Санат: Пікір
-
Сауда министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді
19 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі еліміздің барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізе бастайды. Жәрмеңкелер әр демалыс сайын ұйымдастырылып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарларын тұтынушыларға тікелей ұсынатын бірыңғай заманауи форматқа айналады. Алғашқы демалыс күндері, 19 және 20 қыркүйекте, еліміздің барлық өңірінде өтетін жәрмеңкелерде 2 000 тоннадан астам отандық…
-
Астана World Cleanup Day іс-шарасына атсалысады: елордада жалпықалалық экоакция өтеді
Астанада 19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day-ге орай жалпы қалалық экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияға елорда тұрғындары, волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысып, саябақтар, гүлзарлар, аулалар және басқа да қоғамдық әрі табиғи аумақтарды қоқыстан тазартады. Сонымен қатар…
-
Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
Сәбидің дүниеге келуі – кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген. Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан,…
-
Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды
Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері Арман Қошқаров пен оның жеке жаттықтырушысы Әбдікәрім Қошқаровты марапаттау рәсімі өтті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым спортшы мен оның жаттықтырушысын халықаралық додадағы жоғары нәтижесімен құттықтап, олардың ұлттық спортты дамытуға және құсбегілік өнерді халықаралық деңгейде дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті. «Құрметті Арман Әбдікәрімұлы! Сізді VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында…
-
Абайдың қара сөздері – барша адамзатқа ортақ мұра
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 17 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы және аудармашы Лувсангийн Батбаярмен кездесті. Л.Батбаяр төл әдеби туындыларымен қатар жапон поэзиясын моңғол тіліне аударған қаламгер ретінде белгілі. Бірнеше жыл бұрын ол қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасына ден қойып, оның шығармаларын моңғол тіліне…
-
АЭС құрылысы жүзеге асса, Үлкен ауылы қалай өзгеруі мүмкін?
Жаңа жұмыс орындары, жаңарған инфрақұрылым, шағын бизнестің дамуы, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер — ірі жобаның өңірге ықпалы осындай бағыттардан көрінуі мүмкін. Ал болашақтағы Үлкенді жасанды интеллект қалай елестетеді? Бұл — АЭС құрылысының ықтимал әсерлері негізінде жасалған AI-визуализация. Бүгінгі шағын ауылдың ертеңгі келбетін бірге елестетіп көрейік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1294278?lang=ru
-
Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдан 1,8 есеге төмен
Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз тіркелді. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ, сондай-ақ елде бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізіп келеді. Қыркүйек айының басынан бері елде 51 937…
-
ВИДЕОБЕЙНЕ
2026 жылдың шілдесінде Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің жұмысының нәтижелеріне негізделген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1294280?lang=kk
-
Қазақстанның су айдындарына 300 мыңға жуық шабақ жіберілді
Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық ауқымды экологиялық бастамасы аясында «Өзенге өмір сыйла» акциясы жалғасып жатыр. Бүгінде акция аясында еліміздің бірқатар су айдындарына әртүрлі балық түрлерінің 300 мыңға жуық шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары Сырдария, Нұра, Сілеті және Соколовка өзендерінде, сондай-ақ Қапшағай және Ақтөбе су қоймаларында жүргізілді. Акцияға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, экология департаменттерінің қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық…
-
Жетісу облысында «Е-Архив» жүйесі бойынша семинар өтті
Жетісу облысының мемлекеттік архивінің мамандары ведомстволық архивтердің, сондай-ақ жинақтау көздері болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне арналған «Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу мен пайдалануға бағытталған оқыту семинар-кеңесін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — пайдаланушыларды цифрлық ортада жұмыс істеудің практикалық дағдыларына үйрету және құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Ұйымдастырушылар архившілердің электрондық құжаттарды жүктеу…
-
«Ашық есік күні» өткізілді
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Бауыржан Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде тұрғындар мен оқушыларға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникалар мен өрт сөндіру құралдарының жұмысын тамашалады. Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде дұрыс әрекет ету және 112…
-
Жыл басынан бері Қазақстанда 74 мыңнан астам жаңа отбасы пайда болды
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке…
-
ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ
Атырау облысы Әділет департаменте Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау бойынша өкілі А.Абдолов «Адам құқығы ең жоғары демократиялық құндылық» тақырыбына арналған семинар өткізді. Шараны департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Музатова ашып берді. Іс-шараның негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын нығайту. Семинар барысында…
-
ШҚО-да Зайсан көліндегі іздестіру жұмыстары аяқталды
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде қайықтың аударылуы салдарынан суға кеткен екі балықшыны іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. 15 қыркүйекте үш ер адам көлде қайықпен балық аулаған. Қатты желдің салдарынан қайық аударылып кеткен. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен судан шығып, жергілікті тұрғындар тарапынан құтқарылды. 1968 және 1995 жылдары туған екі ер адам…
-
МҰҚТАЖ АДАМНЫҢ МҰҢЫ
Бүгін, а.ждың 10 тамыз күні Адам құқықтары жөнігдегі Уәкілдің Атырау бойынша өкілі Амангелді Абдолов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Атырау қаласы тұрғыны, 2-ші топ мүгедегі Н.К.есімді азамат өз өтінішін білдірді. Арызында қаладағы осыған дейін ем алып жүрген оңалту орталығы бүгінгі таңда қызмет көрсетуден бас тартқандығын айтқан. Өтінішін мұқият тыңдап, мән-жәймен танысып алған соң, өкіл арызданушымен…
