Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы – қатаң бақылауда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Асқар Нұржаубайдың төрағалығымен ҚР мемлекеттік қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды, қызметтік әдеп талаптарын түсіндіру бойынша қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында, Әдеп кодексінің  талаптары және мемлекеттік қызметтегі шектеулер, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталуы, қызметкерлер арасында ойын мекемелеріне бармау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік, есірткі, уытқұмарлық заттарды қолданудың алдын алу, т.б. өзекті мәселелер талқыланды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/962455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version