Санат: Қазақстан
-
ШҚО құтқарушылары төтенше жағдайға тап болған демалушыға көмек көрсетті
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шалқар көлінде 2003 жылы туған қыз сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Кенеттен жел күшейіп, жағалаудан алыстаған ол өздігінен кері қайтып келе алмаған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар демалушыға қауіпсіз түрде жағаға шығуға көмектесті. ТЖМ ескертеді: сақ болыңыздар, құтқарушылардың ұсынымдарын орындаңыздар және демалысты жоспарлау кезінде ауа райы…
-
Құтқарушылар Бұқтырма су қоймасында екі демалушыға көмек көрсетті
Бұқтырма су қоймасының Алтай ауданында екі адамы бар қайық Қаз аралы маңында қайраңға отырып қалды. Ер адамдар жағаға өз бетінше орала алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. ТЖД қызметкерлері қайықты қайраңнан алып, екі демалушымен бірге жағаға жеткізді. Демалушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ еске салады: су айдындарына шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, су түбінің…
-
Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Үржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Қазір әуежай сағатына 30 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 140 жолаушыға дейін ұлғаяды. Жаңғыртылған терминал өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып,…
-
Құрметті ардагер кеншілер мен кеншілер!
Сіздерді шын жүректен Кеншілер күнімен және туған қаламыз Шахтинск қаласының 65 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Осынау мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке тілеймін! Кеншілер еңбегінің ардагерлеріне — ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығын, ал жас ұрпаққа — өз күшіне деген сенім, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілеймін. Әр шаңырата…
-
МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды сенбілік өтті. Ағымдағы жылдың 29 тамызында аудан аумағында «Таза Жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары, еріктілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты. Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 1300-ге жуық адам жұмылдырылды. Сенбілікке…
-
VII «Алтын домбыра» халықаралық күй байқауы туралы
2026 жылғы 29-30 қазанда Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы VII «Алтын домбыра» халықаралық жеке домбырашылар және үш ішекті халық аспаптарында орындаушылар арасында күй байқауы өтеді. Байқау қазақтың ұлттық домбыра өнері мен күй мәдениетін насихаттау, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайту мақсатында ұйымдастырылуда. Осы байқаудың ережесінде қамтылған талаптарға сәйкес барлық үміткерлер, оның…
-
Қазақстандағы алғашқы әкімшілік рақымшылық туралы
АҚПАРАТТЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ Жалпы ақпарат 2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Ұсынылып отырған заң жобасы Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды әкімшілік рақымшылықты енгізеді және 2026 жылы жаңа Конституцияның қабылдануымен, сондай-ақ елдегі саяси және…
-
🔹 «ЖАЛҒАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ: БЕЛГІЛЕРІ МЕН САЛДАРЫ» бойынша бейнетүсіндірме жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы Кемалов Бауржан Билалович «Жалған жұмысқа орналастыру: белгілері мен салдары» тақырыбында бейнетүсіндірме жариялады. 📌Instagram: https://www.instagram.com/p/DcqBH83qOcs/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1282402?lang=ru
-
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күн 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан бекітілді. Тиісті қарармен 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1282403?lang=ru
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған үндеуін жариялады
Құрметті отандастар! Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатыр. Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл…
-
30 тамыз – Қала күні. Өскеменге – 306 жыл!
Өскеменде Қала күніне орай 25-30 тамыз аралығында концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, отбасылық және балаларға арналған бағдарламалар, жәрмеңкелер және басқа да мерекелік іс-шаралар өтуде. Мерекелік шаралар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының барлығын қамтыды. Атап айтқанда, Республика алаңы, Арбат, амфитеатр, Достық үйі, саябақтар мен өзге де алаңдар. Есте қаларлық іс-шаралардың қатарында арт-фестиваль, «Dance Battle», «White Party Oskemen»,…
-
Облыс орталығында «Ашық аспан астындағы оперетта» кеші өтті
Өскеменде қала күніне арналған мәдени шаралар легі классикалық музыка кешімен жалғасты. Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының шығармашылық ұжымы шаһар тұрғындары мен қонақтарына «Ашық аспан астындағы оперетта» атты ерекше музыкалық кеш сыйлады. Әсем әндер әуелеген кешті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та тамашалады. Жазғы кештің ашық аспан астындағы ерекше атмосферасында классикалық шығармалар, көпшілікке…
-
БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні атап өтілді
Нью-Йорк, 2026 жылғы 29 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған бірқатар іс-шара өтті. 2026 жылы Халықаралық күн үш айтулы мерейтой аясында өтуде: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) қол қоюға ашылғанына 30 жыл…
-
Қазақстандағы Шахтер күні: адамдар, технологиялар және нәтижелер
Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Қазақстанда құрметті де күрделі мамандық иелері – шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде шахтерлерді жан-жақты қолдауға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және мамандықтың беделін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қолдау Еліміздің тау-кен өндіру саласында 145 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұлар – жер…
-
Маңғыстауда республикалық «SHUBAT FEST-2026» шұбат байқауының жеңімпазы анықталды
Бүгін, 29 тамызда Ақтау қаласындағы Амфитеатр алаңында республикалық «SHUBAT FEST-2026» шұбат фестивалі өтті. Ауқымды шараға 15 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы жиналып, байқауға Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының өкілдері қатысты. Фестивальге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – шұбатты ұлттық өнім ретінде кеңінен насихаттау, оны дайындау дәстүрін сақтау, түйе…
