Санат: Әлем
-
Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді
2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Еске сала кетейік, аталған пилоттық жоба Қазақстанда 2023 жылдан бастап іске асырылуда. Экспериментке «Қазпошта» АҚ, «DHL International Kazakhstan» ЖШС және жеке тұлғаларға тауар жеткізетін басқа да операторлар қатысты. Бүгінгі күнге дейін жеке…
-
Арман Шаққалиев көтерме сауда өкілдерімен азық-түлік нарығындағы делдалдарды қысқарту мәселесін талқылады
6 маусым күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында министр «Алаш» және «Шарын» көтерме сауда базарларына, көкөніс қоймаларына және «Керуен жолы» базарындағы демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге барды. Сапар барысында министр ірі көтерме жеткізушілермен, кәсіпкерлермен және базар әкімшіліктерімен кездесті. Кездесуде сауда инфрақұрылымын дамыту, кедендік рәсімдерден өту, фитосанитариялық…
-
Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге орай еліміздің барлық аймақтарында экологиялық акциялар өткізілді
Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында аумақтарды жақсарту және зарарсыздандыру бойынша экологиялық акциялар өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, еріктілер, қоғам мүшелері және мүдделі азаматтар қатысты. Акция барысында қоғамдық орындарды, саябақтарды, алаңдарды, жағалау аймақтарын және басқа да абаттандыруды қажет ететін аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар нәтижесінде: • 5,5 мың…
-
Қарқаралыдағы этногастрофестивальге 20 мыңнан астам адам жиналды
Бір күнге Қарқаралы қымыздың астанасына айналды. Дәстүрлі дала сусынынан дәм тату үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 мыңнан астам адам келді. Өндірушілер фестивальге 30 тонна ұлттық сусын алып келді. Мерекенің ашылу салтанатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды. – Бүгінде технологиялар әлемі қарыштап дамыған сайын адамдар табиғи өнімдерді бұрынғыдан да жоғары бағалай бастады. Сондықтан…
-
Әлеуметтік желідегі қаралымды мақсат еткен екі елордалық қамауға алынды
Елордалық полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты құқық бұзушылықтармен жүйелі түрде күрес жүргізіп келеді. Осы ретте құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде қаралым жинау мақсатында қалалық саябақтардың біріндегі қоғамдық дәретханада құқық бұзушылық жасаған жастарды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері елордадағы саябақтардың…
-
Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейді
Бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны анықталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімет шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мәліметте көрсетілген «Елордадан солтүстік-батыс бағытында – Шортанды кенті бағытына қарай, Астана – Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ» Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейді. Осыған байланысты аталған аумақ екінші әуежайдың орны ретінде Астананың Бас жоспарында…
-
Қазақстанда 186-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Қармақшы ауданының Алдашбай Ахун ауылында 186-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Іс-шараға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Түйменов пен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысты. Өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру автоцистернасын, өрт-техникалық жабдықтарды, жауынгерлік киім жиынтығын және байланыс орнатуды…
-
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Байзақ ауданында экологиялық тазалықты сақтау және тарихи-мәдени мұраларды күтіп ұстау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Аталған шара барысында «Байзақ датқа» кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіліп, айнала қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, кесене маңындағы аумақ абаттандырылып, шөптер орылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тарихи нысандардың тазалығын сақтау болып табылады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1235981?lang=ru
-
Ақмола облысы аграрлық әлеуетін арттыруда
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен республикалық кеңесте өңір басшылары көктемгі дала жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Ақмола облысындағы егіс науқанының барысы туралы өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады. «Өңірде егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы жылы егіс алқабының көлемі 5,6 млн гектарды құрады. Егіс алқаптарын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың көлемі…
-
Аршалы ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Аршалы ауданының Бірсуат ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жоба «ТНС-Агро» ЖШС-нің демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл тұрғындарын көптен күткен маңызды оқиғамен құттықтап, дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бұқаралық спортты дамытуға және…
-
Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысы туралы
Алматы, 2026 жылғы 6 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назары мен қолдауының арқасында Қазақстанның аталған халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы сапалы жаңа деңгейге шықты», – деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші Е.Қарин. Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Ашықбаев сөз сөйлеп,…
-
Облыс әкімі Ақсуатта шетелдік инвесторлармен кездесті
Ақсуат ауданында өтіп жатқан «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі аясында аймақ басшысы Берік Уәли Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь қалаларынан келген ірі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге Азиядағы жетекші бизнес мектептердің бірі саналатын Цинхуа университеті бизнес мектебінің түлектерінен құралған делегация, сондай-ақ, кәсіпкер Дулат Тастекеев, облыстың тиісті басқарма басшылары қатысты. Қонақтар өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысып,…
-
Әрқайсымыз кем дегенде бір рет құжатты шұғыл жаңарту қажет болған жағдайға тап болғанбыз. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін сіздерге қажетті ақпаратты жинақтадық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-zhansugurov/press/news/details/1235987?lang=ru
-
хабарлама
📢 ҚҰРМЕТТІ КОСТЫЧЕВО АУЫЛДЫҚ ОКРУГiНIҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 2026 жылғы 15 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің Костычево ауылдық округiнiң тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді. 🕙 Басталуы: сағат 15:30-да 📍 Өтетін орны: Мәдениет үйі, Тәуелсiздiк көшесi, 9. Құрметті тұрғындар! Жарқайың ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі. Жеке қабылдауға қатысу үшін алдын…
-
Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады
Бүгін Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні мен оқу жылының аяқталуына орай жазушы, драматург және қоғам қайраткері Ильяс Юсуфтың қатысуымен қайырымдылық мәдени іс-шарасы өтті. Қоғамдық маңызы бар бұл бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру және «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын қолдау мақсатында жүзеге…
