Санат: Әлем
-
Алматы қаласының ТЖД жазғы демалыс кезеңінде балалармен профилактикалық жұмысты жалғастыруда
50-ден астам балалар орталығының тәрбиеленушілері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, онда қызметкерлер жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар туралы айтып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен таныстырды. Іс-шара ТЖД қызметкерлерінің балалары мен балалар орталығының тәрбиеленушілерін біріктірген достық шахмат турнирімен аяқталды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ақпарат көзі :…
-
Лисаков қаласының әкімі А.Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі.
2026 жылғы 26 маусымда қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимаратында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі өтті. Тікелей эфир қала әкімдігінің Instagram-дағы (@lisakov_akimdigi) ресми парақшасында көрсетілді. Әкім ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін атап өтті. Кездесу барысында 5 сұрақ қойылды, оның 2 түсіндірілді, 3 сұрақ бақылауға алынды. Ақпарат көзі…
-
2026 жылғы 26-27 маусымда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.
«Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренингі 2026 жылғы 26-27 маусымда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – тілдерді оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын қарастыру, оқыту тәжірибесіндегі жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және тіл мәдениетін жетілдіру. Семинарға қазақ, орыс, ағылшын…
-
1 шілдеден бастап Қазақстанның үш өңірінде ОТҚ сервистік қызмет көрсету және қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) өтеусіз пайдалану және қайтарудың жаңа моделін енгізуге бағытталған пилоттық жобаны іске асыру мерзімі бекітілді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында ОТҚ пайдаланудың бүкіл кезеңінде азаматтарды үздіксіз қолдауды көздейтін жаңа жүйе тәжірибелік режимде іске…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс тұрғындарын кезекті жеке қабылдауында қабылдап, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар инфрақұрылым, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларына қатысты бірқатар өтініштерін жеткізіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Қабылдау барысында Түркістан қаласының тұрғыны облыс орталығына кіреберісте салынуы жоспарланған көпірдің жобасын таныстырды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар тарапынан облыстық қуыршақ…
-
Алғада бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді
Өңір басшысы Асхат Шахаров жуырда пайдалануға берілетін заманауи спорт кешенін аралап көрді. Бұл нысан аудан тұрғындары үшін жақын күндері есігін айқара ашып, бұқаралық спорттың дамуына тың серпін бермек. Алға қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені аудандағы соңғы жылдардағы ең ірі әлеуметтік жобалардың бірі саналады. Жалпы аумағы 2 757 шаршы метрді құрайтын кешен облыстық бюджет қаражаты есебінен…
-
Қызылорда облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері үшін құқықтық оқыту өткізілді.
Қызылорда облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Махановамен 2026 жылғы 23 маусымда қатысуымен бөлім мамандарына құқықтық оқыту сабағы өткізілді. Оқыту барысында қатысушыларға қолданыстағы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сондай-ақ «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ААЖ) жаңадан енгізілген функционалдармен таныстырылды. Сонымен қатар, күнделікті жұмыс…
-
ШҚО-да лагерь тәрбиеленушілеріне профилактикалық шара өткізілді
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында “Дарын” лагерінде спортты, танымдық әңгімелерді және пайдалы ақпаратты ұштастырған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілермен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Эльмира Нұрсейітова кездесті. Кездесу барысында жастарға салауатты өмір салтының маңыздылығы, дұрыс шешім қабылдаудың жауапкершілігі және спорттың мақсатқа…
-
Бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлердің еңбек кепілдіктері мәселелері бойынша Абай облысының мемлекеттік еңбек инспекторының бейнетүсіндірмесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1248871?lang=ru
-
Көкөністер мен жемістердегі нитраттар: қауіпсіз өнімді қалай таңдап, уланудың алдын алуға болады
Жаз мезгілінде көкөністер, жемістер, жидектер мен бақша дақылдары күнделікті тағам рационының негізгі бөлігін құрайды. Алайда азотты тыңайтқыштарды шамадан тыс қолдану салдарынан бұл өнімдерде нитраттардың мөлшері артуы мүмкін. Нитраттар – ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру мақсатында қолданылатын азот қосылыстары. Аз мөлшерде олар адам ағзасына қауіп төндірмейді. Бірақ шамадан тыс мөлшерде түскен жағдайда улануға әкелуі мүмкін. Ағзада нитраттар…
-
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков…
-
Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды
Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды Қазақстанда жалған ақпарат тарату фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесі қалыптасып келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату) бойынша 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 20…
-
«Заң мен тәртіп»: Астанада AULAFIT қатысушыларына арналған профилактикалық іс-шара өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік спорттық AULAFIT жобасына қатысушы егде жастағы азаматтарға арналған профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Таңғы жаттығу алдында Алматы ауданы Полиция басқармасы мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері қатысушылармен кездесіп, қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың әрекет ету тәсілдері және олардан қорғану жолдары…
-
Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (ҮК) кеңейтілген отырысы өтіп, оған ҮК қазіргі және жаңадан сайланған мүшелері, сондай-ақ Омбудсменнің өңірлердегі өкілдері қатысты. Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев кеңестің жаңадан сайланған мүшелеріне жұмыстың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, оларды осы консультативтік-кеңесші орган мен Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық базаны зерделеуге шақырды.…
-
Жаз мезгіліндегі балмұздақ: қауіпсіз десертті қалай таңдау керек
Жаздың аптап ыстық күндерінде балмұздақ ең танымал тәтті тағамдардың бірі болып қала береді. Ол сергітіп, көңіл-күйді көтереді. Алайда сапасыз өнім тағамнан улануға және денсаулыққа байланысты басқа да мәселелерге себеп болуы мүмкін. Балмұздақ құрамында сүт өнімдері болады, ал сақтау талаптары бұзылған жағдайда олар бактериялардың көбеюіне қолайлы ортаға айналады. Әсіресе еріп кеткеннен кейін қайта мұздатылған немесе температуралық…
