Санат: Пікір

  • ШҚО-да Зайсан көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Әлеуметтік желілердегі жарияланымға байланысты Тарбағатай ауданы Байтөғас ауылының маңындағы Зайсан көлінің жағалау аумағының санитарлық жағдайына тексеру жүргізілді. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында ұйымдастырылды. Жаз мезгілінде Зайсан жағалауы өңір тұрғындары мен қонақтарының жаппай демалатын орындарының біріне айналады. Осыған байланысты аумақты абаттандырумен қатар, санитарлық талаптарды, экологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау мәселесіне…

  • Елорда полициясының Кинологиялық қызмет орталығы төрт аяқты кішкентай көмекшілермен толықты

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына жаңа күшіктер қосылды. Құқық қорғау органдарына қызмет ететін болашақ төрт аяқты көмекшілердің қатарына бірден төрт күшік қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Күшіктердің анасы – із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге маманданған Хлоя Дея атты қызметтік бельгиялық овчарка. Бұл – оның алғашқы күшіктері. Ал күшіктердің әкесі – қызмет барысында талай…

  • Атырау әуежайында көлік полицейлері ниқаб киген 6 әйелді анықтады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайда, яғни қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген алты азаматшаны анықтады. Олар «Атырау – Стамбұл» әуерейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Құқықбұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Сонымен…

  • Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі қолжетімді болады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1278254?lang=ru

  • Аймақты дамытуға бағытталған жаңа жобалар талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Өңірде бірқатар маңызды жоба қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тікелей байланыс арқылы қатысты.Жиында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа жобалардың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру барысы қаралды.Ірі жобаның бірі – Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін…

  • 77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Энергетика министрлігі 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Газ инфрақұрылымының сенімді жұмысы қысқы жүктемелер кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осы жұмыс аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыруда. Компанияның жауапкершілік аймағында 77 мың км…

  • Биыл елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 экологиялық іс-шара өткізілді.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Биыл елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 экологиялық іс-шара өткізілді «Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған қазақстандықтарды біріктіреді және біртіндеп қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетінің күнделікті бөлігі болып келеді. Бұл ауқымды іс-шаралар нақты нәтижелер береді: аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыс полигондарын жою және азаматтардың шағымдарын шешу, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Биыл «Таза Қазақстан» акциясы…

  • Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді: Сердюк Иван Вячеславович бағалы қағаздар нарығындағы атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы орган басшысының орынбасары лауазымдарына (2026 жылғы 21 тамыздағы № 337/РЦБ хаттамасы). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1278256?lang=ru

  • Болашақтың барлығы — IT саласында!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгінгі таңда технология күн сайын дамып, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. IT — бұл тек компьютер мен бағдарламалар ғана емес, жаңа мүмкіндіктер, білім, бизнес, жасанды интеллект және болашақтың мамандықтары. Осы бағытты қолдау мақсатында біз 10 моноблокты сыйға тарттық. Жастардың білім алып, заманауи технологияларды меңгеруіне өз үлесімізді қосқымыз келеді. Болашақ — білімді, заманауи технологияны меңгерген жастардың…

  • Құқық қолдану тәжірибесі және азаматтармен жұмысты жетілдіру

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға бағытталған техникалық оқу өткізілді. Департамент басшысы Мұрат Асқарұлы Оразбайдың төрағалығымен өткен іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараға сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Асет Болатұлы Омаров шақырылды.…

  • Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс төмендеді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

         Түркістан облысы полиция департаментінде ведомство басшысы Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және адам өлтіруге жол бермеу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың нәтижелері талқыланды.      Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы Бегімхан Ахметовтің мәліметінше, осы жылдың жеті айында облыста кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 14,5%-ға төмендеген. Атап айтқанда,…

  • Қоғамдық мониторинг

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қоғамдық мониторинг 20 тамыз т.ж. аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ф. М. Искаковамен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың бірқатар мекемелеріне қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында: * Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі; * «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; * «Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ…

