Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндет!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған шаралар;
Коммуналдық тұрғын үй қорының бөлінуі және тұрғын үй алу кезегінің әділдігін қамтамасыз ету – ашықтықты сақтау, тұрғын үй құрылысын жоспарлау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу;
Бюджет қаражатын мақсатты игеру және қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету – бюджеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы, қаржылық бақылау және жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары.
Комиссия мүшелері мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстарды жүйелеу және азаматтардың белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әр азаматтың жауапкершілігі!
Егер сіз заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз, 1424 сенім телефонына немесе тиісті органдарға хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/969564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version