Санат: Қазақстан
-
ЖИ жылыту маусымына көмір жеткізуді бақылайды
Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Көмір жеткізілімдерін үйлестіру үшін Республикалық штаб жұмыс істейді, ал отын қозғалысын бақылау жасанды интеллект элементтері мен предиктивті талдау құралдары енгізілген Бірыңғай цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Жалпы алғанда, алдағы жылыту…
-
2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсу мен бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың бекітілген көрсеткіштеріне қол жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. «Экономикалық өсім бойынша бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізу және бюджет қаражатын…
-
Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Барлық өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде 10 913 білім беру нысанының 10 693-і, яғни 98%-ы дайын. 8 өңірде дайындық жұмыстары 100% аяқталғаны байқалды. Жоспардан Алматы және Ақтөбе…
-
Ұлытау облысында есірткі тасымалының жолы кесілді: 38 келі марихуана тәркіленді
Ұлытау облысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жеткізудің өңіраралық арнасының жолы кесілді. Бұл жұмыс “Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен өңір тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар…
-
DosStar-2026: Оперетта мен мюзикл сүйер қауымды биыл қандай бағдарлама күтеді
Қарағандыда жыл сайын күзде Оперетта және мюзиклдің ашық халықаралық DosStar фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Биыл өнер мерекесі 17–20 қыркүйек аралығында өтіп, өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде фестиваль өңірдің мәдени брендіне айналып, әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен өнер майталмандарын Қарағанды сахнасына тоғыстырып келеді. Биылғы фестиваль бағдарламасына Қазақстан мен Ресей театрларының музыкалық қойылымдары…
-
Баспасөз хабарламасы
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы қаулы жобасы әзірленді Ақмола облысының мәдениет басқармасы «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі. Жобаны қабылдау қажеттілігі мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысы тұрғындары үшін мәдени қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты. Жобада…
-
Алматыда City Makers: Jastar Qalasy қалалық қауымдастықтар фестивалі өтеді
Алматыдағы Оңтүстік саябақта жастарды, қоғамдық ұйымдарды, қалалық қауымдастықты және мегаполистің белсенді тұрғындарын біріктіретін City Makers: Jastar Qalasy қалалық фестиваль-экспосы өтеді. Фестивальдің басты идеясы — заманауи қаланың дамуы тек инфрақұрылымға ғана емес, тұрғындардың бастамаларына да байланысты екенін көрсету. City Makers алматылықтар қаланың қолданыстағы жобаларымен танысып, пікірлес адамдарды тауып, жаңа білім алып, өзін қызықтырған бастамаларға қосыла алатын…
-
Үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді
Үстел теннисінен 1-6 қыркүйек аралығында Алматы қаласында жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын WTT Contender Almaty 2026 халықаралық турнирі бесінші мәрте ұйымдастырылады. Биылғы бәсекеде Германия, Үндістан, Испания, Италия, Йемен, Қытайлық Тайбэй, Люксембург, Мексика, Нидерланд, Пуэрто-Рико, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Франция, Швеция, Эквадор, Корея Республикасы, Жапония және Қазақстан ұлттық құрамасынан 100-ден астам спортшы жүлдеге таласады.…
-
Қазақстанда 74 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде теміржол вокзалы инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бағдарлама 124 теміржол вокзалын қамтиды және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен қолайлылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ нысандарды заманауи стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған. Бүгінде қайта жаңғырту жұмыстары 74 вокзалда аяқталды. Жөндеу жұмыстары вокзал инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуды көздейді: ғимараттар мен инженерлік желілерді жаңарту,…
-
Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әлидің халықпен кездесуі өтеді
2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли Алматы қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында қала тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2026 жылғы 27 тамыз, сағат 09:00, Алматы қ., Достық даңғылы, 124). Өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-13-33, 8 (747) 622-46-62 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады. Ақпарат…
-
2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025…
-
Өскемендіктер қала күнін кең көлемде атап өтеді
Биыл Өскемен қаласының күні ауқымды түрде аталып өтеді. 25-30 тамыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 50-ден астам мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді. Оның айтуынша, мерекелік бағдарлама қаланың негізгі қоғамдық кеңістіктерін қамтиды. Атап айтқанда, Арбатта, Республика алаңында, амфитеатрда, Достық үйі…
-
Қарғалы ауданында жол инфрақұрылымы жаңаруда: жаңа тұрғын үй аумақтарына асфальт төселіп жатыр
Қарғалы ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Биыл аудан бойынша жалпы 15 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделіп, елді мекендердегі негізгі көшелермен қатар, жаңа тұрғын үй аумақтарының жол сапасына да басымдық беріліп жатыр. Биыл Бадамша ауылында Жеңіс, Ғ.Мүсірепов, Ж.Аймауытов және Б.Майлин көшелері, Шәмші Қалдаяқов ауылында Әбілқайыр хан көшесі және Степной ауылының кіреберісіне асфальт төселді.…
-
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеу қызметкерлерді ерекше әлеуметтік қорғауды талап етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында зиянды өндірістік факторлардың әсеріне байланысты жағдайларда ұзақ уақыт еңбек қызметін жүзеге асырған азаматтарға қосымша қолдау шаралары көзделген. Осындай қолдау шараларының бірі – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін немесе бұрын осындай жұмыстарда еңбек еткен азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем. Арнаулы әлеуметтік төлемді…
-
Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Берік Уәли өңірдің 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады. Облыста орталықтандырылған жылумен 3 қала мен 5 аудан қамтылған. Биыл жылыту маусымына дайындық аясында 14,5 млрд теңгеге 32 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 15,8 млрд теңгеге…
