Санат: Пікір
-
2026 жылдың соңына дейін каналдарды реконструкциялау арқылы 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылуы жақсарады
Су ресурстары және ирригация министрлігі ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларын жүзеге асырып жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, 2024-2025 жылдары министрлік шамамен 1,5 мың шақырым суару каналын реконструкциялау…
-
Серік Шәпкенов Атыраудағы №18 кәріз сорғы станциясының жаңғыртудан кейінгі жағдайымен танысты
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов №18 кәріз-сорғы станциясына барып, қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. №18 кәріз-сорғы станциясы 1976 жылы пайдалануға берілген. Нысан содан бері алғаш рет жаңғыртудан өтіп тұр. Жоба аясында станция толық жаңартылып, заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықталды. Сорғы қондырғылары, электр тарату шкафтары мен желдету жүйелері ауыстырылып, қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.…
-
Серік Шәпкенов Атыраудағы №18 кәріз сорғы станциясының жаңғыртудан кейінгі жағдайымен танысты
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов №18 кәріз-сорғы станциясына барып, қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. №18 кәріз-сорғы станциясы 1976 жылы пайдалануға берілген. Нысан содан бері алғаш рет жаңғыртудан өтіп тұр. Жоба аясында станция толық жаңартылып, заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықталды. Сорғы қондырғылары, электр тарату шкафтары мен желдету жүйелері ауыстырылып, қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.…
-
Облыстық мәслихат депутаттары Қарағанды қаласындағы бірқатар мектептердің күрделі жөндеу барысын тексерді
Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов облыстық мәслихат депутаттары А.Т.Есқалиевамен, Е.Б.Жүнісовпен, А.К.Қалыковпен, Н.Э.Мұнасиповпен, Ж.Серікұлымен және З.Х. Шалабаевамен бірлесіп Қарағанды қаласының білім беру нысандарында жүзеге асырылып жатқан күрделі жөндеу жобаларының орындалу барысына көшпелі мониторинг жүргізді. Жұмыс сапарына білім басқармасының басшысы Д.Ш.Жекебаев, Қарағанды қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.М.Әшім, білім беру ұйымдарының басшылары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Депутаттық…
-
ҚР Әділет министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айткалиева мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының аға кеңесшісі Элизабет да Коштамен кездесті
Айша Айткалиева жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, сондай-ақ Әділет министрлігінің адам құқықтары саласындағы алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өткен диалогтың нәтижелі сипатын атап өтіп, конструктивті ынтымақтастық пен серіктестік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.…
-
Бүгін Жылыой ауданында алғаш рет бой көтерген арбаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов, аудан және қала әкімдігі өкілдері, сала басшылары, зиялы қауым мен тұрғындар қатысты. Салтанатты рәсімде аудан әкімі сөз сөйлеп, тұрғындарды жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуымен құттықтады. Ол арбаттың тұрғындардың жайлы демалып, серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған маңызды демалыс орны екенін атап өтті. «Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 1-ықшам ауданында арбат салу» жобасы аясында…
-
Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ
Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысының Ұйғыр аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Әрбір саяси партия…
-
Елордадағы саябақтар мен гүлзарларда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейдтер жүріп жатыр
Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде «Заң мен тәртіп» қағидаты мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоғамдық орындарды ластау жағдайларын анықтауға бағытталған профилактикалық рейд өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Рейдке аудан әкімдігінің қызметкерлері мен Алматы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Полиция өкілдері демалушыларға түсіндіру өткізіп, тазалықты сақтаудың және қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың маңызын…
-
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады
“БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы “Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару” бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 27…
-
Құрылтай сайлауы – халық еркін білдіретін маңызды саяси науқан
2026 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды тарихи сәтке — жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысады. Бұл науқан — мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғырту жолындағы батыл қадам әрі халықтың шынайы еркін білдіретін, заң шығару қызметін жүзеге асыратын өкілді органды қалыптастырудың айрықша кезеңі. Өзімізге жүктелген жауапкершілікті терең сезіне отырып,…
-
Терезе қауіпсіздігі – бала өмірін сақтаудың маңызды шарты
Ақтау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды ережелерді түсіндірді. Атап айтқанда, пәтер терезелеріне арнайы қорғаныс құлыптарын орнату, балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмау…
-
Маңғыстау ауданында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қызылбаев Қуанышкерей Зәйденұлы аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңейтілген кездесу өткізді. Кездесуге мектеп директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (балабақша) басшылары қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында мектептер…
-
Қазақстан ауылдарында спорт инфрақұрылымы дамып келеді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда елімізде 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 62,1%-ға жеткен. Бұл өңірлерде спорт…
-
Көкшетаудағы республикалық спартакиадаға мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысып жатыр
Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Дәстүрлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Республикалық спартакиада 2022 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Мақсат – бұқаралық спортты…
-
Туризм саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды
Туризм және спорт министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Туризм саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзектендірді. Тиісті Үкімет қаулысы 13 шілдеде қабылданды. Бұған дейінгі тұжырымдамада 45 іс-шара көзделсе, жаңартылған құжатта олардың саны 66-ға дейін ұлғайтылды. Жаңа іс-шаралар жоспары инженерлік, коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту, бизнес-процестерді цифрландыру, визит-орталықтар салу, курортты өңірлерді абаттандыру, туризм саласында кәсіпкерлік қызметті…
