Санат: Алматы
-
Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы – Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы – OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру…
-
«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫНА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
Қала әкімдігінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында дауыс беру басталғанын хабарлаймыз. Аталған жоба тұрғындардың бастамаларын қолдап, қаланың инфрақұрылымын дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде ұсынылған бастамаларды іске асыру мақсатында ресми интернет-ресурста электрондық дауыс беру 2026 жылдың 24 сәуіріне дейін жүргізіледі. Дауыс беру жеке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілті арқылы жүзеге…
-
“Таза Қазақстан” акциясы 08.04.2026 ж.
Бүгін 08.04.2026 жылы Қосарал ауылдық округі аумағында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында қысқы кезеңнен кейін Қосарал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мемлекеттік мекеменің аумағын абаттандыру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kosaral/press/news/details/1196719?lang=kk
-
«Жас сақшы» сыныптарының оқушылары полиция қызметкерлерімен бірге бір күн өткізіп, олардың қызметі мен күнделікті жұмысымен танысты.
Олар қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіптің қалай қамтамасыз етілетінін өз көздерімен көрді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1196720?lang=kk
-
Шегірткеге қарсы күрес шараларына 100-ден астам дрон жұмылдырылады
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары толық аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған. Белгілі болғандай, үйірлі шегіртке түрлері дала, шөл және таулы аймақтарда, сондай-ақ өзен аңғарларында таралады. Мұндай жерлерде жерүсті техниканы қолдану қиындық тудырады. Сондықтан ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану зиянкестер…
-
АҚҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Айта кетейік, 2025 жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің бүгінде 9-ы толық шешімін тапқан. Қалған 2 мәселе бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Аққұм ауылдық…
-
Көктем – адам еңбегінің қызған шағы
Көктем шыға салысымен шаруа қожалықтары дәнді дақылдар мен көкөніс егілетін жерлерді жыртып, тырмалап, тегістеп, егіс науқанына қызу кіріседі. Бұл мезгілдегі табиғи өзгерістер, әсіресе күннің нұрының күшеюі, нөсерлі жауындардың жаууы және жердің түрлі түске боялуы кез келген адамның көңіл күйіне ерекше әсер сыйлайды. Осындай шуақты күндері қаладағы шаруашылықтар да егіс жұмыстарын бастап кетті. Мәселен, «Нам» шаруа…
-
Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке
« АДАЛ АДАМ » мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының « Жанұя шуағы » жобасы аясында 70 жасқа толған Талқанбаев Тұрсынғали және Жұмабекова Қуанышкүл ардагер отбасымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің бас маманы Ибраев Дәурен Сәбитұлы, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер ұйымының алқа мүшесі, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбетов Қабылбек Нұрмағанбетұлы…
-
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА АГРЕССОРЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ПСИХОЛОГТАР ТОБЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңаөзен қаласында агрессорлармен жұмыс жасайтын психологтар тобын құру мәселесіне арналған жұмыс кездесуі өтті. Жиын Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі М. Сагиновтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында агрессорлармен жұмыс жүргізуде психологтардың рөлі ерекше маңызды екені атап өтілді. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмысты дамыту және жүйелеу қажеттігіне тоқталды. Жиын қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласында арнайы психологтар…
-
«Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
2026 жылдың 8 сәуірінде «Рузаев орта мектебі» КММ базасында «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Оған ауданның 70 педагог-психологы мен әлеуметтік педагогы қатысты.Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі аспектілерін талқылады, оқушылардың эмоционалды әл-ауқатына әсер ететін тәуекел факторларын қарастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алудың…
-
2-СӘУІР КҮНІ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй қорын кеңейтуге және баспана кезегіндегі азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Кезекті жұмыстың аясында Асар-2 шағынауданында тағы 30 отбасыға жалдамалы пәтерлердің кілтті табысталды. 🔷 Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтады. Мегаполис басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған…
-
Алаяқтық қоңыраулардан сақ болыңыз – полиция ескертеді
Полиция департаменті азаматтарға телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге қатысты ескерту жариялады. Соңғы кездері кейбір қылмыскерлер SMS кодтар мен «қауіпсіз шот» схемасын пайдаланып, банктік есепшоттардан ақша ұрлауда. Алаяқтар көбінесе өздерін «Қазпочта» немесе банк қызметкері» ретінде таныстырады. Алдымен SMS кодты сұрап, кейін сіздің атыңыздан кредит рәсімделіп жатқаны туралы хабарлап, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуын талап етеді. Зардап шегушілер…
-
Қазақстан Президентінің Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімнің қол жеткізілуіне қатысты мәлімдемесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы…
-
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді
Сапар барысында ол өңірдегі ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобалармен танысып, жергілікті шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті. Алдымен вице-премьер Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен бірге Кеңгір ауылында жүзеге асырылып жатқан «Kengir Agro» кооперативінің жұмысымен танысты. Алты ай бұрын бастау алған жоба аясында бүгінде материалдық-техникалық база қалыптасу үстінде. Қазіргі таңда 100 гектар аумаққа картоп егу…
-
Адам өмірін сақтап қалған полицейлер: жеделдік пен кәсібиліктің айқын үлгісі
Түркістан қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының 6-взвод қызметкерлері Серікбай Сламхан мен Ералы Найзабек жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде адам өмірін сақтап қалды. Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында отбасылық жанжалға байланысты “102” арнасы арқылы шұғыл шақырту алған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады. Ол қақпаға…
