Санат: Пікір
-
Шығыс Қазақстан облысында «Күш – қазақ тілінде» атты мерекелік іс-шара өтті
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Күш – қазақ тілінде» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қоғамдық қолданыс аясын кеңейту, тілге деген құрметті қалыптастыру және қоғамдық бірлікті нығайту. Іс-шараға тіл және мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам белсенділері, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.…
-
«Жасөспірім бақылауы»: СҚО полицейлері оқушыларға арналған бейнероликтер топтамасын іске қосты
1 қыркүйекте басталған «Жасөспірім бақылауы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік бейнероликтер топтамасын дайындады. Негізгі мақсат – балалар арасында қылмыс, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу. Бейнероликтер Петропавл қаласындағы Н.К. Крупская атындағы №10 мектепте түсірілді. Басты кейіпкерлер – 6 «А» сынып оқушылары. Олар полицейлермен бірге ұрлықтың алдын алу, жарақат алу қаупі,…
-
Қазақстан мен Қытай аграрлық саладағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады
Қазақстан 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуда. Қазақстандық делегацияны ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова бастап барды. Жұмыс сапары аясында вице-министр Қытай Халық Республикасының Азық-түлік және материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының (NAFRA) басшысы Лю Хуаньсинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстардың қазіргі жай-күйін, өзара сауда көлемін арттыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту шараларын талқылады. «Қытай –…
-
Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 260-шы ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылында «Ауыл құтқарушылары» 260-шы ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Бекет Түктібаев және Ақонжа ауылдарының 1 831 тұрғынының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа өрт сөндіру бекеті демеушілердің қолдауымен құрылды. Мұнда қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Жаңа құрылымның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жабдықтар…
-
Тегін шаттлдар және өзгеріссіз қозғалыс сызбалары: Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыдағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен де қалыпты режимде жұмыс істейді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады. Шаттлдар келесі бағыттар бойынша қатынайды:* Әуежай;* Орбита шағынауданы;* Алматы-1…
-
Қазақстанда 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Ақсай ауылында 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 800 тұрғыны бар Ақсай және Бірлік елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылып, қызмет атқаруға қажетті жағдайлар жасалды. Нысан төрт даярланған қызметкермен жасақталған. Жедел ден қою үшін ТЖМ тарапынан өрт сөндіру…
-
Алматының Жетісу ауданындағы 69 қоғамдық тамақтану нысаны экологиялық таза жабдыққа көшеді
Алматыда атмосфералық ауаның сапасына әсер етуі мүмкін нысандарға мониторинг жүргізу жалғасып келеді. «Eco Almaty» ЖШС мамандары моншаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын және басқа да нысандарды тексеріп жатыр. Жетісу ауданында бүгінде 5 жекеменшік монша, 25 қоғамдық тамақтану нысаны және 11 техникалық қызмет көрсету станциясы тексерілді. Қоғамдық тамақтану орындарына ерекше назар аударылады. Аудандағы осындай…
-
Алматыда экологиялық және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтеді
Алматыда 5-6 қыркүйекте экологиялық әдеттерге, қайта өңдеуге және шығармашылыққа арналған екі күндік экоуикенд өтеді. Іс-шараны «Eco Almaty» ЖШС қолдауымен ECO Network ұйымдастырады. Экоуикенд MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығының Event Space алаңында өтеді. Бағдарламада экологиялық белсенділіктер, қайта өңдеу үдерісін көрсету, интерактивті квиз, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған сабақтар қарастырылған. Бағдарламаның бір бөлігі ретінде Bedazzled шығармашылық шебердің сабағы…
-
Алматыда Энрике Иглесиастың концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концертіне дайындық жалғасып жатыр. Көрермендерден қауіпсіздік талаптарын алдын ала ескеру сұралады. Стадион аумағына басқа келушілерге кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін көлемді заттарды, тез тұтанатын және қауіпті заттарды, алкоголь өнімдерін, тыйым салынған заттарды, дрондар мен басқа да ұшқышсыз құрылғыларды алып кіруге болмайды. Бұған дейін хабарланғандай, стадионға кіреберістер сағат 16:00-де…
-
«Тіл – ұлттың жаны»: СЖРА-да командалық зияткерлік-танымдық байқау өтті
Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде «Тіл – ұлттың жаны» атты командалық зияткерлік-танымдық байқау өтті. Байқауға Агенттік қызметкерлерінен құралған төрт команда – «Болашақ», «Бірлік», «Парасат» және «Әділет» қатысты. Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: «Ойна, ойла» – білім мен логикалық ойлауға арналған сұрақтар, «Суреттер сөйлейді» – суреттер арқылы қазақ мақал-мәтелдерін табу және…
-
Абай облысында прокурорлар заңсыз өндіру фактісін анықтады: тергеу басталып, 15,7 млн теңге өндірілді
Абай облысы Бесқарағай ауданының прокуратурасы Ертіс өзенінің жағалау сызығын нығайтуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. 2025 жылдың соңында «Техсервиском» ЖШС өзен жағалауының 600 метрлік учаскесін нығайту жұмыстарын жүргізген. Прокурорлық тексеру барысында мердігер ұйым инертті материалдарды белгіленген тәртіппен сатып алудың орнына, тиісті рұқсат құжаттарынсыз…
-
Ақмола облысында екінші мәдени-туристік Flamingo Fest фестивалі басталды
Бүгін Қорғалжын ауылына Ақмола облысының түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Астана мен көршілес өңірлерден келген қонақтарды жинады. Олар екінші мәдени-туристік Flamingo Fest фестивалінде бас қосты. Қатысушылар өлкенің мәдениетімен танысып, оның табиғи мұрасы туралы көбірек білуге және өңірдегі ең таңғажайып құстардың бірі – қызғылт қоқиқазды көруге жиналды. Фестивальдің дәл осы жерде өтуі кездейсоқ емес. Қорғалжын өңірі ұлан-ғайыр даласымен және…
-
«Ахмет әлемі: тіл, тағылым, таным»: Астанада Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай ерекше іс-шара өтті
Астанада Қазақстан халқының тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай «Ахмет әлемі: тіл, тағылым, таным» атты әдеби ой алаңы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Бүгінгі әдеби ой алаңының басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне, ағартушылық бағытқа қосқан өлшеусіз еңбегін кеңінен насихаттау және оның тағылымды мұрасын қазіргі ұрпаққа…
-
Әралуандықтағы бірлік: Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған семинар
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ұйымдастырылған семинарға қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін дамыту, көптілділіктің маңызын насихаттау және қызметкерлер арасында тілге деген құрметті қалыптастыру.Семинар барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңызы, қазақ тілін кәсіби ортада қолдану мәдениеті,…
-
Мойынқұм ауданы прокуратурасының актісімен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдетілген жол жүру қамтамасыз етілді
Мойынқұм ауданының прокуратурасы қоғамдық көлікті ұйымдастыру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметіне талдау жүргізді. Анықталғандай, 2023 жылдан бастап жолаушылар тасымалына арналған шарттар жасасу кезінде заңнамада көзделген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жол жүру ақысына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған. Бұл Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының талаптарына қайшы келеді. Аталған заң бұзушылық ауданның 1600-ден астам тұрғынының, оның…
