Санат: Пікір
-
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі мен оларды пайдалану тәртібі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңмен және Үкіметтің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру және оларға деген құрметті нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату және…
-
ЕАЭО-дан тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісі: салық төлеушілер нені білуі қажет
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 509-бабына сәйкес, есепке жатқызу әдісін салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілері қолдануға құқылы. Осы әдісті қолданған кезде импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша декларацияда бір…
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
Мемлекет басшысы биылғы бірінші жартыжылдықтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысы туралы есепті тыңдады. Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді. Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады. 2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға…
-
Ветеринария қызметкері күні: кәсіби мереке, қорытындылар және лайықты марапаттар
Бүгін, 10 шілдеде Қазақстанда ветеринарлық қызметкер күні атап өтіледі. Бұл мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандар еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған. Ветеринариялық қызметкер күнін мерекелеу аясында облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың қатысуымен Қостанай облысының ветеринария басқармасы ҚР АШМ ВБжҚК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясымен…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ СУ ҚОЙМА ЖАНЫНДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Бөген» су қоймасында Су шаруашылығы жұмыскерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мерекеге сала ардагерлері, гидротехниктер, инженерлер, шлюз реттеушілер, гидрометрлер және су шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров су саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. – Су – тіршіліктің қайнар…
-
Байғаниндегі табиғи апат: зардап шеккен тұрғындарға барлық қажетті қолдау көрсетіледі
Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында қатты дауылдан зардап шеккен тұрғындармен арнайы комиссия кездесіп, келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Әрбір өтініш жеке қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті қолдау шаралары қабылданады. Табиғи апат салдарынан баспанасы қатты зақымданған тұрғындардың бірі Ақбаян Есенғұл көрсетіліп жатқан қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстарға сенім білдірді. «Табиғаттың тосын апатына байланысты үйім жарамсыз хәлге түсті.…
-
2026 жылғы 08 шілдеде Шу ауданында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
2026 жылғы 08 шілдеде Шу ауданында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Акцияға мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, адвокат, нотариус және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатысты. Акция барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп,…
-
Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы барысында басшының орынбасары Г. Б. Искакова жеке көмекші қызметін көрсетудің жаңа тәсілін енгізу, сондай-ақ объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияға қол қою функционалын іске асыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Бүгін мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы барысында басшының орынбасары Г. Б. Ысқакова жеке көмекші қызметін көрсетудің жаңа тәсілін енгізу, сондай-ақ объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияға қол қою функционалын іске асыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға өңір әкімдерінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілері, аудандар мен…
-
2026 жылғы 09 шілдеде Мойынқұм ауданында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
2026 жылғы 09 шілдеде Мойынқұм ауданында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Акцияға мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, адвокат, нотариус және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатысты. Акция барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп,…
-
Таразда полиэтилен құбырларын шығаратын жаңа зауыт ашылды
Тараз қаласында отандық «POLYTECH ASTANA» ЖШС-нің жаңа өндірістік филиалы салтанатты түрде есігін айқара ашты. Жалпы аумағы 3 000 шаршы метрді құрайтын бұл заманауи кешен аймақ экономикасының дамуына серпін беріп, отандық өнім үлесін арттыруды көздейді. Жаңа нысан сумен жабдықтау, газ және кәріз жүйелеріне, сондай-ақ байланыс кабельдерін қорғауға арналған жоғары сапалы полиэтилен құбырларын шығарумен айналысады. Өндіріс ошағы…
-
Округ әкімі халықпен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес округ әкімі Т.Атабаев Көкдөнен ауылының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстар баяндалып, алдағы жоспарларланған міндеттер таныстырылды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдалынып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Шешімді қажет ететін мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың…
-
Сайран көлінде судағы қауіпсіздік бойынша ақпараттық акция өтті
Алматы жастары мен Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Сайран көлінің аумағында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға Сайран көлінде шомылуға тыйым салынғаны түсіндіріліп, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тыйымдар көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылып, азаматтарға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың…
-
СЖРА Қазақстандағы демографиялық процестерді талдаудың жаңа тәсілдерін ұсынды
Агенттікте Демографиялық ахуалды бағалау жөніндегі ұлттық баяндаманың тұжырымдамасы, Өңірлердің демографиялық тұрақтылығы индексінің әдіснамасы және демографиялық процестерді талдаудың заманауи тәсілдері талқыланды. 2026 жылғы 10 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұйымдастырған «Тәуекелдерден тұрақтылыққа: Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы» тақырыбындағы «Josparlaý» сараптамалық-диалогтік клубының отырысы өтті. Отырысты ашқан Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов «Josparlaý» сараптамалық-диалогтік клубы…
-
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КІТАПХАНАСЫ БАР 75 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Түркістан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде мәдениет саласын қолдау және ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру мақсатында жаңа нысандар ел игілігіне беріліп жатыр. Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет ауылында кітапханасы бар 75 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге Түркістан облысының…
-
Құрметті қала тұрғындары!
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ағымдағы жылдың 09 шілдесі мен 12 шілдесі аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сералин көшесінің бойында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Осыған байланысты №5 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1256605?lang=ru
