«Екі сазгер-бір өнер» атты Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың ерекше форматтағы батл концерті өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында «Екі сазгер-бір өнер»  атты Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың ерекше форматтағы батл концерті өтті!

Кеш жүргізушісі – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Арнұр Әлімжанұлы.

Кеш қонақтары – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Абенова және «Күреңбел» триосы.

 Кеш аясында «Сағыныш», «Махаббат балладасы», «Сен үшін келген қала», «Ауылға ана келе жатырмын», «Талдықорған – Жетісудың қаласы” және тағы басқа таңдаулы әндер орындалды. Кешке келген өнер сүйер қауым Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың шығармаларын тыңдау арқылы, ерекше атмосфераға бөленді.

Әр концерттік бағдарламасын көрерменге ерекше дайындықпен ұсынатын Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бүгінгі кешінің де тыңдарман үшін ерекше өткенін, концерт соңында өнерпаздарымызға деген  ыстық қошеметтен білуге болады.

Бізбен бірге болған баршаңызға алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/974585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version