Санат: Қазақстан
-
KazAID халықаралық дамудағы Қазақстанның әлеуетін таныстырды
2026 жылғы 20 наурызда онлайн форматта «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Қазақстанның халықаралық даму саласындағы уәкілетті ұйымы – KazAID өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында ресми даму көмегі (РДК) жүйесінің негізгі қағидаттары, Қазақстанның донор ел ретіндегі рөлі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, KazAID қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылып…
-
ТҮРКІСТАНДА КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында орналасқан «Olympic center» спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда құрамында 1000-ға жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде балуандар М1 жас санатынан бастап М9 санатына дейін сынға түсіп, әр жас деңгейінде 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталады. Айта кетейік, бұл додада…
-
КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымына Өмірзақ Әдһам Нұрсұлтанұлы тағайындалды. Әдһам Өмірзақ – жоғары білімді, құқықтану мамандығы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызмет саласында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 2020 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратында бастаған. Әр…
-
KazAID, Ұлттық статистика бюросы және TIKA: Алматыдағы семинарға арналған мобильді байланыс деректерін пайдалану бойынша жұмыс кездесуі
2026 жылдың 30 наурызында KazAID Басқарма Төрағасы Ә.Әарыстановтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы мобильді байланыс операторларының деректерін статистикалық мақсатта пайдалану жобасын жүзеге асыру болды. Тараптар биылғы жылдың маусым айында Алматы қаласындағы UN Plaza-да жоспарланған үш күндік…
-
Тоқта да ойлан: Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың салдары туралы ерекше әдіспен ескертті
Тоқта да ойлан: Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың салдары туралы ерекше әдіспен ескертті Полиция қызметкерлерімен қаланың орталық көшелеріне жол-көлік оқиғаларынан қираған автокөліктер мен мопедтер қойылды. Мыжылған темір мен сынған әйнектер жол қозғалысы ережелерін елемеудің салдарын сөзсіз-ақ айқын көрсетті. Акцияның басты мақсаты — азаматтардың назарын жол қауіпсіздігіне аудару және жылдамдықты асыру, салғырттық немесе қарапайым…
-
KazAID және Қырғызстан Даму саясаты институты Орталық Азиядағы бірлескен жобалар жөнінде келісімге қол жеткізді
1 сәіур Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі «KazAID» Қырғызстан Даму саясаты институтының (ДСИ) делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және өңірлік маңызы бар нақты бірлескен жобаларды әзірлеуге кірісу туралы уағдаласты. KazAID тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы Ә. Әрыстанов басшылық етті. Қырғызстан делегациясын ДСИ төрағасы Надежда Добрецова, ДСИ координаторы Ұлара Нарусбаева және Өзбекстандағы…
-
KazAID Қырғызстан мен Тәжікстанның студент-медиктері үшін «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының жаңа циклін ашты
2026 жылғы 2 сәуірде Астанада ең жаңа «Авиценна: Денсаулық сақтау» академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске қосылды. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген медицина студенттері Астана медициналық университетінде (AMУ) үш апталық оқу курсын бастады. Бағдарламаны KazAID ұйымы AMУ және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) бірлесіп жүзеге асырады. «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және…
-
АСТАНАДА ТАҒЫ БІР ЖОЛ 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛЕГАТОНЫ ӨТКІЗІЛДІ: 13 ЕЛДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
4 сәуірде Астанада Мақсұт Нәрікбев университетінде «Болашақтың заңы» тақырыбындағы студенттер форумы мен кейс-байқау – «MaxUP» 2026 халықаралық легатоны өз қорытындысына жетті. Байқау тарихында алғаш рет әлемнің 13 елінен командалар қатысуға шақырылды. Қазақстанның халықаралық даму агенттігі KazAID іс-шараның серіктесі ретінде әрекет етті. Байқауға Әзірбайжан, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Румыния, Өзбекстан…
-
Облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар бойынша жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді
Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы өртке байланысты жағдай қаралды. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және өзге де басқарма басшылары қазіргі ахуал жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылды. «Әкімдік – жай ғана ғимарат емес, бұл өңірдің тұтастай басқару жүйесін жүзеге асыратын нысан. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін маңызды шешімдер қабылданады.…
-
әжілісте ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесі қаралды
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің отырысында Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз жобалары бойынша реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды арттыру мәселесі талқыланды. Жиында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров баяндама жасады.Вице-министр жергілікті мазмұнды дамыту мен отандық өндірісті қолдаудың мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл шаралар өнеркәсіптік әлеуетті нығайтып, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болады. Сондай-ақ, Энергетика…
-
«Кәдімгі керемет»: қарағандылық оқушылар халықаралық фестивальде Гран-при иеленді
Алматыда өткен IV Халықаралық балалар театрларының «Алға Жетістікке» фестивалінде Қарағанды қаласындағы №95 мектеп-гимназиясының «Галёрка» театры аға жас санатында Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан келген 32 театр қатысты. Қатысушылар кіші (5 жастан), орта (11 жастан) және аға (15 жастан) жас санаттары бойынша өнер көрсетті. Қарағандылық «Галёрка» театры көрермен…
-
Қазақстан жаһандық авиация жүйесіндегі рөлін нығайтуда
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (a) және 56-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамаларды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұған дейін аталған түзетулер Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында мақұлданған болатын. Өзгерістер ИКАО Кеңесінің құрамын 36-дан 40 мүше мемлекетке дейін ұлғайтуды қарастырады. Түзетулердің күшіне енуі үшін оларды ИКАО-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі (128…
-
2026 жылғы I тоқсанда өңдеу өнеркәсібі 6% деңгейінде өсуі ықтимал
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіші қаралды. Алдын ала дерек бойынша, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде 6% деңгейінде өсім орын алуы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша бірқатар салада тұрақты оң динамика сақталуда, мәселен:…
-
Елордада Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алтынын жырдың ақтардым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Кешке ақындар, ұстаздар, халық өнерін қадірлейтін қауым, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында ақын шығармалары заманауи әуенмен орындалып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар Сәттіғұл Жаңғабылұлының өмір жолы мен шығармашылық…
-
ҚР СІМ-де БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілімен кездесу өтті
Астана, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті. Кездесу барысында қазақ дипломаты БҰҰ өкіліне Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы ретіндегі белсенді қызметі үшін, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Парламентімен БҰҰ-ның елдік командасының қызметін жариялау бағытындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қойғаны…
