Санат: Қазақстан
-
2026 жылғы 27 тамызда Департамент басшысының орынбасары А. Муканова Орал қалалық № 2 емханасының дәрігерлеріне «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары және мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі, негізсіз жолдамалардың себептері, проактивті сырттай куәландырудың сапасын арттыру, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдарына, жеке көмекші қызметіне және санаторийлік-курорттық емделуге қатысты медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Дилдаш Салауатовна…
-
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31…
-
28 тамыз күні автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары! Қала күні аясында 80–90-жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кештің өткізілуіне байланысты 28 тамыз күні автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін ДКМ аумағында, атап айтқанда, «Элегант» дүкені бойымен Н. Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ ДКМ бойындағы жолда автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қала…
-
Әлеуметтік фронт-офистегі Ашық есік күні
2026 жылғы 27 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық Департаментінің Әлеуметтік фронт-офисі базасында Ашық есік күні өтті.Бұл шара облыс қалалары мен аудандарының тұрғындары үшін Департамент мамандарына жеке жолығып, халықты әлеуметтік қорғауға қатысты сауалдарына жауап алуға мүмкіндік берді.Күн бойы азаматтар зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін…
-
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Есірткі қылмысы денсаулыққа, қауіпсіздікке және қоғамның болашағына үлкен қауіп төндіреді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру-мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ақпараттандыру, заңсыз әрекеттерге араласпау және күдікті фактілер туралы Құқық қорғау органдарына хабарлау маңызды. Заң және тәртіп – біздің ортақ қорғанысымыз! #Заң Тәртібі # Есірткіге Қарсы Қылмыстар #Есірткісіз # Таңдаңызөмір Ақпарат көзі…
-
Damumed: емханалардағы онлайн-кезек
Damumed мобильді қосымшасында алдын ала жазылмай-ақ, емханадағы қажетті кабинетке электронды түрде кезекке тұруға мүмкіндік беретін «Онлайн-кезек» сервисі іске қосылды. Бұл функция емханаларда күту уақытын барынша азайтып, медициналық ұйымдарға баруды пациенттер үшін қолайлы етуге бағытталған. Электронды талонды алу өте оңай: оны Damumed мобильді қосымшасы арқылы, кабинет жанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы, тіркеу бөлімінен немесе байланыс орталығы арқылы…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде 31 тамыз 2026ж. сағат 09:00-12:00 аралығында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен …
-
Қала әкімі Хасар Хабылбеков жағажай футболынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Арман» командасын құттықтады
Биылғы маусымда «Арман» еліміздегі үздік клуб екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, 17-ші рет чемпиондық титулды жеңіп алды. Ал «Арман-1» командасы чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Жігіттер – біздің мақтанышымыз! Бұл – команда ойыншыларының, жаттықтырушылар мен клуб басшылығының үлкен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да спортшыларымызға қолдау көрсетіп, жаңа жеңістерге жетуіне барлық жағдай жасайтын боламыз. «Арманға» жарқын ойындар…
-
2026 жылғы 2 қыркүйек сағат 11-00-де болатын Ақтоғай аудандық мәслихаттың 57 сессиясына Хабарлама
ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 2 қыркүйек Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVIІ (57) сессиясы шақырылады. Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі: Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне…
-
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы З. Илимжанованың «Техникалық оңалту құралдары: тауар сапасыз болып шыққан жағдайда не істеу керек? ТСР алушының әрекет ету тәртібі және өз құқықтарын қорғау» тақырыбындағы түсіндірмесі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы З. Илимжанованың «Техникалық оңалту құралдары: тауар сапасыз болып шыққан жағдайда не істеу керек? ТСР алушының әрекет ету тәртібі және өз құқықтарын қорғау» тақырыбындағы түсіндірмесі. ▶️ Толығырақ бейнематериалды келесі сілтемеден көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/DciTZf1M7dQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1281593?lang=ru
-
Ақтөбеге Даниядан 148 бас ірі қара жеткізілді
Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың ветеринариялық бақылау бекетіне Дания Корольдігінен қызыл дат тұқымды 148 бас ірі қара жеткізілді. Қазақстанға жіберілгенге дейін жануарлар еліміздің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес 21 күндік карантиндік бақылаудан өтті. Қазіргі уақытта мамандар ілеспе ветеринариялық құжаттарды тексеруде. Келесі кезеңде жануарларға физикалық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте жануарлардың денсаулық жағдайы, бірдейлендіру нөмірлері және ұсынылған…
-
Тұрғындардың өтініші депутаттың назарында
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласы мәслихатының №2 сайлау округі бойынша депутаты Асқар Абдуллин мәслихат аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өтініші бойынша 66-шы кварталға барды.Тұрғындардың негізгі көтерген мәселесі – көктемгі қар еріген кезде пайда болатын еріген қар суларының көппәтерлі тұрғын үйдің іргетасына қарай өтіп, оның жағдайына қауіп төндіруі.Сонымен қатар, кездесу барысында жолаушылар көлігі…
-
Жаңа оқу жылы: ІІМ барша ата-ана мен ұстаздарға үндеу жолдады
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдайды. Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Сондықтан ІІМ жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады. Жаңа оқу жылына барлық мектептің маңындағы жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Балаларды тасымалдайтын автобустар да толық…
-
Медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау әдіснамасы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Юн Екатерина Борисовна: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі»
Медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау әдіснамасы бөлімінің міндетін атқарушы Юн Екатерина Борисовна: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі» ▶️ Толығырақ бейнематериалды келесі сілтемеден көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/Dciiy3uEXHJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1281597?lang=ru
-
Осакаров ауданындағы балабақшада метеостанция ашылды
Осакаров ауданындағы «Нұрай» балабақшасында кішкентай зерттеушілерге арналған ерекше кеңістік – балалар метеостанциясы ашылды. Енді мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер табиғат құбылыстары туралы кітаптар мен сабақтардан ғана біліп қоймай, оларды өз көздерімен бақылап, шағын зерттеулер жүргізе алады. Жаңа алаң облыстық «Жасыл балабақша» жобасы аясында жасақталды. Мұнда желбағар, компас, термометр, күн сағаты, құстарға арналған жемсалғыш және басқа да…
