Санат: Жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта…
-
Astana Team шайбалы хоккейден халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді
Astana Team командасының ойыншылары шайбалы хоккейден 30 сәуір – 3 мамыр аралығында Италияның Аоста қаласында өткен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді. Турнирге Канада, АҚШ, Франция, Швейцария, Венгрия, Нидерланды, Италия және Польша командалары қатысты. Турнир финалында Astana Team командасы Польшадан келген команданы 5:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, Astana Team командасының жаттықтырушылары Владимир Захаров пен Эдуард Мазулдың…
-
Салықтық әкімшілендірудегі клиентке бағдарланған тәсіл бойынша ТМД форумы
Шымкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшылары Үйлестіру кеңесінің салық органдары қызметіне клиентке бағдарланған қағидаттарды енгізу жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтуде. Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан өкілдері қатысуда. Форум барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың заманауи тәсілдерін, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін дамытуды, пайдаланушылық тәжірибені…
-
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған облыстық актив өтті.
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған облыстық актив өтті. Негізгі баяндамамен облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді атап өтіп, олардың адам құқықтарын нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, билік жауапкершілігін арттыру және өкілді органдардың рөлін күшейту үшін маңызын айқындады. Облыстық…
-
Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісін қабылдады
Астана, 2026 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оның одан әрі кеңею перспективалары бойынша пікір алмасты. 2026 жылғы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды. Бұдан басқа,…
-
Ақмола облысында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Ақмола облысының Жарқайың ауданында аса қауіпті зиянкестермен және карантиндік нысандармен күрес мәселелеріне арналған көшпелі жедел штабтың отырысы өтті. Жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин, Фитосанитариялық диагностика және болжамдар республикалық әдістемелік орталығының басшысы Елтай Хамиджанұлы, сондай-ақ аудан әкімдерінің орынбасарлары мен өңірдегі ауыл шаруашылығы…
-
Жеңіс рухын ұлықтаған ғибратты ғұмыр!
Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева мен облыстық мәслихат депутаты Ермек Егінбаев өңірдегі Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері — Ысқақ Құсайыновтың шаңырағына арнайы барып, барлық облыстық депутаттар атынан Жеңіс күнімен құттықтады. 102 жастағы майдангер 18 жасында өз еркімен соғысқа аттанып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған. Жауынгерлік ерлігі мен табандылығы үшін «Әскери-теңіз флотының…
-
СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА
СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА Шымкент қаласының Сәуле шағынауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның нәтижесінде 950 үй тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, ауданда заманауи инженерлік инфрақұрылым қалыптастырылады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның мердігері – «ЭнергоСетьСтрой» ЖШС. Жалпы, 6 трансформаторлық қосалқы станция орнату көзделген, оның ішінде қуаты 250…
-
2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы Жақсы ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
12 мамыр сейсенбі 13 мамыр сәрсенбі 14 мамыр бейсенбі 15 мамыр жұма 18 мамыр дүйсенбі 19 мамыр сейсенбі 20 мамыр сәрсенбі Подгорное а., мәдениет Үйі, сағ. 10.00 Қызылсай а/о, мәдениет Үйі, сағ. 09.00 Ешім а/о, мектеп, сағ. 10.00 Беловод а/о, мектеп, сағ. 10.00 Новокиенка а., демалыс орталығы, сағ. 09.00 Терісаққан а., мектеп, сағ. 10.00 Жақсы…
-
Солтүстік Македония Үкіметінде ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды
Скопье, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Премьер-министрі Кеңсе Басшысы Игорь Янушевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың үдемелі дамуына ризашылық білдірді. Атап айтқанда, 2025 жылы Президент Гордана Силяновска-Давкованың, сондай-ақ Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің Астанаға жұмыс сапарлары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша…
-
Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған
Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі өндіруге жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде министрлік қызметкерлерімен Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны…
-
12.05.2026 жылы Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысы Г.Сагимбаевамен өңірлік Азаматтарды қабылдау оратлығында азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде кепілдендірілген заң көмегін көрсету, алимент өндіріп алу және басқа да сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді. Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1218402?lang=kk
-
Сайлаушылармен кездесу!
2026 жылғы 13 мамыр күні сағат 09:00 және 11:30-да облыстық мәслихат депутаты Данияр Тұрғанбекұлы Ахмолдаевтың сайлаушылармен кездесулері өтеді. 📍 Өтетін орындары:09:00 – Егінсу ауылдық округы, Егінсу орта мектебі;11:30 – Матай ауылы Матай орта мектебі. Барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1218403?lang=kk
-
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің өкілі “Ақтөбе радиосы” радиостанциясының тікелей эфирінде “Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы электрондық сервистерді цифрландыру және дамыту” тақырыбында сөз сөйледі.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1218404?lang=kk
-
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облыстық мәслихатының атынан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Қостанай жері-еңбекқор адамдардың, бай дәстүрлердің және сенімді алға жылжудың өлкесі. Өткен жыл біздің өңіріміз үшін алға жылжу уақыты болды: экономика нығайды, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп дамыды, әлеуметтік обьектілер салынды, облыс тұрғындарының игілігі үшін маңызды бастамалар…
