Санат: Алматы
-
Ақмола құтқарушыларының кезекті марапаттары
Ақмолалық құтқарушылар Қазақстан Республикасының біріншілігінде лайықты сөз сөйледі. Орал қаласында жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Екі жас санатындағы 300 спортшы осындай ауқымды жарыстарға қатысты. +70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қыздар арасында Ақмола облысының атынан шыққан Диана Амантаева алтынға ие болды. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасында үшінші орынды Мирас Әбілов…
-
Қазақстан Сыртқы істер министрі Палестина Елшісін қабылдады
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Палестина Мемлекетінің Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Абу Зейдті қабылдады. Жылы әрі сындарлы жағдайда өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың тұрақты даму серпінін және оларды одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделілікті атап…
-
2026 жылғы 23 сәуірде Ақтау қаласындағы №1 орта қазақ/орыс мектебінің 7–9 сынып оқушылары арасында «Еуропалық иммундау апталығы» іс-шарасы аясында вакцинаның маңыздылығы тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Салынған суреттер бойынша оқушылар өздерінің ойларымен бөлісті. Салынған суреттерге баға беріліп, жүлделі орын алған оқушыларға сыйлықтар табысталды.Жиын қорытындысында вакцинацияның тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам денсаулығын қорғаудағы рөлі зор екені тағы да атап өтілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1208100?lang=kk
-
Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс
2026 жылғы 24 сәуірде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды акция «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» өткізілді. Іс-шара барысында аймақ кәсіпкерлері ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қолдау көрсетті. Сөйтіп, Шал ақын ауданында «Алтын Астық КЗ» ЖШС 182…
-
Қазақстан мен Германия тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы әріптестікті күшейтуде
Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Берлин Еуразиялық клубының 46-отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германияның Экологиялық мәселелер жөніндегі тәуелсіз институты UFU арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамытуға, талдамалық деректер алмасуға және климат саясаты саласындағы институционалдық әлеуетті нығайтуға бағытталған. ҚР Экология және табиғи…
-
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасында еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес:егер азаматтық-құқықтық шартта еңбек шартының белгілері болса, жеке тұлғамен мұндай шарт жасасуға жол берілмейді.Мұндай жағдайда шарт атауына қарамастан еңбек шарты деп танылады және оған еңбек заңнамасының нормалары қолданылады. Еңбек шартының белгілері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 27-бабына…
-
Алматы облысы Дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылауға арналған кездесу өтті
Алматы облысы Дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Басқарма және оған бағынысты орталықтардың қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында бөлім басшысы А. Бабатай жаңа тұжырымдаманы әзірлеуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықты кеңінен тарту және ақпараттық жариялылықты…
-
Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені 2026 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі
Өңірде агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі — 50 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды толық қуатына шығару 2026 жылдың шілде айына жоспарланған. Жоба «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға, сондай-ақ отандық агросектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыру…
-
Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі өрт қауіпсіздігі: салдарды жойғаннан алдын алған дұрыс
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жанар-жағармай құю бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүйелі түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және адам өмірі мен мүлкін қорғау. Қала аумағында бүгінгі таңда 314 автожанармай құю және автогаз құю бекеттері бар. Осы нысандарда ТЖД қызметкерлері…
-
Ақмола облысының «Smart Aqmola» жобасы «AI Governance Cup» республикалық байқауында үздік деп танылды
«Smart Aqmola» ақпараттық-аналитикалық жүйесі (ААЖ) «AI Governance Cup» атты алғашқы ұлттық жасанды интеллект жобалары байқауында «AI Өңір» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі елордадағы alem.ai орталығының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен бастау алған байқауға республика бойынша…
-
25 сәуір – Эко-сенбілік акциясы өтеді
Қоңыр ауылдық округінде 25 сәуір күні эко-сенбілік акциясы ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Эко-сенбілік аясында көше бойлары, қоғамдық орындар мен мекемелердің сыртқы аумақтарын тазалау жұмыстары атқарылады. Осыған байланысты ауыл тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.Таза ауыл – ортақ міндетіміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1208091?lang=kk
-
Көкшетауда елімізде алғаш рет төрт облыстың полиция қызметкерлері арасында өңіраралық зияткерлік турнир өтті
“Әділетті полицей” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған зияткерлік ойын Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарының полицейлерін біріктірді.Қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, сонымен қатар эрудицияны, логикалық ойлауды және командалық бірлікті көрсетті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қызметті білу, сондай-ақ жалпы эрудицияны қамтитын бірнеше раундта бақ сынасты.Турнирдің негізгі мақсаты қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды нығайту…
-
Ақтөбеде ауқымды көгалдандыру акциясы өтеді
25 сәуір күні Ақтөбе облысы республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылады. Ақтөбе қаласында негізгі іс-шаралардың бірі сағат 10:00-де «Триатлон» паркі аумағында өтеді. Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Триатлон» паркінде ағаш отырғызу жұмыстарына шамамен 600 адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер, жастар және экологиялық мәдениет пен абаттандыруды қолдайтын қала тұрғындары…
-
«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі
Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы, «Жоңғар-Алатау» МҰТП 2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара. Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының…
-
2026 жылғы 24 сәуірде «Европалық иммундау апталығы» аясында «Нейрон» медициналық орталықта вакцинацияның маңыздылығы туралы ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова баяндама жасады.
Ашық есік күні қарсаңында профилактикалық егуден бас тартып жүрген ата – аналарға «Нейрон» медициналық орталығының бөлім басшылары, дәрігерлер, эпидемиологтар, қалалық мешіттің имамдары жауап берді. Кездесу барысында иммунопрофилактиканың маңыздылығы, екпеден бас тартудың қауіп-қатері, сондай-ақ ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген соңғы өзгерістер кеңінен қарастырылды. Мамандар вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әрі қауіпсіз әдістердің бірі екенін ерекше…
