыркүйек күні шақырылсын. VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы…

  • ЖАУАПТЫЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету және су шаруашылығы нысандарының жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұған дейін жергілікті шаруалар аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлына ағын су тапшылығына қатысты өзекті мәселелерін айтып, каналдарды жөндеу және бетондау жөнінде ұсыныстарын жеткізген болатын. Шаруалардың өтініштері қолдау тауып, нәтижесінде бірқатар су шаруашылығы нысандарын…

  • ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Қазығұрттықтар Эквадор мемлекетінің Гуаякиль қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге ие болған Ерік Үсеновты туған жерінде салтанатты түрде қарсы алды. Жас спортшыны қарсы алу рәсіміне ауданның зиялы қауым өкілдері, спорт саласының мамандары, жаттықтырушылар, ауыл тұрғындары мен жас спортшылар қатысты. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай сөз…

  • ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «CREATIVE AIMAQ» ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      29–30 тамыз күндері Астана қаласында Түркістан облысының «Creative aimaq» іс-шарасы өтуде. Ауқымды іс-шара Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін және креативті индустрия саласындағы әлеуетін кеңінен танытуға бағытталған. Еліміздің астанасында ұйымдастырылатын жәрмеңке ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, креативті кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнімдерді насихаттау және Түркістан өңірінің шығармашылық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өткізіледі. Іс-шара барысында Түркістан облысының…

  • Алдағы үш жылдықта жүзеге асырылатын маңызды жобалар талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, 2027-2029 жылдары аудандарда жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар талқыланды.Аймақ басшысы жобалардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімділігіне, өзектілігіне ерекше мән беруді атап өтті.«Бюджет кодексіне сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңде республикалық бюджет есебінен маңызды нысандар салу, стратегиялық мәні бар жобаларды қаржыландыру көзделген. Жергілікті бюджеттен де өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруымыз қажет.Бұған…

  • Бірнеше жыл бұрын басталған Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы бүгінде жаңа кезеңге өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Алтын Дала» резерватына жеткізілген жылқылар дала жағдайына бейімделіп келеді. Ал биыл олардың Қазақстанда алғашқы төлі дүниеге келді. Бұл — жануарлардың жаңа ортаға жерсінуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Бағдарламаның мақсаты тек жылқыларды әкелумен шектелмейді. Негізгі міндет — тарихи мекенінде еркін тіршілік ететін және табиғи жолмен көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру. Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару қалай жүріп жатыр, қанша…

  • В Акмолинской области обсудили развитие современных лесных питомников

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 27 тамызда «Қазақстан Орманы» ЖШС орман питомнигінің аумағында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың және Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Мемлекеттік органдар мен орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері питомниктік базаны дамыту, отырғызу материалдарының сапасы, сондай-ақ ормандарды қалпына келтіру және көгалдандыру жұмыстарына жеке сектордың қатысу мәселелерін талқылады.  Қатысушыларға питомниктің өндірістік…

  • ⚜️Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – жіті трансмиссивті табиғи-ошақты жұқпалы ауру.  Инфекцияның негізгі көзі – вирусты сақтаушы және тасымалдаушы иксодты кенелер. Вирустың уақытша резервуары жануарлар (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотоптарда – қояндар, кірпілер, құстар. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қодырғышы трансмиссивті (кене шағуы арқылы), байланыс және ауа-тамшылы жолдармен беріледі. Адам  зақымдалған кененің шағуы арқылы, малды қырыққанда және…

Exit mobile version