Санат: Алматы
-
Сандардағы отбасылық құндылықтар: СҚО-ның Отбасы күніне арналған статистикасы
Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ құрған халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы өңір бойынша арнайы статистика дайындады. Мәселен, 2025 жылы облыста 4 675 неке тіркелді. 2026 жылдың басынан бастап тағы 750 жұп қарым-қатынастарын ресми түрде рәсімдеді. Некені тіркеудің ең көп саны…
-
Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру…
-
Шомылу маусымы
Қазақстанда шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады. Осы кезеңде құтқару бекеттерімен жабдықталған жағажайлар жұмыс істейді. Осы күндерден тыс, сондай-ақ рұқсат етілмеген су айдындарында қауіпсіздік үшін жергілікті атқарушы органдар шомылуға тыйым салады. Жабдықталмаған жерлерде, әсіресе “шомылуға тыйым салынады”белгілері орнатылған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады. ТЖМ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады және бірінші…
-
Жетісуда көрнекті ғалым Мұхтар Арынның 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті
Бүгін Жетісу облысында көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Мұхтар Арынның 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ғалымның ұрпақтары, М. Арын атындағы № 24 мамандандырылған мектеп-лицейінің ұжымы, жалпы еліміздің әр аймағынан зиялы қауым өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы…
-
«Жұлдыз болғым келеді»: павлодарлық балалар үлкен сахнаға шықты
Павлодар қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған республикалық әлеуметтік хореографиялық «Жұлдыз болғым келеді» жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жоба дарынды балаларды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Сахнада қатысушылар халық биі, брейк-данс және заманауи хореография бағытындағы жарқын қойылымдарын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір бидің артында ұзақ дайындық, толқыныс, еңбек пен үлкен…
-
ТМҰ елдері «ақылды» және «жасыл» қалаларды дамытуға уағдаласты
Бакуде UN-Habitat бағдарламасының қолдауымен өткен WUF-13 Дүниежүзілік қалалар форумы аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер арасында Қала құрылысы, аумақтық жоспарлау және тұрақты қалалық даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Құжат қала құрылысы, сәулет, тұрғын үй саясаты және тұрақты қалалық даму салаларындағы ынтымақтастықты…
-
Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №55 және №60 нормативтік қаулыларының нормаларын азаматтарға түсіндірді
Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №55 және №60 Нормативтік қаулыларының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді. Өткізілген іс-шара барысында азаматтарға нормативтік қаулылардың негізгі ережелері, оларды қолдану тәртібі және қабылданатын шешімдердің құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының конституциялық заңнаманы қолдану саласындағы барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және халықтың құқықтық…
-
«Жаз – 2026» жаз мезгілінде балалардың демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын қамту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
2026 жылғы 13 мамыры С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясы базасында «Жаз – 2026» жаз мезгілінде балалардың демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын қамту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Семинардың басты мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын, олардың бос уақыттарын ұйымдастыру.Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерлердің бастықтары, медбикелер, Шахтинск қалалық…
-
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында көпқабатты тұрғын үйлердегі қоқысқа толған пәтерлерді анықтау және тұрғындардың санитарлық әрі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналған брифинг өтті. Брифинг барысында ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрлан Жарылғақов мұндай пәтерлер тұрғындар үшін елеулі қауіп…
-
Президенттің қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады
2026 жылғы 19-20 мамыр, Астана қаласыӨтетін орны: Тәуелсіздік сарайы 19 мамыр күні Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті. 19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік…
-
Алматыда 30 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Әуезов ауданында 1991 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 300 метр болатын жылу трассасын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады. Осыған байланысты Мамыр шағынауданындағы Рабиға Сыздық көшесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі: 2026 жылы 21 мамыр мен 31 шілде аралығында — Мамыр-2 шағынауданындағы №12 үйден…
-
Қобда ауданы “Нұрлы болашақ”балабақшасында “ІТ-балабақша” пилоттық жобасы аясында “Қызықты робототехника әлемі “ атты арнайы кабинет өз жұмысын жүргізуде.
Кабинеттің негізгі мақсаты:мектепке дейінгі жастағы балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыра отырып, балалардың IT саласына қызығушылығын арттыру, қарапайым робот құрылғыларымен таныстыру,конструкторларды құрастыру, жеке және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.Осы бағытта “кішкентай инженерлер” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инженер-құрылысшы бағыты арқылы балалар құрылыс элементтерімен танысып,қарапайым құрылысты құрастыру арқылы кеңістік ойлау дағдылары дамиды. Инженер- эколог экологиялық бағытта табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық…
-
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қоғамымен онлайн кездесу
2026 жылғы 15 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата – аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі таңда “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысы”өзекті мәселесі қаралды. Кездесуде Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары – М.С.…
-
Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады
Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді. Қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мұсылмандардың осы бас мерекесіне дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан…
-
Отбасы құндылықтарын ұлықтаған фестиваль
Екібастұздағы «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешені алаңында «Бір шаңырақ астында» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті. Іс-шара белсенді, шығармашыл әрі ұйымшыл отбасыларды бір алаңға жинады. Фестиваль аясындағы «Отбасылық Арбат» көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар қолдан жасалған бұйымдарын, ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстарын және үй тағамдарын ұсынып, отбасылық мәдениет пен ұрпақ сабақтастығын насихаттады. Туристік жарыстар фестивальдің ең…
