Бүгін Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалында мұнай өнімдерін тасымалдайтын цистерналардағы өртті сөндіруді пысықтау мақсатында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
Мақсат – цистерналардағы шартты өртті сөндіру үшін жоғары шақырту нөмірі бойынша жұмылдырылатын күш-құралдардың арнайы іс-қимылдарын жетілдіру. Аталмыш оқу-жаттығуға Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасынан 27 қызметкер, 6 техника, Өрт сөндіру пойызынан 10 адам, 1 өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген күзеттен -15 адам, желілік полиция бөлімінен 15 адам, Полиция департаментінен 2 қызметкер, 1 техника, Қызылорда электр тораптарын тарату мекемесінен 2 адам, 1 техника, жедел жәрдем қызметінен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов жетекшілік жасады. Ол аталмыш оқу-жаттығуды өз деңгейінде өткізілді деп қорытындылады, сонымен бірге орын алған кемшіліктер бойынша жұмыс жасау үшін жауапты қызметкерлерге тапсырмаларды жүктеді.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/964250?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау