Санат: Жаңалықтар
-
Ұлытау облысының прокуратурасы гидротехникалық құрылыстарды мемлекет меншігіне қайтарды
Прокуратура органдары су қоймалары мен олардың гидротехникалық құрылыстарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Гидротехникалық құрылыстарды мемлекетке қайтару азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, су ресурстарын тиімді басқаруға және заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Прокурорлық шаралар нәтижесінде мемлекет мүддесін қорғау мақсатында бұрын жеке меншікке берілген жобалық сыйымдылығы 11,5 млн м³ болатын «Қылыш» су қоймасының гидротехникалық құрылысы мемлекет…
-
Гуанчжоуда «Достық» орденін табыстау рәсімі өтті
Гуанчжоу, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қ. Бас консулдығында «China Construction Bank» банкінің Шэньчжэнь қалалық филиалы басқарушысының орынбасары Ван Сунхуаға II дәрежелі «Достық» орденін табыстау рәсімі өтті.Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының атынан Гуанчжоу қаласындағы Қазақстанның бас консулы Уәлихан Сәрсембеков табыс етті.Рәсім барысында бас консул Ван Сунхуаның Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға,…
-
Ауылдық округ әкімінің кезекті кездесуі туралы хабарландыру
Ағымдағы жылдың 4 мамырда сағат 15:00-де Шолақөзек ауылының тұрғындарымен ауылдық округ әкімінің тұрақты кездесуі өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-syrymbet/press/news/details/1210970?lang=kk
-
Амнистия туралы
Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы «Амнистия туралы» Заңы жобасын әзірлеу шеңберінде, оның аясында алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша амнистия жүргізілетініне байланысты, төмендегіні хабарлайды. 2021 жылғы 26 наурыздағы №134 «Ұсынымды бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (қазіргі – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) бұйрығына қосымшаға сәйкес сәулет,…
-
ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЗАЛЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды 5 мәселе қаралды: Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы; Ауданның әлеуметтік-экономикалықнегізгі көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы туралы;…
-
VIIІ шақырылған қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Бүгін VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Алмас Ұлан Алмасұлы және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, салық салу мақсаттары үшін қала аумағын аймақтандыруға қатысты бұрын қабылданған 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/28 шешімнің күші жойылды деп танылып, осы бағытта жаңа…
-
«Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс өткізді
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІПАтырау облысы Әділет департаментінің құқық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің оқушыларына «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс өткізді.Іс-шара барысында оқушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, құқық бұзушылық жасаудың салдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, адалдық, әділдік қағидаттарын ұстанудың…
-
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы
Халықты электронды қызметтерді өз бетімен алуға үйрету мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ маманы қызмет алушыларға үйден шықпай-ақ барлық қызметтерді алуға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету секторында оқыту жүргізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1210975?lang=kk
-
Қостанай облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді
Өңірде тұрғын үй құрылысын дамыту және халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Негізгі басымдық — азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік осал санаттарды қолдау. «Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 126,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,9%-ды құрайды. Жалпы, 2026…
-
Ауданда әскер қатарына шақыру науқаны жүруде.
Аудан аумағында қазіргі таңда 1999–2008 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Әскер қатарына шақыру науқаны наурыз, сәуір және маусым айлары аралығында ұйымдастырылады. Биыл көктемгі шақырылым шеңберінде аудан бойынша әскерге шақырылатын азаматтардың жалпы саны 258 адамды құрайды. Қазіргі уақытта олардың 22-сі әскери қызметке жіберілді. Сонымен қатар, 2025 жылы ауданнан мерзімді әскери қызметке барлығы…
-
Теміржолға тағдырын арнаған әулет: Әділхановтар өнегесі
Қазақстан теміржол саласының дамуына тұтас әулеттердің қосқан үлесі зор. Осындай еңбек әулеттерінің бірі – бірнеше буын бойы осы салада абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Әділхановтар әулеті. Әулеттің көрнекті өкілдерінің бірі – Әділханов Қазбек Ыдырысұлы. Ол теміржол көлігі саласында 40 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым слесарь қызметінен бастаған ол кәсіби біліктілігі…
-
Омбудсмен мен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ басшысы ұлттық адам құқықтарын қорғау институттарының рөлін нығайту мәселесін талқылады
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады, сондай-ақ конституциялық реформалар контекстінде ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Жаңартылған конституциялық ережелерді ескере отырып, құқықтық және…
-
Әскери қызметшілер бітімгерлік миссия офицерлерінің алгоритмдерін меңгерді
Алматыдағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы базасында БҰҰ стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған екі апталық сертификатталған «БҰҰ штаб офицерлері» курсы аяқталды. Оқытуға Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі әскери қызметшілері, Пәкістан мен Қытайдан келген тыңдаушылар, сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының өкілдері қатысты. Сабаққа Франция мен Сербиядан келген нұсқаушылар да тартылды. Тыңдаушылар БҰҰ…
-
ФИЛИАЛ ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты тазалау және абаттандыру бойынша ішкі іс-шара өткізілді. Сенбілікке филиал басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Бекітілген аумақтарда тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді: қоқыс жиналып, аумақ ретке келтірілді, көгалдандыру жұмыстары атқарылды, сондай-ақ инфрақұрылым нысандары жаңартылды. Бұдан бөлек,…
-
«Еңбек жолы» республикалық конкурсы
Жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2026 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал ететін болады. Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурс өңірлік және республикалық…
