Санат: Қазақстан
-
Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді
Құрылтай сайлауы – кемел келешегіміздің дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды кезең. Осы күні киелі ауданымыз қоғамдық-саяси науқанның қорытындысы бойынша облыс көлемінде жоғары нәтижелердің бірін көрсетіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін танытты. Осыған орай бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбектің қатысуымен Төретам кентінде Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсене…
-
ҚазжолҒЗИ мен China TransInfo технологиялар трансфері және мамандарды қайта даярлау жөнінде уағдаласты
«ҚазжолҒЗИ» АҚ мен қытайлық China TransInfo Technology Co., Ltd компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстанның жол саласына арналған заманауи шешімдерді бірлесіп дамытуға уағдаласты. Ынтымақтастық технологиялар трансферін, жабдықтарды жергіліктендіруді және отандық мамандарды қайта даярлауды қамтиды. Келісім ҚазжолҒЗИ делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында жасалды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі «ҚазжолҒЗИ» базасында бірлескен құзыреттер орталығын құру мүмкіндігін…
-
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ
2021 жылғы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы қайғылы оқиға мәңгілік тарих беттерінде қалды. Жойқын жарылыс кезінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Көпбосынұлы Айманов қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты. Мейіржан Айманов азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін ел қауіпсіздігіне арнаған тұлға.…
-
Төретамдағы теміржол вокзалы жаңарудың жаңа кезеңінде
Төретам кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Төретам кентіне барып, күрделі жөндеуден өткізіліп отырған теміржол вокзалының және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. 1965 жылы салынған теміржол вокзалы ғимаратының жалпы көлемі 597,6 шаршы метрді, жолаушы қабылдау мүмкіндігі 250 адамды құрайды. Бүгінде вокзал ғимаратының ішкі бөлігіндегі…
-
Атырауда ІІО ардагері Дүйсенбай Нысанғалиұлының есіміне көше атауы берілді
Атырау қаласында Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, ардақты азамат Дүйсенбай Нысанғалиұлының есімі Самал шағын ауданындағы көшеге беріліп, салтанатты түрде ашылды. Бұл – елге қызмет еткен ардақты азаматтың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, оның өнегелі өмір жолын насихаттауға бағытталған игі бастама. Салтанатты шараға Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ешманов…
-
«Жемқорлыққа қарсы бірге» атты ақпараттық сағат
2026 жылғы 25 тамызда Чистополье Мәдениет үйінде Мәдениет үйінің қызметкерлері мен әкімдік қызметкерлерінің басын қосқан «Жемқорлыққа қарсы бірге» атты ақпараттық сағат өтті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық туралы жай ғана айтып қоймай, өмірлік жағдайларды бірге талдап, олардан шығудың дұрыс әрі заңды жолдарын табуды үйренді, сондай-ақ ойланбай қабылданған шешімдердің салдары мен әрбір адамның жеке жауапкершілігін талқылады. Әсіресе, қатысушыларға…
-
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 25 тамызда Рузаев ауылдық округі әкімі аппаратының маманы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылып, мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, соның ішінде: 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу; тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару және тіркеу. Түсіндіру жұмыстары барысында халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы…
-
Құрылтай сайлауы: ортақ жауапкершілік пен ауызбіршілік тоғысқан маңызды кезең
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлауда ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан бірқатар азаматтарды қабылдады. «23 тамызда елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде өтті. Бұл – еліміздің жаңа саяси дәуірге қадам басуының, қоғамдағы демократиялық өзгерістердің жаңа кезеңін айқындаған тарихи сәт. Маңызды саяси науқанның…
-
Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1280368?lang=ru
-
Мақала
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1280369?lang=ru
-
Жалған iPhone ұтысы: Ақмолада киберполиция алаяқтық фактісін тергеп жатыр
Ақмола облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері азаматтарға жалған ұтыс ұйымдастырып, iPhone смартфонын алу сылтауымен алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Олар — Ақмола облысы Бурабай ауданының және Алматы облысының тұрғындары. Сонымен қатар киберполицейлер алданған азаматтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. …
-
Таиландтан келген марихуана: Ақмола есірткімен күрес полицейлері есірткі контрабандасының жолын кесті
Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таиландтан келген есірткі контрабандасының жолын кесті.Есірткіні аймаққа жіберу мүмкіндігі туралы жедел ақпарат полицияға түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жеткізу арнасын анықтап, сәлемдемені алуды бақылауды ұйымдастырды.Есірткіні “Қазпошта” АҚ бөлімшесі арқылы беру жоспарланған болатын. Ақмола облысының 36 жастағы тұрғыны жөнелтілім алушы болып шықты. Әйелді полицейлер пакетті алған кезде…
-
РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Бүгін Еңбекші ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері аудан әкімдігі мен Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің мамандары бірлесіп, Жұлдыз елді мекенінің сыртындағы рұқсатсыз қоқыс үйіндісін жою үшін арнайы аумаққа барды. Қоқыс орнын тек қол күшімен тазалау мүмкін болмағандықтан, жұмысқа онға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, экскаватор-тиегіштер, «Hovo» маркалы ауыр жүк көліктері және шаңды басуға арналған…
-
Тауда жоғалған Бурабай жасөспірімін полиция, құтқарушылар мен еріктілер тапты. Қыз шамамен бес сағат іздеуде болды
Ақмола облысында полицейлер шұғыл қызмет қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп “Бурабай” ұлттық паркінің орманды жерінде жоғалған жасөспірімді іздеп тапты.Қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама 25 тамызда түстен кейін полицияға түсті. Туыстары жасөспірімнің Синюха тауында жоғалып кеткенін хабарлады. Жер бедерінің күрделі рельефі мен қараңғылықтың жақындағанын ескере отырып, полиция қызметкерлері дереу іздеуге кірісті. Іздеуге ТЖД қызметкерлері, “Бурабай” МҰТП қызметкерлері…
-
Қазақстанда алғаш рет спорттық делегацияларды жасақтаудың бірыңғай тәртібі енгізілді
Елімізде алғаш рет Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және басқа да ірі халықаралық жарыстарға баратын ресми спорттық делегациялардың құрамын жасақтаудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Туризм және спорт министрлігі бекіткен жаңа талаптар ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға қатысуын тиімді ұйымдастыруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және делегация құрамын оңтайландыруға бағытталған. Бұған дейін спортшылармен бірге жарыстарға баратын жаттықтырушылар, мамандар мен өзге де…
