Санат: Қазақстан
-
«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастайды
Ағымдағы жылы 25 мамыр күні сағат 10:00-де отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдетілген лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи отандық техникамен қолжетімді қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласын қолдауға және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға бағытталған. Бағдарлама аясында аграршылар…
-
Алматы облысында қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жаза мәселелері талқыланды
Алматы облысында «Қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жаза тағайындауға байланысты сот шешімдерін орындау: проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жазаны қолдану тәжірибесі, сот шешімдерінің орындалуы және туындайтын мәселелер талқыланды. Ағымдағы жылдың 4 айында сот органдары қоғамдық жұмыстарға барлығы 132 адамды тартқан. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы…
-
Өлі итбалықтардың табылуы туралы мәлімет
2026 жылғы 19 мамырда Каспий теңізі мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында жағалауда қатты ыдыраған күйде (2-4 кезең) 35 дана итбалық өлекселерін анықтады. Айта кету керек, өлі итбалықтардың жағаға шығарылуы батыстан соққан күшті дауылдың салдарынан болып…
-
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған
Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты – болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық…
-
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді.
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді. Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша контейнермен тасымалданған жүк көлемі 2203 мың ЖФЭ-ге дейін өсті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 2115 мың ЖФЭ құраған. Осы кезеңде контейнерлендіру деңгейі 6,7%-дан 8%-ға дейін артты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Өсім 2026 жылы да жалғасуда. 2026 жылдың…
-
Бірінші вице-министр құрылыс компанияларын еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, кәсіподақ орталығының өкілдері және елорданың ірі құрылыс компаниялары қатысты. Кеңесті ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарау мен негізгі нормаларды елемеу қазіргі мемлекеттік саясат…
-
Жаңа Әдістеме нені көздейді?
Ұсынылған ТЖШ-ны анықтаудың жаңа әдістемесі азаматтарға зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа тәсілге сәйкес ТЖШ-дан жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40% деңгейіне жуықтайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда оның мөлшері 339 912 теңгені…
-
Халықаралық стандарттар мен тәжірибе
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102 Конвенциясына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі деңгейі кемінде 40% КАК болып табылады. Еуропалық Одақ елдерінде ең төменгі зейнетақы мөлшері орта есеппен ең төменгі жалақы мөлшерінің шамамен 60%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде ең төменгі жалақы мөлшері медианды жалақының шамамен 50% құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,…
-
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1225091?lang=ru
-
“Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжі” студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдін Абай облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері және «Еркіндік рухы» жастар істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Б. Тұрысбекова “Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжі” студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер Қазақстандағы Омбудсмен институты, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері және өңірлік өкілдік жұмысының негізгі бағыттары…
-
Аудан әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлы Тоқжайлау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу
Аудан әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлы Тоқжайлау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындарының талап-тілектері назарға алынды. Ақпарат көзі…
-
Электр желілерін жөндеу және көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары
Бәйшегір ауылдық округіне қарасты Ақжар, Алмалы, Дөңши ауылдарында электр желілерін жөндеу және көше жарық шамдарын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ауыл тұрғындарын сапалы, тұрақты әрі қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті техникалық жұмыстар атқарылып, ескі желілер жаңартылуда. Сонымен қатар, көше жарықтарын ретке келтіру арқылы елді мекендердің түнгі уақыттағы жарықтандырылуы жақсартылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен…
-
Таза Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1225047?lang=ru
-
Кардиохирургиялық орталықта қауіпсіздік сабағы өткізілді
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Жарылқасын Ерсұлтанның қатысуымен Кардиохирургиялық «Жүрек» орталығы қызметкерлеріне жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында қатысушыларға жер сілкінісі кезінде адам өмірін сақтауға бағытталған «Қарапайым 10 қадам» ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметкерлерге қауіпсіз әрекет ету жолдары, эвакуация тәртібі, қауіпсіз аймақтарды анықтау және төтенше жағдай кезінде сабыр…
-
Екібастұзда 5 мыңнан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті
Екібастұз қаласында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қауіпсіздік пен жасөспірімдер арасындағы тәуекелдердің алдын алуға бағытталған “Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп” атты ауқымды жастар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. Фестиваль профилактикалық жұмысты дәстүрлі форматтан тыс ұйымдастыруымен ерекшеленді. Бұл жолы кездесу мектеп қабырғасынан тыс, ашық қалалық алаңдарда өтіп, жастармен тікелей диалог орнатуға…
