Санат: Әлем
-
Астанада балалар жарысы өтеді
Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі Kids Run балалар жарысы өтеді. Жарыстың басталуы 1 маусым күні сағат 09:00-де Астана қаласының Орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа 6-15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 300, 500 және 1000 метр қашықтықтарда сынға…
-
Талдықорғанда «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» орталығының ресми ашылуы өтті
Талдықорған қаласында «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» әлеуметтік жобасының ресми таныстырылымы өтіп, көпфункционалды «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» орталығының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Жоба жастар, педагогтер, ата-аналар, волонтерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктіріп, есірткіге қарсы профилактиканы күшейтуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бастамаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар, жоғары…
-
Елордалық спортшылар Азия чемпионатында «алтын» мен «күміс» жеңіп алды
Батуттық гимнастикадан Азия чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар Астанаға оралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жеңімпаздарды Назарбаев халықаралық әуежайында жақындары, жанкүйерлер мен спорт саласының өкілдері ерекше ықыласпен қарсы алды. Гонконгта өткен құрлықтық додада астаналық спортшылар Қазақстан тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Себебі, Азия чемпионаты тарихында алғаш рет Астана спортшылары батуттағы жеке секіру бағдарламасында…
-
Азаматтарды қабылдау
26.05.2026 ж. Қала әкімінің орынбасары Сәкен Сүлейменовтың жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан Баянды Сахарияұлы қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар қаламыздағы ең өзекті мәселелердің бірі электрмен қамтамасыз ету, жол құрылысы, көше жарығы және қаланың инфрақұрылымына қатысты сауалдар қойып, оған заң аясында жауап берілді. Түйткілді сұрақтардың шешімін табу бөлім басшыларына тапсырылды. Қала…
-
Мемлекет басшысы БАӘ Президентіне құттықтау хатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды және Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Қазақстан Президенті өз хатында Ислам дінінің ізгілік, жасампаздық және үйлесімділік діні екенін, ал Құрбан айт – мұсылман үмбетін біріктіріп, бейбітшілікке, өзара құрметке, келісім мен түсіністікке шақыратын ұлық мереке екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ортақ құндылықтар мұсылман қауымының…
-
Сыртқы істер министрі БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министріне құттықтау хатын жолдады
Ермек Көшербаев шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. СІМ басшысы бұл ұлық мереке мейірімділік, ізгілік, тақуалық пен қайырымдылықты дәріптейтінін, сондай-ақ бүкіл әлемге нұр шашып, халықтар арасындағы бірлікті нығайтатынын атап өтті. Қазақ дипломаты Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы берік достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың алдағы уақытта да өзара құрмет…
-
Облыс әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер! Баршаңызды мұсылман жұрты үшін қадірі мен қасиеті айрықша Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мейрам – адамзатты мейірім мен ізгілікке үндейтін, бауырмалдық пен жанашырлықты дәріптейтін ерекше күн. Осындай берекелі сәттерде халқымыздың дархан көңілі, үлкенге құрметі, кішіге ізеті, мұқтажға қамқорлығы айқын көрініс табады. Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне адал еңбегімен үлес…
-
Құтқарушылар ЖКО кезінде көмекке келді
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолында цемент таситын жүк көлігі аударылды. Кабинада қысылып қалған 1987 жылы туған жүргізушіні оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері куәгерлермен бірлесіп шығарып алды. ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне…
-
Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экспорттық қатысуын кеңейтуде: қазақстандық делегация THAIFEX – Anuga Asia 2026 көрмесіне қатысуда
Бангкок, 2026 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасының Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы бастаған қазақстандық делегация Бангкок қаласында өтіп жатқан және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ең ірі азық-түлік және сауда алаңдарының бірі саналатын THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысуда. Қазақстандық делегация құрамына сондай-ақ Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, мемлекеттік органдардың, «QazTrade» сауда саясатын…
-
ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Құрметті шығысқазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – мейірім мен ізгілікті, татулық пен жанашырлықты дәріптейтін қастерлі мейрам. Бұл күндер адамдарды өзара қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға қамқор болуға, жақсылық жасауға үндейді. Әр шаңыраққа шаттық пен амандық тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызға бақ-береке орнасын! Құрбан айт мерекесі баршаңызға жақсылық әкелсін! Құрметпен, ШҚО…
-
Жаңаарқа ауданының тұрғыны үйін жөндеу кезінде сирек кездесетін тарихи қару тауып алды
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзі сатып алған ескі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде көне мылтық тауып алғанын мәлімдеді. Ең бастысы – азамат заң талаптарын қатаң сақтап, қауіпті олжаны бірден тәртіп сақшыларына табыстаған.Полиция қызметкерлерінің тексерісі барысында бұл жай ғана мылтық емес, әлемдік қару-жарақ тарихында ойып тұрып орын алатын, атақты конструктор Джон…
-
Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н.Касеновтың Құрбан-айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер! Сіздерді ұлттық мәдениетіміз бен рухани тарихымыздың ажырамас бөлшегі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – тек діни дәстүр ғана емес, бұл ең алдымен жоғары адамгершілік мұраттардың, игілік пен өзара көмектің салтанат құруы. Ол қоғамымыздағы мейірімділік, кеңпейілділік және төзімділік сияқты қасиеттерді ұлықтайды. Құрбан айт күндері көрсетілетін әлеуметтік…
-
Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады. Онда су құбырын орнату, газбен қамту, жер телімін рәсімдеу, автомобиль жолын салу, балабақшаны ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша сауалдар қойылды. Жауапты мамандар түйткілдердің мән-жайын түсіндіріп, қабылдау барысында оны шешу жолдары қарастырылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, Қонаев қаласының тұрғыны 2023 жылы жер телімін сатып…
-
Павлодар облысы – зияткерлік олимпиадалар бойынша республикада үздіктер қатарында
Павлодар облысы 2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің білім беру кеңістігінде өзінің мықты орнын тағы да дәлелдеді. Биылғы зияткерлік додаға 676 мектептен 1636 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты сынға салды. Нәтижесінде еліміз бойынша 114 үздік білім беру ұйымы анықталды. Осы беделді рейтингте Павлодар…
-
Еділ Оразов: өнегелі өмір жолы
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қарулы күштердің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының бастығы отставкадағы генерал-майор Еділ Оразовтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой иесін құттықтауға Қорғаныс министрлігінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, елордалық әскери колледждің оқытушылары мен кадеттері, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындары…
