2025ж. 31.03. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 31 наурызда Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова қатысты.

Тұрақты комиссиялар мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының жиырмажетінші кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы туралы.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова хабарлады.

 

  1. 2024 жылы атқарылған жұмыстар және халықтың аз қамтылған

топтарын әлеуметтік қолдау әдістерін жетілдіру туралы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының  2023 жылғы 27 желтоқсандағы  № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

  1. «Жамбыл ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының  2023 жылғы 17 қантардағы № 24/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Оксана Викторовна Дурнова хабарлады.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маман Гүлбаршын Қайыргелдіқызы Молдағалиева хабарлады.

  1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

         Архангелка ауылдық округінің әкімі Алтын Серікбайқызы Тәшенова хабарлайды.

  1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

         Казанка ауылдық округінің әкімі Аян Серікұлы Молдабай хабарлады.

  1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

         Первомай ауылдық округінің әкімі Амангелді Базарбайұлы Шуақпаев хабарлайды.

  1. «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/14 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Майбалық ауылдық округінің әкімі Гүлнара Қабдоллақызы Нұрахметова хабарлады.

  1. Жамбыл ауданы мәслихаты кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.

Нәтижесінде қаралған 11 мәслихат шешімдерінің жобасының 10 жобасы сессияның қарауына және бекітуіне, бір жоба пысықтауға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/966398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version