Санат: Шымкент

  • Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылатын болады.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылатын болады.  Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды…

  • Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Сонымен қатар, 22 мамыр күні сағат 21:00-ден 23 мамыр күні сағат 08:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы толық жабылады.  Жүргізушілер мен жаяу…

  • «Kazakhstan Aselsan Engineering» зауыты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Kazakhstan Aselsan Engineering» — кең ауқымды өндіріспен айналысатын бірегей кешен. Оның ішінде байланыс және ақпараттық технологиялар, радиолокациялық жүйелер, электрондық оптика, авиация және қару жүйелері өндіріледі.   #Қазақстандажасалған #Индустриялықпарк #Астана https://www.instagram.com/p/DYl04uhN-2y/   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1226897?lang=ru

  • ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін 2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына Жітіқара қаласына келді. Жітіқара қаласына сапары аясында вице-министр өңір тұрғындарымен, үкіметтік емесұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуал, “Элеваторный” карьерінің ашылуының экологиялық тәуекелдері, “Комаров тау-кен кәсіпорны” ЖШС қызметінің теріс…

  • «Astana Tourism» Ресей қалаларындағы роуд-шоу серияларын жалғастыруда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Қазақстан астанасының туристік әлеуеті Сібірдің ең ірі қаласы – Новосибирскіде таныстырылды. Іс-шараның ашылу саштанатында Новосибирск облысы экономикалық даму министрінің орынбасары Анна Винникова құттықтау сөз сөйледі. «Новосибирск облысы мен Қазақстан арасындағы туристік ағындарды арттыруға деген қызығушылық зор. Жыл сайын біздің өңірге түрлі мақсаттармен 12 мыңнан астам турист келеді. Негізінен бұл – іскерлік және мәдени-танымдық туризм,…

  • ULTTYQ ÓNIM — 2026

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Даму» Қорының отандық өндірушілердің басын қосатын дәстүрлі IX көрмесі 2026 жылғы 22–23–24 мамыр күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстанның барлық өңірінен отандық өндірушілер жиналып, ULTTYQ ÓNIM көрмесі өтеді. Көрме қонақтары мемлекеттік бағдарламалар аясында Қордан қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдерімен танысып, сатып ала алады. Бас демеушілер: @halykbank.kz және @bankffin.kz «Даму» қоры — біздің қолдауымыз, Сіздің…

  • Президент атынан ақын Жадыра Дәрібаева мемлекеттік наградамен марапатталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ақын Жадыра Дәрібаева «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық әдебиет пен мәдениеттің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін берілді. Бүгін ақынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап құттықтап, оның қазақ әдебиетінің дамуына, рухани құндылықтарды дәріптеуге және ұлттық мәдени мұраны насихаттауға қосқан…

  • Ақтөбе облысында «WorldSkills Aqtobe – 2026» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты басталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Өңірлік чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Актөбе индустриалды-кәсіптік колледжі базасында өтті. Ауқымды чемпионатқа 400-ден астам қатысушы мен сарапшы қатысуда. Жарыстар 70 құзыреттілік бойынша өткізіледі, олар IT, инженерлік мамандықтар, құрылыс, сервис, дизайн, педагогика, ауыл шаруашылығы, өндірістік технологиялар және қызмет көрсету салаларын қамтиды.Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімін Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева ашты. Ол қатысушыларға арнаған сөзінде…

  • Су жаңа арнайы техника

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанадағы Индустриялық парк аумағында орналасқан өндіріс цехтарында белгілі Iveco автомобиль бренді негізінде коммуналдық сала мен мұнай өнеркәсібіне қажетті арнайы техника құрастырылады. Жақында біз елордадағы Stalbau кәсіпорнында болып, өндіріс процесінің қалай жүретінін көрдік. Компанияның бас инженері Никита Носачтың айтуынша, зауытта арнайы техника шығару 2018 жылы басталған. Кәсіпорын Қазақстанда италиялық Iveco автомобиль концернінің ресми өкілі ретінде жұмыс…

  • Астана IMEX Frankfurt 2026 іскерлік туризм жөніндегі ең ірі көрмеде ұлттық стендін таныстырды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Франкфурт-Майн қаласында 19-21 мамыр аралығында іскерлік туризм, кездесулер мен оқиғалық индустрия саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі – IMEX Frankfurt 2026 өтіп жатыр. Биылғы іс-шараға әлемнің 150 елінен шамамен 3 000 компания мен 15 000-нан астам адам қатысып жатыр. Астана көрмеге қазақстандық «Air Astana», «Empire Travel Kazakhstan», «Kompas» және «SkyWay» компанияларымен бірлесіп қатысып жатыр. Елорданың…

  • «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич Левит «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауды «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Айсулу Қажмұқанқызы Макашева жүргізді. Қабылдау барысында елорданың төрт тұрғыны балаларды тегін спорт секцияларымен қамту, жүзу үйірмелеріне қатысу, футбол клубтары мен мемлекеттік…

  • Тарихшы Марат Хасанаевтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Орталық мемлекеттік архивте тарихшы, архивтанушы әрі қоғам қайраткері Марат Хасанаевтың 80 жылдығына орай «Хасанаев оқулары – 2026» II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Басқосуда Қазақстандағы архив ісін дамыту мәселелері мен ғалымның ғылыми мұрасын зерттеу және насихаттау бағыттары талқыланды. Конференцияға архив саласының мамандары, ғалымдар, зерттеушілер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиын барысында Марат Хасанаевтың архив ісінің қалыптасуы мен…

  • ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Келес ауданында «Бала қауіпсіздігі – қоғам мен ата-ананың ортақ міндеті» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Тағылымды жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан прокурорының міндетін атқарушы Ернар Саржан, аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Мырзахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Рахматулла Ермеков, сондай-ақ мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып…

  • Қолжетімді орта — енді ерекше бақылауда: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап не өзгереді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында сапаны бақылау, қауіпсіздік және халық үшін нысандардың қолжетімділігі саласында маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі — нысандардың сәйкестік декларациясына қол қою тәртібінің өзгеруі. Енді бұл процеске Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық…

  • Бүгін аудандық Ойын-сауық орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Салтанатты кеш барысында аудан әкімі мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Іс-шара қонақтарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, өнерпаздардың әсерлі өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1226870?lang=ru

Exit mobile version