Санат: Пікір
-
Құрметті ағайын!
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Өтетін күні: 2026 жылғы 1 тамызӨтетін орны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «ҚАРҚАРАЛЫ GO» этно-лагері. Бағдарламада облыстық өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ат бәйгелері және мерекелік кеш өтеді. Спорттық жарыстар (09:00): * Қазақ күресі (74…
-
Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде…
-
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама
Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 28 шілдесінде сағат 16:00-де Zoom платформасы арқылы өтеді. Анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46. Сессияның күн тәртібінің негізгі мәселелері: Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып кеткендердің орынына сайлау туралы. «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәслихаттың 2025 жылғы…
-
Елордада «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры басталды
Елордада «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры басталды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 500 бала елордаға келеді. Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС ұйымдастырып отыр. 23 шілдеде турдың алғашқы қатысушылары ретінде Атырау облысынан келген 40 оқушы елордаға табан тіреді. Қатысушылар үшін кәсіби гидтердің көмегімен үш күнге жоспарланған мазмұнды мәдени-танымдық,…
-
Қазақстан ТЖМ #СоңғыЖүзу ақпараттық акциясын бастады
Жазғы демалыс су жағасында тек жағымды естеліктер сыйлауы тиіс. Өкінішке қарай, әрбір шомылу маусымы алдын алуға болатын қайғылы оқиғалармен қатар жүреді. Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күніне орай Қазақстан Республикасы ТЖМ #СоңғыЖүзу ақпараттық акциясын бастайды. Акцияның басты мақсаты – судағы қауіпсіздік ережелерін елемеу адам өміріне қауіп төндіретінін әрбір азаматтың есіне салу. Шомылу маусымы…
-
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті
2026 жылғы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шара Департамент басшысының орынбасары Қазыбек Қойшиновтың төрағалығымен өтті. Семинарға Департаменттің мемлекеттік қызметшілері қатысты. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру…
-
📌 Фискалдық чек пен тауарлық чек: нені білу қажет?
Тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында фискалдық чек пен тауарлық чек әртүрлі құжаттар болып табылатынын және олардың құқықтық мәні әртүрлі екенін еске саламыз. ✅ Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растайды. Құжатта міндетті деректемелер, оның ішінде фискалдық белгі мен QR-код қамтылады, ал жасалған сату туралы мәліметтер…
-
Әулиекөл – Астана тас жолы бойын тазалау жұмыстары
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қоқыс жинау, жол жиектерін тазалау және тас жол бойындағы аумақты тиісті жағдайға келтіру жұмыстары орындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1263491?lang=ru
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсінік жұмыстары жүргізілді.
24 шілде 2026 жылы Мұнайшы ауылында “Таза Қазақстан” акциясы аясында құрылған мониторингтік топ мүшелерімен тұрғын үйлердің аумағындағы тазалық бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Мониторинг түсіндірме жұмыстарына, ауыл әкімінің орынбасары және бас маманы қоғамдық көмекші, учаскелік полиция инспекторы қатысты. Мониторинг барысында тұрғындарға әкімшілік ескерту берілді. Мұнайшы ауылы бойынша құрылған мониторингтік топ жұмысы тұрақты жүргізілуде. Мұнайшы ауылы әкімдігі…
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырдыХалықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту…
-
Маңғыстаулық полицей джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің инспекторы, полиция лейтенанты Закарин Нұрбек Нұркенұлы джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, құрлық чемпионы атанды. Полиция қызметкері Contact дисциплинасы бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық белдесуін сенімді өткізіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын халықаралық додада биікке көтерді. Бұл жеңіс…
-
Ақмола облысында «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда.
Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз құзыреті шеңберінде балалардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және жалпы білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау ортасын қалыптастыруға бағытталған «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысады. 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға өңірде жұмыс істейтін 519 мектептен 202 мектеп қосылды, оның ішінде 69 қалалық және 133…
-
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр. Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті. – Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы – Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы…
-
2026 жылғы 1 шілдеден бастап санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу тәртібінде қандай өзгерістер енгізілді?
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 51 бұйрығымен бекітілген «Адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ететін объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енгізілген өзгерістердің басты жаңалығы – санитариялық-қорғау аймағын (СҚА) белгілеу тәртібінің жеңілдетілуі. Бұрын санитариялық-қорғау аймағының…
-
Ақтөбеде жалға алған пәтерден теледидар ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Ақтөбеде жалға алған пәтерден теледидар ұрлап кеткен күдікті қолға түсті. Полиция қызметкерлері тәулікке жалға алынған пәтерден ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті пәтерді бір тәулікке жалға алып, кетер кезінде қабырғаға ілінген теледидарды шешіп алып кеткен. Пәтер иесі мүлкінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 70 мың теңгені…
