Санат: Жаңалықтар
-
Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Медбикелер күні құтты болсын!
Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбикелер күні аталып өтеді. Бұл – адам жанына шипа дарытып, науқастарға жанашырлық пен қамқорлық танытып жүрген ақ халатты абзал жандарға көрсетілетін ерекше құрмет мерекесі. Мейірбике мамандығы – зор жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет ететін қастерлі кәсіп. Сіздер күн сайын адам өмірі мен денсаулығы жолында аянбай қызмет етіп, кәсіби…
-
«Интерактивті кітапхана: жаңа әдістер мен тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар
«Интерактивті кітапхана: жаңа әдістер мен тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – кітапханашыларды инновациялық жұмыс түрлерімен таныстыру, заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту, оқырман тартудың нәтижелі тәсілдерін көрсету және кітапхана жұмысын жаңғыртуға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсыну. Семинар барысында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің кітапханашысы Турарова Ұлбала Бекзатовна кітапхана жұмысында…
-
Астана қаласы ТЖД өрт қауіпті кезеңде сақ болуға шақырады
Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертіледі. Ауа райының ыстық әрі желді болуы өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға: * құрғақ шөп пен қоқысты жақпау;* табиғат аясында отты қараусыз қалдырмау;* шыны бөтелкелер мен жанғыш заттарды ашық жерде тастамау;* балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін…
-
Шу ауданында жас құтқарушылар арасында жарыс өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шу ауданында «Жас құтқарушылар» жасақтары арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, шартты түрде зардап шеккендерді құтқару, саптық дайындық, сондай-ақ ептілік пен шапшаңдыққа бағытталған тапсырмалар орындалды. Қатысушылар өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Жарыс қорытындысы…
-
Ұлан ауданы әкімдігінің «Молодежный» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Ұлан ауданы әкімдігінің «Молодежный» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 14 мамырда сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылы, Зәки Ахметов көшесі, 6-61 мекенжайы бойынша өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1217715?lang=kk
-
AIGA KOKTEM OPEN 2026: Алтын тұғырдағы жеңіс
Елордалық ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы Ринат Аяпов халықаралық турнирде алтын медаль иеленді. AIGA KOKTEM OPEN 2026 айтулы спорт фестивалі аясында грэпплингтен халықаралық турнир өтті.Тартысқа толы бәсекеде елордалық гарнизонның өкілі — №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ринат Аяпов айрықша нәтиже көрсетті. Болаттай ерік-жігері мен жоғары техникалық дайындығының арқасында Ринат белдесулер кезеңінен сенімді өтіп, жеңіс…
-
Жамбыл облысының құтқарушылары Жеңіс күніне арналған шараларға қатысты
Мерекеге орай департаменттің аудандық және қалалық бөлімдерінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым етіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, батырлардың ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегі құрметпен еске алынды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1217718?lang=kk
-
Ер есімі — ел есінде
Ер есімі — ел есінде Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында ерекше тыныштық орнады — бұл тағзым мен құрметтің, сағыныш пен мұңның тыныштығы еді. Мұнда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш алдында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғандар халыққа қызмет етуді, заңды қорғауды және өз антына соңына дейін адал болуды таңдаған…
-
Правовой семинар
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мамандардың құқықтық білімін көтеру мақсатында кезекті құқықтық семинар өтті. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптары туралы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын түсіндіру, әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибе сұрақтары, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды тіркеу бірыңғай автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау, Қазақстан Республикасының…
-
Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды
2026 жылғы 30 сәуірде ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Google Meet» платформасында (https://meet.google.com/rby-cavw-rao), (https://meet.google.com/wab-ndng-vii) облыстық семинар өтті. Мақсаты: облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау. Шараға Алтай, Күршім, Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан, Тарбағатай,…
-
9 Мамыр – Жеңістің 81 жылдығы
Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Батыр бабаларымыздың ерлігі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Олардың қайсарлығы мен жанқиярлығы бізге бейбіт өмір сыйлады. Осы қасиетті күні барша ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз! Елімізде әрдайым тыныштық пен татулық болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1217678?lang=kk
-
Жеңіс күні — ұрпақты біріктіретін естелік
Ұлы мереке — Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткішке гүл шоқтары мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Округ тұрғындары, ұйым өкілдері, жастар мен қонақтар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне батылдық, табандылық және бейбіт аспан үшін терең ризашылықтарын білдірді. Біз ата-бабаларымыздыңвигігін есімізде сақтаймыз және бұл жадты…
-
АПК IT саласындағы мамандарды даярлау және заманауи цифрлық құзыреттерді дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуде
Қазіргі уақытта колледж базасында IT-хаб құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан жастарды оқытуға, тәжірибелік даярлауға және цифрлық жобаларды іске асыруға арналған жаңа алаңға айналады. Облыс әкімі Асхат Шахаров салынып жатқан нысанға барды. Мұнда ақпараттық технологиялар саласына мамандар даярлайтын заманауи оқу-өндірістік корпус салынуда. «Бабэк-Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңі мен қолданылып жатқан шешімдер туралы баяндады.…
-
ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
x Қарқаралы қаласында ауыл жасөспірімдерінің облыстық VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысының аудандарынан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда. Спартакиада аясында спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, сайыстар 12-13 мамыр күндері өтеді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары мен облыстық спорт басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ардагер спортшы Дүйсентай ата…
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 1 маусымнан 30 маусымаралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайласжемқорлықтыңалдыналужәнеоғанқарсыіс-қимыл» төртіншіүлгілікбазалықбағытыніскеасыруаясындасыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізілетінболады. Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінішкіталдауғаобъектініңқызметінжәнеобъектініңұйымдастырушылық-басқарушылыққызметінқозғайтыннормативтікқұқықтықактілертартылатынболады. Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінежүргізілгенішкіталдауқорытындыларыбойыншаталдамалықанықтамадайындап, оныңнегізіндесыбайласжемқорлыққұқықбұзушылықтаржасауғаықпалететінсебептер мен жағдайлардыжоюжөніндешараларқабылданатынболады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-chermoshnyan/press/news/details/1217683?lang=kk
