Семейдегі Наурыз: Теміржол вокзалында «Мұхтар Мағауин – 85 жыл» ауылы бой көтерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының теміржол вокзалында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Семей филиалының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Алаңда «Мұхтар Мағауин – 85 жыл» ауылы бой көтерді. Көктемнің келуін айшықтайтын ұлы мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрді ұлықтап, ерекше шаттыққа бөленді.

Мерекелік шараға қала әкімі Талғат Мұратов қатысып, жиналған жұртшылықты әз Наурызбен құттықтады. Вокзал алаңында 9 қазақ үй тігіліп, әрқайсысы қазақтың бай мәдениетін, тарихы мен дәстүрін паш ететін мазмұнмен безендірілді.

«Қаламыздың дамуына қосып жатқан еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Семей – тарихы терең, мәдениеті бай, ұлы тұлғалар шыққан қасиетті шаһар. Бұл қаланың болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, Семейді дамудың жаңа биігіне шығарамыз деп сенемін. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!”» – деп, Талғат Мұратов жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.

Мереке барысында ән шырқалып, күмбірлеген күй тартылып, би биленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйланды. Қазақтың кең дастарханын бейнелейтін бауырсақ үлестіріліп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Бұл мерекелік шара тек көңіл көтеру ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр сабақтастығын жалғастыруға бағытталған игі бастама болды. Осындай кең көлемде ұйымдастырылған Наурыз тойы жұртшылықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, халықтың мерекелік көңіл күйін еселей түсті.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/962454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version