Санат: Жаңалықтар

  • «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін күшейту. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері теміржол вокзалдарында, әуежайларда және жолаушылар пойыздарында бақылауды күшейтеді. Құжаттарды тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, іздеуде жүрген тұлғаларды…

  • Көлік полицейлері азаматқа жедел көмек көрсетті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері полиция аға сержанттары Бауыржан Исмайлов пен Нұрсұлтан Сүйесінов теміржол вокзалы аумағында жеделдік пен кәсібилік танытты. Вокзалдың күту залында олар жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлағанын байқап, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полицейлердің шапшаң әрекеті мен қажетті көмектің уақытылы көрсетілуінің арқасында ер адамның жағдайы тұрақтандырылды. Оқиға орнына медицина қызметкерлері шақырылып, кейін…

  • Аудан әкімі кезекті қабылдау өткізді.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    🔹Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы қабылдау барысында, аудан тұрғындарының өзекті өтініштерін тыңдап, бірнеше мәселеге мән берді. Алдын ала жазылған азаматтардың сұрақтарына келсек: ▪️Бос жұмыс орындарын қарастыру;▪️Тұрғый үй бойынша: 📎Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкімі және бөлім басшылары да, қабылдауға қатысып, келіп түскен өтініштерді түртіп отырды. 🔸Сондай-ақ, жауапты азаматтарға келген меймандардың мәселесін назарға алып, заң талаптарына сәйкес…

  • Түркістанда Қазақстандық фармацевтикалық форум 2026 өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 16 сәуірде Түркістан қаласында Қазақстандық фармацевтикалық форум 2026 өз жұмысын бастады. Ауқымды салалық алаңға мемлекеттік органдар, халықаралық фармацевтикалық компаниялар, отандық өндірушілер мен сарапшылар қатысты. Форумның басты мақсаты – Қазақстандағы фармацевтика нарығының қазіргі жағдайын талқылау, өзекті мәселелерді көтеру және саланың одан әрі даму бағыттарын айқындау. Іс-шара барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі, баға саясаты, мемлекеттік…

  • Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 23 сәуірде Бас Прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық…

  • Кезекті арнаулы атақтар берілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Аға басшы құрамның кезекті арнаулы атағы «азаматтық қорғау полковнигі» Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Майра Жаслановна Каримоваға берілді.Жеке құрам бойынша Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының кәсіби қызметтік және дене шыңықтыру тобының бас маман азаматтық қорғау аға лейтенанты Әсем Дәуренбекқызы Куанышбаеваға «азаматтық қорғау капитаны» атағы берілді.Қызметкерлерді құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1209935?lang=kk

  • Аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға іріктеу қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесі ұсынған кандидаттардың тізімі жарияланды.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға іріктеу қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесі ұсыным жасаған кандидаттардың тізімі Соттың атауы Ұсыным жасалған кандидатура Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық соттың төрағасы Ахметкалиев Бауыржан Нурсапанович мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы Копбосынов Тимур Нурланович мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Смагулов Кайрат Кемалович Алматы қаласы Алатау аудандық сотының…

  • Панкратионынан турнир

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 25-26 сәуірде Абай облысы Семей қаласында “ЖАУЫНГЕР” республикалық лигасының панкратионынан турнир өтті.  Аталған іс-шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болды:  62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орынды Өскемен қаласы ТЖБ 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Олжас Еранұлы иеленді  77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орынды ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушысы Арсен Қасымжанов иеленді  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орынды Өскемен қаласы ТЖБ 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Қуаныш Қызырбеков иеленді.  ШҚО”Batyrkids”спортшылары  Сұңқар Серікұлы 47кг Алижан…

  • ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ЕРЕКШЕ СПОРТ-МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шымкентте алғаш рет қала әкімдігінің қолдауымен құмай тазылар арасындағы ашық біріншілік ұйымдастырылады. Бұл жарыс – қазақтың байырғы саятшылық дәстүрін жаңғыртып, жеті қазынаның бірі – тазының қадір-қасиетін насихаттауға бағытталған маңызды бастама. Додаға еліміздің 18 аймағынан іріктеліп алынған ең жүйрік, ең таңдаулы 36 құмай тазы қатысады деп күтілуде. Әр аймақтан екі тазыдан сынға түседі. Бұл – тек…

  • ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 30 сәуір күні «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады. Арбат саябағында сағат 16:00-де басталатын акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген тұрғын еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін консультация ала алады. Кеңес берушілердің арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар,…

  • ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БАӘ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков Біріккен Араб Әмірліктерінен келген медицина саласының мамандарымен кездесті. Жүздесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ана мен бала денсаулығын қорғау, перинаталдық қызметті дамыту, заманауи медициналық технологияларды енгізу және тәжірибе алмасу бағыттары қарастырылды. Іс-шара аясында шетелдік мамандар қалалық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысып, бөлімшелерді аралады. Орталықтың…

  • ҚАЛА ӘКІМІ «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» МЕН «ПАНОРАМА ШЫМКЕНТА» ГАЗЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-іне қарасты «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері редакциясының жаңа ғимаратында болып, шығармашылық ұжымның жұмыс жағдайымен танысты. Айта кетейік, қала өмірінің маңызды жаңалықтарын тұрғындарға тұрақты түрде жеткізіп келе жатқан қос басылымның осы уақытқа дейін жеке ғимараты болмаған. 2025 жылы газеттің 35 жылдығы аясында қала әкімі жауапты сала…

  • «Жасыл желек» республикалық акциясы: Жетісуда 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Жасыл желек» республикалық ағаш егу акциясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір байланысы арқылы өткен шара еліміздің барлық өңірін қамтыды. Осы күні Жетісу облысында акцияға 15 мың адам қатысып, 8 мыңнан астам ағаш егілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Осы күні Талдықорғандағы орталық бассейн алаңындағы…

  • БОЗАРЫҚТА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Наурыз – жақсылықтың жаршысы, жаңарудың нышаны. Жер-ана бусанып, табиғат түлеген бұл мезетті қазақ халқы ежелден игіліктің бастауы деп бағалаған. Ынтымақ пен бірліктің ұлы мейрамы саналатын Наурызда ағайын бір дастархан басында бас қосып, наурыз көже ішіп, ақжарма тілектерін арнайды. Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, Шымкент қаласындағы Бозарық шағын ауданында тұрғындардың бастамасымен Ұлыстың ұлы күні кең…

  • ШЫМКЕНТТЕ MASTERSKILLS РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шымкент қаласында Сервис және қызмет көрсету саласының «Сән технологиясы» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында MasterSkills республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті. Аталған байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, сән технологиясы саласындағы озық тәжірибелерді дамыту және кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылып отыр.Салтанатты жиында сөз алған «TALAP» коммерциялық емес акционерлік…

Exit mobile version