Санат: Жаңалықтар

  • Торжественное мероприятие, посвященное 81 годовщине Великой Победы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    9 мамыр Белгород ауылында Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына арналып патриоттық әндерге, алғыс сөздерге және батырлардың ерлігіне тағзым етуге толы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары мен веноктар қою рәсімі өтті. Қатысушылар бір минут үнсіздікпен батырлардың рухына тағзым етіп, бейбіт өмір мен еркіндік…

  • НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «MAGISTER ART» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕНАТО САПОРИТОМЕН КЕЗДЕСТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесті. Кездесу барысында құрылыс, мәдениет, креативті индустрия және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын таныту, туризм әлеуетін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ өңірде туризмді дамыту және инвестиция тартуға ерекше…

  • Табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шарбақты ауданында туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары оқушыларға арналған мазмұнды экологиялық іс-шаралар циклін өткізді. Кездесулердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкенің жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы білімдерін кеңейту болды. Іс-шара аясында оқушылар үшін «Табиғат аясындағы мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, «Орманда кім өмір сүреді?» атты…

  • Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыровты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, дәстүрге сай сый-сияпат көрсетті.Бүгінде жасы ғасырдан асқан қарт майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл…

  • Мереке күніндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды. Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді. 2 және 11 мамыр –  кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге…

  • Полицейлер Мәңгілік алау жанында батырларды еске алды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласының 9-шағынауданында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою және батырларды еске алу рәсіміне қатысты. Тағылымды шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері мен жеке құрам қатысты. Тәртіп сақшылары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, елдің бейбіт болашағы үшін жанын қиған қаһармандардың, сондай-ақ қоғам…

  • Жеңіс күні қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жеңіс күні қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұлы Жеңіс күніне орай ескерткішке тазалық жұмыстары атқарылды. Ескерткіштің айналасы тазартылып, ретке келтірілді. Ортақ құндылықтарымызды қадірлеп, тазалықты бірге сақтайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybastau/press/news/details/1217779?lang=kk

  • Қауіпсіздік – басты назарда: Шымкентте жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шымкент қаласында «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру. Іс-шараның екі күнінде полицейлермен 3000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Оның ішінде қарсы бағытқа шығудың 6 фактісі, бағдаршамның тыйым…

  • Облыс әкімі Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласында құрылысы қарқын алған әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.Аймақ басшысы алдымен 20,5 млрд теңгеге салынып жатқан «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Жалпы аумағы 26 мың шаршы метр болатын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, Әлем, Азия ойындары секілді халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, форумдар мен…

  • ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖОЛ АШЫҚ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуда жастардың рөлі ерекше. Заманауи білім мен жаңа көзқарасқа ие жас буын – мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторларының бірі. Сондықтан да елімізде жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді.Бұл бастама – жастарды мемлекеттік қызметке тарту және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған тиімді құрал. Әсіресе,…

  • Маңғыстаулық полицейлер Ұлы отан соғысы ардагері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагері мен тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов, ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Садақбаев және ПД бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Алмас Мұқан тыл ардагерлері Тарбия Акджигитова, Бектурган Абилхасов және Майдан Каракульчиковтың үйлеріне…

  • Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Ардагер – тарих айнасы» мектеп сабағының өткізілуі туралы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 4 мамырда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Қостанай облыстық мемлекеттік архивінің Семиозер филиалының алғашқы директоры Жанахмет Сатубалдиннің туғанына 110 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Архив қызметкерлері Ж. Сатубалдиннің 110 жылдығына арналған «Ардагер – тарих айнасы» атты мектеп сабағын дайындап, өткізді. Сабақ Әулиекөл орта мектебінің Сьянов атындағы…

  • Ақмола облысында мүгедектікті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде облыста ерекше қажеттіліктері бар шамамен 30 мың адам тұрады. Қызмет көрсетудің заманауи форматтарына көшу және бақылауды күшейту туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Шерьязданов мәлімдеді. Негізгі жаңашылдықтардың…

  • Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады, деп хабарлайды baq-orda.kz. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%). Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті.  Нақты көлем индексі – 102,1%. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы…

  • Маңғыстау полицейлері «Aktau Half-Marathon 2026» жартылай марафонына белсенді қатысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    10 мамыр күні Ақтау қаласында мыңдаған тұрғындар мен қонақтардың басын қосқан ауқымды көктемгі «Aktau Half-Marathon 2026» жартылай марафоны өтті. Спорттық шара салауатты өмір салтын ұстанушылар мен әуесқой жүгірушілерді біріктірді. Ауқымды марафонға Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов пен оның орынбасарлары бастаған департамент қызметкерлері белсенді қатысты. Полицейлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен қызметтік-қолданбалы спорт…

Exit mobile version