Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде “Өрт қауіпсіздігі: Дала өртінің алдын ал!” тақырыбында брифинг өткізілді.
Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асхат Оразбеков.
А. Оразбеков: “ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қауіпті маусымының басталуы 26 наурыздан басталды деп бекітілді.
2025 жылғы 18 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтің төрағалығымен «Орман және дала өрттерінің алдын алу туралы» бағытында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысы барысында өзекті мәселелер талқыланып, жауапты мекемелердің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Өңірде мемлекеттік орман қорының аумағында 2024 жылы 14 өрт оқиғасы тіркелген. Облыс бойынша 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы және полиция қызметімен бірлесіп, 476 рейд жүргізілді. Рейд кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 1-бөлігіне сәйкес 12 тұлғаға әкімшілік шара көрілді.
25 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Автобекеттерде, теміржол вокзалдарында, сауда үйлерінде және адамдардың жаппай жиналатын орындарында дауысзорайтқыш арқылы 460 рет түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар Департаменттің әлеуметтік желісінде және БАҚ -да өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау насихатталды.
2024 жылы 6 850 шақырымға минералды жолақтар жасалды. Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.”
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/964254?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау