Санат: Пікір
-
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТ-ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРДІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Астанада өңірлер мамандарына кураторлық сүйемелдеу көрсету шеңберінде Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жыл сайын ұйымдастыратын трансплант-үйлестірушілердің республикалық конференциясы өтті. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік және 29 стационарлық трансплант-үйлестіруші жұмыс істейді. Конференция олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шара барысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлық,…
-
ВИЦЕ-МИНИСТР МАНАС РАМАЗАНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту, медициналық инфрақұрылымның жай-күйі Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың Жетісу облысына жұмыс сапарының негізгі мәселелеріне айналды. Аудандық және ауылдық деңгейлерде медициналық көмекті ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Сапар барысында вице-министр Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына барып, рентген-ангиографиялық операциялық бөлменің, госпитальдық фармацияның және клиникалық-диагностикалық бөлімшенің жұмысымен танысты. Медициналық…
-
Алматыда 5 жастағы бала жұтып қойған үш магнит сирек кездесетін асқынуға әкелді
Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балаға сирек әрі қауіпті асқыну салдарынан сәтті ота жасалды. Магниттер ұзақ уақыт бойы асқазан-ішек жолында болған. Күшті магниттік тартылыс әсерінен асқазанда орналасқан бір магнит пен аш ішектегі екі магнит бір-біріне мүшелердің қабырғалары арқылы тартылған. Операция барысында хирургтар өте сирек кездесетін асқынуды анықтады…
-
Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарындағы өндірістің көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті.
Өндіріс көлемінің өсуі жалғасуда: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 126,6 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға көп. Бүгінде елімізде фармацевтикалық және медициналық өнім өндіретін 209 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді. Отандық өнімнің заттай көрсеткіштердегі үлесі 40,3%-ға жетті. Сегіз ірі жоба Қазақстанда…
-
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ҚАУІПСІЗ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛАДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, көлік құралын қауіпсіз басқару мақсатында жүргізушілердегі медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар екендігі туралы мәліметтері анықталған 21 мыңнан астам жүргізуші тіркелді. Сонымен қатар, 2 246 адам әртүрлі негіздер бойынша диспансерлік есептен шығарылды. 13 мыңнан астам адамға қатысты аумақтық полиция…
-
Bala Fest: Астанада 200-ге жуық бала спорт пен шығармашылықтан сынға түсті
Астанада 15 жасқа дейінгі балалардың басын қосқан Bala Fest фестивалі өтті. «Астана» саябағында ұйымдастырылған шарада 200-ге жуық жас қатысушы спорт, робототехника және шығармашылық бағыттар бойынша 11 түрлі сайыста бақ сынап, қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелері туралы пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жас қатысушылар VEX робототехникасы, робо-сумо және робофутбол бойынша шеберлік…
-
Білім күні
Жаңа оқу жылы — жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы.Әр оқушыға сәттілік, әр ұстазға шығармашылық шабыт тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1286413?lang=ru
-
Педагог-сарапшыларға Алғыс хаттар табысталды
Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті атынан бақылау іс-шараларын өткізуге сарапшы ретінде тартылған педагогтерге Алғыс хаттар табысталды. Педагогтердің кәсіби білімі мен тәжірибесі жүргізілетін бақылау іс-шараларының объективтілігі мен сапасын қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуда. Департамент педагог-сарапшыларға кәсіби білімі, жауапкершілігі және білім сапасын…
-
Night Run: Астанада мыңдаған адам түнгі жүгіру іс-шарасына қатысты
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Night Run бұқаралық түнгі жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті.«Астана қаласында жүгіруге деген сұраныс жоғары. Оған дәлел – бүгінгі түнгі жүгіріске бір сәтте 2 мыңға жуық тұрғынның қатысуы. Біз қауіпсіздік талаптарын…
-
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай басқарма қызметкерлері «Жалпыхалықтық диктантқа» қатысты.
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай басқарма қызметкерлері «Жалпыхалықтық диктантқа» қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/1286405?lang=ru
-
Гентте Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасына қолдау көрсетілді
Гент, 2026 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Гент қаласындағы Qazaq Roots қазақ мәдени орталығында Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Кездесуге Фландрияда тұратын отандастар, соның ішінде бельгиялық отбасылар асырап алған балалар, сондай-ақ Қазақстанның тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытатын бельгиялықтар қатысты. Қатысушылар қазақ тіліндегі кітаптарды оқып, Қазақстан әдебиетімен танысты, викториналар мен…
-
«Қазақконцерт» жетекші өнер ұжымдарының қатысуымен 66-шы концерт маусымын ашты
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туғанына 120 жыл толуына орай ашылды. Кеш бағдарламасы ұлттық музыка, дәстүрлі ән-күй, опера, классикалық және эстрадалық шығармаларды қамтыды. Концерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауындағы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан алынған «Би сюитасымен»…
-
СҚО әкімінің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты
4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Қызылжар ауданындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында ол «Ер Агро» ЖШС-нің астық қырманына, «Елім Қызылжар» ЖШС-нің көкөніс қоймасы мен егіс алқаптарына, сондай-ақ «Якорь Агро» және «Вагулинское» ЖШС-лерінің ауыл шаруашылығы алқаптарына барды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басшыларымен кездесулер өтіп, орақ науқанын…
-
Женевада «Steppe & Mountains» мәдени дипломатия кеші өтті
Женева, 2026 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және мәдени дипломатияны ілгерілетуге бағытталған «Steppe & Mountains» («Дала мен таулар») гастрономиялық кешін ұйымдастырды. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, Швейцарияның қоғамдық-саяси және іскер топтарының, мәдениет саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.…
-
Қазақстан және Қырғызстан құрамалары көкпар мен көкбөріден бас жүлдені сарапқа салады
6 қыркүйекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қазақстан және Қырғызстан құрамалары көкбөрі мен көкпардан бас жүлдені сарапқа салады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1286411?lang=ru
