Санат: Әлем
-
2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық салудың барлық негізгі аспектілеріне — салық мөлшерлемелерінен бастап салықтық әкімшілендіру және салық есептілігін ұсыну тәртібіне дейін әсер ететін жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Осы өзгерістердің мақсаты – қызмет көрсету моделіне көшу, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын цифрландыру, салық міндеттемелерін әкімшілендіруді жеңілдету, ашықтықты арттыру, сондай-ақ шағын және микробизнесті қолдау.…
-
Ұлытау облысының отбасын қолдау орталықтары
Отбасы институтын нығайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Ұлытау облысында Отбасын қолдау орталықтарының желісі құрылды. Қазіргі таңда өңірде 5 орталық жұмыс істейді, олар Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында орналасқан. Орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен…
-
Ақмола облысында жаңа қаулы аясында АПВ-ға қарсы вакцинацияны алғашқылардың бірі болып студент Еркежан Шаймерден алды
Ақмола облысында жаңа қаулыға сәйкес адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл шара жатыр мойны обырын қоса алғанда, онкологиялық аурулардың алдын алуға және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайтуға бағытталған. Бағдарламаға алғашқылардың бірі болып 17 жастағы студент Шаймерден Еркежан қатысып, «Гардасил» вакцинасын алды. Вакцинация туралы шешім дәрігерлермен кеңесуден кейін және ата-анасының келісімімен қабылданды.…
-
«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастайды
Ағымдағы жылы 25 мамыр күні сағат 10:00-де отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдетілген лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи отандық техникамен қолжетімді қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласын қолдауға және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға бағытталған. Бағдарлама аясында аграршылар…
-
Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде қазақтың ұлттық ыдыстары мен жиһаздарын өндіру кеңейтілуде
Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде қазақтың ұлттық ыдыстары мен жиһаздарын өндіру кеңейтілуде Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде қазақтың ұлттық ыдыстары мен жиһаздарын дайындайтын ағаш өңдеу цехы жұмысын бастады. Жаңа өндірістік нысан сотталғандарды еңбекпен қамтуды дамытуда, сондай-ақ олардың кәсіби бейімделуі мен кейінгі әлеуметтенуіне жағдай жасауда маңызды қадам болды. Қазіргі таңда цехта…
-
Ащыағыр көпірінің құрылысы – тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба
Ащыағыр көпірінің құрылысы – тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба Соңғы жылдары көктемгі су тасқыны кезеңінде Ащыағыр көпірін су шайып кету салдарынан Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерімен көлік қатынасы үзіліп, тұрғындардың қатынап-қозғалуына айтарлықтай қиындықтар туындаған болатын. Осыған байланысты, аталған мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында 2024 жылы «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы…
-
Таза Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-diev/press/news/details/1225675?lang=ru
-
«Қазақстандағы кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері мен келешегі» тақырыбында брифинг
Кеше Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстандағы кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері мен келешегі» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Оразбков Аслан Ұланұлы тікелей эфирде сөз сөйлеп, елімізде азаматтарға қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, жақында қабылданған…
-
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауын өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 15 мамырдағы
2026 жылғы 1 маусымнан дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілетін болады. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша өткізілетін болады: 1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы…
-
Қауіпсіз ойыншық — баланың денсаулығының кепілі: тұтынушыларға арналған ұсыныстар
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балаларға арналған ойыншықтарды таңдауда олардың сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға кеңес береді. Ойыншық берік әрі уытты емес материалдардан жасалуы тиіс, өткір қырлары, кедір-бұдыр беттері және жағымсыз иісі болмауы қажет. Сондай-ақ, оның құрылымы мықты болып, бөлшектері берік бекітілуі тиіс. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын талаптар қатаң. Олар ұсақ…
-
Кезектен тыс сессияның 53 отырысы
Ағымдағы жылдың 21 мамырында аудандық мәслихат төрағасының м. а. Г. Ахимова Аршалы аудандық мәслихатының 19.12.2025 жылғы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарастырумен 53 кезектен тыс сессиясын өткізді, онда осы мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевина сөз сөйледі. Сондай-ақ, сессияда Аршалы аудандық мәслихатының кейбір…
-
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың I тоқсанының қорытындылары қаралды
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшылығы мен аумақтық басқармалар қатысқан алқа отырысы онлайн және офлайн форматта өткізілді. Кіріспе сөзді Департамент басшысы Омарханова С.С. сөйлеп, қызметтің негізгі міндеттері мен басым бағыттарын айқындады. Отырыста 2026 жылдың I тоқсанының жұмыс қорытындылары қаралды. Негізгі баяндама Департамент басшысының орынбасары Искаков К.Т. тарапынан ұсынылды. Жеткен нәтижелер сараланып, өзекті мәселелер айқындалды…
-
Жаңа қуат көздері, газбен қамту және жылу беру: Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысының негізгі жобаларымен танысты
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Онда өңірдегі негізгі міндеттердің орындалу барысын тексеріп, ірі индустриялық әрі энергетикалық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту, жылыту маусымына дайындық, жылу энергетикасы мен газбен қамту жұмыстарын жалғастыруға ерекше назар аударылды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Теміртауда Qarmet…
-
Кене энцефалитінің алдын алу
Жетісу облысында трансмиссивті табиғи-ошақтық аурулардың ішінде кене шағуы арқылы туындайтын “Кене энцефалиті” және “Лайм боррелиоз” өзекті. Кенелердің белсенділік маусымы сәуірден қыркүйекке дейін – мамыр мен маусым айларында ең жоғары. Табиғаттағы жұқпаның резервуары мен тасымалдаушылары – иксод кенелері. Адам кене энцефалиті вирусын – кене шаққанда, жабысқан кенені жаншу, ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішкен кезде жұқтырады.…
-
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшесінің қатысуымен тұрақты комиссиялардың отырысы өтті
14 мамырда Қарағанды облысы бойынша Ревизиялық комиссия мүшесі Бектурова М.Х. қатысуымен бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, полиция бөлімінің өкілі, Қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Отырыс барысында 2025 жылғы қала бюджеті мен Ақтас…
