Санат: Пікір
-
САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендерді қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде тұрақты бақылауда. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес және Көктерек ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыз су жүйесін дамытуға бағытталған құрылыс жұмыстарының…
-
Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Ержан Саденов отандастарымен кездесті
АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті. Кездесу барысында тараптар отандастардың кәсіби жолын, ұлттық болмысты сақтау мәселеcін және туған елімен байланысты нығайту жолдарын талқылады. Министр шетелде табысқа жеткен қазақтардың өз халқының абыройын асқақтатып, әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз…
-
BaiQymyz-2026: бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгерді
Астанада 11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі өтіп жатыр. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 13 шілдеге дейін №18, №37 және №303 автобус бағыттары уақытша өзгертіліп, осы аралықта фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды. Сондай-ақ 11…
-
Астанада жедел бөлімшелердің жұмысы бойынша өңіраралық кеңес өтті
Астана қаласы полиция департаментінде орталық өңірдің полиция органдары жедел бөлімшелерінің бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындыларына арналған өңіраралық кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов төрағалық етті. Кеңеске Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары полиция департаменттерінің жедел бөлімшелері басшылары, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері…
-
Шымкентте «Жастар таңдауы – есірткісіз өмір» акциясы өтті
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлар және қала тұрғындары қатысты. Негізгі мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсіндіру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу. Іс-шара аясында түрлі спорттық, шығармашылық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып,…
-
ҚР АШМ мен Аризона университеті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті. Ынтымақтастықтың келешегін талқылауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бейінді департаменттерінің басшылары және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) өкілдері қатысты. Айдарбек Сапаров министрліктің Аризона университетінің Қазақстанда халықаралық академиялық стандарттарға сай мамандар даярлауға қосып отырған үлесін жоғары бағалайтынын атап…
-
Елордада «Ашық микрофон» акциясы өтті: тұрғындар есірткіге қарсы өз пікірлерін ашық білдірді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Полиция департаменті Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ашық микрофон» форматындағы азаматтық акция ұйымдастырды.Іс-шара полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Қатысушылар…
-
ТҮРКІСТАН: ЗАМАНАУИ ТҮРДЕ ҚАЙТА САЛЫНҒАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылыс барысымен танысты. Нысанды аралап, құрылыс сапасы мен қарқынына қатысты нақты тапсырмалар берді. ▪️Жобаның тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті. Бас мердігер –…
-
«Cathay» әуе компаниясы Қазақстанға жүк және жолаушылар рейстерін ашады
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және жаңа шетелдік әуе тасымалдаушыларын тарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның «Cathay» (Гонконг) әуе компаниясының Таяу Шығыс өңірі бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльомен кездесуі өтті. Кездесу барысында Оливер Коэльо әуе компаниясының 2026 жылғы 1 тамыздан бастап «Боинг-747» үлгісіндегі…
-
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «САРЫАҒАШ» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Сарыағаш» теміржол вокзалының құрылыс барысымен танысты. Нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексерді. Жұмыстың орындалу барысына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемеге құрылысты жеделдетіп, сапаны қатаң бақылауда ұстап, нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды. ▪️Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Қайта жаңғырту…
-
Тасқала ауданында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Тасқала ауданында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ауданда қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Әли Сағдатұлы ашып, оған аудан прокуроры,…
-
ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында Асықата кентінде жаңадан бой көтерген «Aksu Samruk Medical Clinic» медициналық орталығының ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде адам өмірі мен денсаулығы мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі екенін атап өтіп, Мемлекет…
-
ЖЕТІСАЙДА ПЛАСТИК ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ САЛЫНЫП ЖАТЫР
ЖЕТІСАЙДА ПЛАСТИК ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ САЛЫНЫП ЖАТЫР Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу және терең өңдеу саласын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында өндірістік аймақта салынып жатқан пластик қалдықтарын қайта өңдеу және пластик ыдыстарын өндіру зауытының құрылысымен танысты. «KAZ INVA» ЖШС жүзеге асырып жатқан…
-
Зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдікке қатысты түсіндірме
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты норма кеңінен талқылануда. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесіні хабарлайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, мемлекеттік кепілдік институты азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялау стратегиясына дербес ықпал ету мүмкіндігі болмаған кезеңде енгізілді. Мемлекет инвестициялық саясатты…
-
Астанада ауқымды халықаралық BaiQymyz-2026 гастрофестивалі басталды
Бүгін, 11 шілдеде Астанадағы «Қазанат» ипподромында екі күнге созылатын BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Келушілер қымыздың әртүрлі түрінен дәм татып, оны дайындау дәстүрімен танысып, үздік өндірушілер анықталатын халықаралық байқауды тамашалай алады. Фестиваль аясында қонақтарға ұлттық тағамдарды әзірлеуге арналған аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары, «Үздік қазы» байқауы, көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз…
