Санат: Пікір
-
Новонежин ауылында аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын кентішілік көшелерде арамшөптерді шабу жүргізіледі, жұмыстар елді мекеннің тазалығын, тәртібін сақтауға және сыртқы түрін жақсартуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1289103?lang=ru
-
Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапкершілікке тартылды
Астанада полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр. Полицияға қала тұрғынынан Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында белгісіз тұлғалардың автокөлікте музыканы қатты қосып, шулағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылық фактісін анықтады. Тексеру барысында көлік…
-
«ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өткізді
2026 жылғы 09 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді. Аталған семинардың мақсаты – ЕАЭО шекарасы…
-
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АЙБОЛАТ БЕКЖАСАРОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Семей қаласы мәслихатының депутаты Айболат Бекжасаровқа жеке қабылдау барысында қала тұрғындары жолдардың жай-күйі мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтарды қабылдауға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі қатысты. Айтылған барлық мәселелер бойынша тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1289092?lang=ru
-
Күміс волонтерлерге арналған «VOLUNTEER SAPAR» стади-турына өтінім қабылдау басталды
Атыраулық 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары күміс волонтерлердің тәжірибесін арттыру мақсатында Астана қаласына «VOLUNTEER SAPAR» стади-туры ұйымдастырылуда. Іс-шара аясында қатысушылар жаңа тәжірибе жинақтап, волонтерлік бағыттағы білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар өзге өңірлердегі волонтерлермен тәжірибе алмасып, жаңа жобалар мен мүмкіндіктермен танысады. Қатысу үшін 9-30 қыркүйек аралығында https://atyraunpo.kz/ сайтында көрсетілген ережемен толық танысып, өтінім…
-
ОҚКА-ДА АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН НАУҚАСТЫҢ КӨЗІ САҚТАЛДЫ
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына көзі ауыр жарақаттанған пациент түсті. Металл зат көзге кіріп, қасаң қабықты зақымдаған. Пациент шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Мұндай жағдайда уақытты жоғалтпау аса маңызды — дәрігерлердің басты міндеті көзді және көру қабілетін сақтап қалу. Ота офтальмология бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың жетекшілігімен жүргізілді. Мамандар қасаң қабықтағы жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жасап,…
-
Алматыда үйінде жарақат алған ер адамның жыныс мүшесіне протез салдырылды
Алматыда ер адам құрылыс жұмыстары кезінде жамбас сүйегін сындырып, несеп жолын үзіп алды. №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оған жыныс мүшесінің протезін салып берді. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жамбас және несеп-жыныс жүйесі жарақатын алған науқасты толық оңалтты. Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында үйінде құрылыс…
-
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №1 Жылу электр орталығы мен «343 квартал» орталық жылыту пунктінің жұмысымен танысты. Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың орнатылған қуаты – 374 Гкал/сағ, қолданыстағы қуаты – 276,4 Гкал/сағ. №1 Жылу электр орталығы 433 көпқабатты…
-
«Отбасы банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Отбасы банк» акционерлік қоғамы басқармасы басшысының бұйрығымен банктің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалған Жайшаев Руслан Асылбекұлы таныстырылды.Бұған дейін филиалды басқарған Әділжан Рахымжанұлы Сәулебаевқа өңірде атқарған қызметі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.Руслан Жайшаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қырғыз…
-
Отбасы күні қарсаңындағы тағылымды кездесу
Отбасы күні қарсаңында «Отбасы орталығында» тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Гауһар той», «Алтын той», «Лағыл той», «Інжу той», «Күміс тойға» жеткен отбасылармен және жас шаңырақ иелерімен кездесті.Онда құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесіне, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластықты нығайтуға қатысты әңгіме өрбіп, өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек»…
-
Колледждердегі мемлекеттік тапсырыстың 51,7%-ы жұмысшы мамандықтарына бөлінді, түлектердің 62%-ы жұмысқа орналастырылды
Жетісу облысында кәсіптік білім беру жүйесін өңір экономикасының қажеттіліктерімен тығыз байланыстыру бағытында елеулі жұмыстар атқарылды. Бүгінде өңірдегі колледждер мамандарды бекітілген оқу бағдарламалары бойынша ғана емес, кәсіпорындардың сұранысы мен еңбек нарығындағы өзгерістерге де бағдарлана отырып дайындауда. Биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысының тең жартысынан астамы, яғни 51,7%-ы жұмысшы кадрлар даярлауға бағытталып отыр. Бұл ретте өткен жылдың…
-
Мектеп сөмкесін таңдау: бала денсаулығы үшін маңызды талаптар
Мектеп сөмкесін таңдау — тек оның ыңғайлылығы мен сыртқы келбетіне байланысты мәселе емес. Дұрыс таңдалмаған немесе шамадан тыс ауыр сөмке баланың омыртқасына түсетін жүктемені арттырып, дене қалпының бұзылуына әсер етуі мүмкін. Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға мектеп сөмкесін сатып алу кезінде мына талаптарға назар аударуды ұсынады. 1. Ең алдымен, таңбалануына назар аударыңыз.Бұйымда оның мақсаты…
-
Жетісу облысында биыл бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылды.
Жетісу облысында биыл бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылды. Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи цифрлық технологияларды пайдалану жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы жылдың 8 айында облыс аумағында бейнебақылау камераларының көмегімен 281 қылмыс ашылып, 24 434 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау…
-
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді жолы
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Уақтылы жүргізілген иммундау ағзаның инфекцияларға қарсы қорғанысын қалыптастырып, аурудың ауыр өту қаупін азайтады және инфекциялардың халық арасында таралуын тежеуге мүмкіндік береді. Вакциналар иммундық жүйеге белгілі бір инфекцияның қоздырғышын танып, оған қарсы қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі. Адам инфекциямен кездескен кезде ағза қоздырғышты жылдам танып, оған қарсы тиімді…
-
Алматыда дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай жарыс өтті
9 қыркүйекте Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған турнир өтті. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жарысты Алматының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы өткізді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады. Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Турнир рапид форматында бес тур бойынша өтті. Қатысушылар бірнеше жас санатында, сондай-ақ қала тұрғындары мен Алматы құрамасы өкілдері арасында бақ…
