Санат: Қазақстан
-
Прагада Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайтару жобасының кезекті кезеңінің аяқталуы атап өтілді
Прага, 2026 жылғы 2 қыркүйек – Прагада Қазақстанға Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру жөніндегі халықаралық жобаның кезекті кезеңінің аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны аша отырып, Прага хайуанаттар бағының директоры Ленка Полякова 2026 жылғы жұмыстың қорытындыларын шығарып, жануарлардың кезекті тобын табиғи мекендеу ортасына қайтару алдындағы бейімделу кезеңінен өтіп жатқан «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына сәтті жеткізу…
-
Алматыда 5 жастағы бала жұтып қойған үш магнит сирек кездесетін асқынуға әкелді
Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балаға сирек әрі қауіпті асқыну салдарынан сәтті ота жасалды. Магниттер ұзақ уақыт бойы асқазан-ішек жолында болған. Күшті магниттік тартылыс әсерінен асқазанда орналасқан бір магнит пен аш ішектегі екі магнит бір-біріне мүшелердің қабырғалары арқылы тартылған. Операция барысында хирургтар өте сирек кездесетін асқынуды анықтады…
-
Бір айда екі үшем: Алматы Перинаталдық орталығындағы сирек оқиға
Алматы қалалық Перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. 14 тамызда 27 жастағы Алматы тұрғыны Мөлдір Советханова екі ұл мен бір қыз босанды. Бұл әйелдің табиғи жолмен болған екінші жүктілігі. Сәбилер жүктіліктің 32-аптасында кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Нәрестелерге Айхан, Айбын және Айза…
-
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 2 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманы 2026 жылғы 3 шілдедегі №345 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы бойынша түсіндірме берді. Ақпарат көзі…
-
Астана полициясы мен коммуналдық қызметтер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында күш біріктірді
Елордадағы Нұра ауданында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және тұрғын үй секторындағы қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне арналған полиция, коммуналдық қызметтер және мүлік иелері бірлестіктері өкілдерінің кездесуі өтті.Кездесу барысында бейнебақылау жүйесін күшейтуге, көппәтерлі тұрғын үйлер мен аула аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етуі мүмкін факторларды анықтау және жою бойынша бірлескен…
-
ҚАЗАҚСТАНДА 32 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАН МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
ҚАЗАҚСТАНДА 32 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАН МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. 2026 жылдың соңына дейін елімізде әлеуметтік инфрақұрылымның 34 573 нысанын бейімдеу жоспарланған. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша оның 32 802-сі бейімделді. Мұндай нысандардың қатарында…
-
Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің ғимаратында Көкшетау қаласы прокуратурасының аға прокуроры Уәлиева А.Н-мен кездесу өтті. Іс-шара барысында Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті нормалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 8 маусымдағы № 81, 9 маусымдағы № 84 және 12 маусымдағы № 88 нормативтік қаулыларының ережелері түсіндірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1285882?lang=ru
-
Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің қызметкерлері терроризмнің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің қызметкерлері терроризмнің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында терроризм қаупінің алдын алу, күдікті жағдайлар орын алған кездегі қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1285883?lang=ru
-
«AQTOGAI MILK» ЖШС-ДЕГІ ТОПТЫҚ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ЖҮРГІЗІЛГЕН АРНАЙЫ ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ
«AQTOGAI MILK» ЖШС-ДЕГІ ТОПТЫҚ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ЖҮРГІЗІЛГЕН АРНАЙЫ ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ Павлодар облысындағы «Aqtogai Milk» ЖШС-де алты жұмысшының қаза болуына әкеп соққан топтық жазатайым оқиғаға жүргізілген арнайы тексеру аяқталды. Тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкіртсутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен. Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкіртсутегінің…
-
Құқықтық сауат – қауіпсіздіктің қалқаны: елорда мектебінде профилактикалық жобалар таныстырылды
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері “Заң мен тәртіп” жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласындағы №97 мектеп-гимназиясына барды. Кездесудің негізгі мақсаты – өзара іс-қимылды жолға қою және жастардың құқықтық тәрбиесіне бағытталған мектептің бірегей білім беру жобаларымен танысу. Мектеп әкімшілігі қонақтарға білім беру ұйымына экскурсия ұйымдастырып, оқушылардың…
-
Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды. Ұлттық музейде Лаос Президентіне Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, бірегей археологиялық жәдігерлер мен ежелгі зергерлік бұйымдар таныстырылды. Экспозициялар түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін қамтиды. Музейдің құнды жәдігерлері қатарында Есік қорғанынан табылған Алтын адам, сондай-ақ…
-
АЛМАТЫ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕДЕ САЛМАҒЫ ЕКІ КЕЛІ БОЛАТЫН ІСІКТІ АЛЫП ТАСТАДЫ
Нәрестені Алау деп атады. Ол өмірге келген алғашқы сәттен бастап өмір үшін күресті. Тамыздың 18-інде салмағы төрт келіден асатын қыз бала сегізкөз-құйымшақ тұсындағы үлкен түзіліспен дүниеге келді. Туа біткен мұндай түзіліс нәресте туған кезде қатерлі ісік болып саналмаса да, өмірінің алғашқы алты айында қатерлі ісікке айналуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай түзілісі бар нәрестеге отаны созбалаңға…
-
СҚО-ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ КҮНДЕЛІК СЫНАҚТАН ӨТЕДІ
СҚО-ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ КҮНДЕЛІК СЫНАҚТАН ӨТЕДІ Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жоба барысында әр саланың мамандары тартылып, FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы…
-
1990-жылдар: тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа кезең
Маңызды кезеңдердің бірі — 1994 жылы Қазақстан Республикасының «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы» Заңының қабылдануы болды. Аталған заң егемен Қазақстан халқын санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындады.Осы кезеңде санитариялық-химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық және паразитологиялық зертханалардың, сондай-ақ физика-химиялық зерттеу әдістері мен радиациялық гигиена зертханаларының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастамасымен 1996 жылға қарай 12…
-
Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша Бурабай ауданына жұмыс сапары
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Сапар барысында арнайы жұмыс орындарын құру, еңбек жағдайларын бейімдеу және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында жұмыс берушілерге…