  • «ОРТАЛЫҚ» кәсіпорнының уран саласын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «ДП «ОРТАЛЫҚ» ЖШС-не барып, оның құрылғанына 15 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің атынан Ғұмар Серғазин кәсіпорын ұжымын және ардагерлерін мерейтойымен құттықтап, «ОРТАЛЫҚ» кәсіпорнының Қазақстанның уран саласын дамытуға қосқан үлесін атап…

  • 🔹Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін жаңартты. Енді қызметкер қабылдайтын ұйымдар субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін бұрынғыға қарағанда икемдірек талаптармен қатыса алады. Сонымен қатар бұл бағыттағы барлық негізгі рәсім электронды форматқа көшіріліп, жұмыс берушілерге қойылатын талаптар нақты әрі түсінікті етілді. Кімдер қатыса алады? Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ұйымдастырады. Мұндай жұмыс орындарын ашуға коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен бағынысты ұйымдары өтініш бере алады. Сондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар да қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері де бұл тізімде бар. Бұл ретте жұмыс берушілердің әр санатына қойылатын талаптар мен жұмыс орындарының саны әртүрлі. Яғни барлық жұмыс берушіге бірдей талап қолданылмайды, олардың қызмет түрі мен мәртебесіне қарай жеке тәртіп белгіленген. Сонымен бірге жұмыс берушінің ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, барлығына ортақ бірқатар талап бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы керек. Сондай-ақ ол банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және бұған дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет. Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс бағдарламалары, инфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда субсидияланатын жұмыс орындары ашылмайды. Бұл талап бір шығынның мемлекеттік бюджеттен екі рет қаржыландырылуына жол бермеу үшін енгізілген. Яғни мемлекет қаржысы бір жұмыс орнына немесе бір шығынға бірнеше бағдарлама арқылы қайталанып жұмсалмауға тиіс. Осы арқылы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану көзделеді. Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты белгіленеді. Үкіметтік емес ұйымдар үшін республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыруға болады. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы қажет. Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған. Бұл санатқа жататын жұмыс берушілердің жалақы бойынша қарызы болмауға тиіс. Олар соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып келген болуы керек. Сонымен бірге бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған. Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты бөлек тәртіп қолданылады. Олар үшін субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауылдағы халықтың санына қарай белгіленеді. Мұндай жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2 пайызынан 5 пайызына дейін болуы мүмкін. Барлық рәсім электронды түрде жүргізіледі Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудағы негізгі өзгерістердің бірі – осы процестің толық цифрландырылуы. Енді жұмыс берушілерді іріктеу, азаматтарды ашылған жұмыс орындарына жолдау және қажетті құжаттарды тексеру электронды форматта жүзеге асырылад. Бұл жұмыстар Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асады. Рәсімдерді цифрландыру қағаз құжаттарға деген қажеттілікті азайтып, өтініштерді тезірек қарауға жол ашады. Сонымен қатар процестің ашықтығын арттырып, шешім қабылдаудағы адами факторды барынша шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың жаңартылған тәртібі жұмыс берушілерге қойылатын нақты талаптарды, олардың санатына қарай сараланған тәсілді және негізгі рәсімдерді толық цифрландыруды көздейді. Бұл өзгерістер субсидияланатын жұмыс орындарын нақты қажеттілікке қарай бөлуге, жұмыс берушілер мен бағдарламаға қатысушылар үшін рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1278259?lang=ru

  • СҚО-да жыл басынан бері 40-тан астам адамның ҚР азаматтығына тиесілігі анықталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілілікті анықтау — көші-қон қызметі қызметкерлері жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 40-тан астам адамға қатысты тиісті шешім қабылданды. Олардың қатарында ұзақ уақыт бойы жеке куәліксіз тұрған немесе 1974 жылғы үлгідегі ескі паспорты болған азаматтар бар. Білу маңызды: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтар үшін міндетті құжат болып…

Exit mobile version