Жаңа баспана тарту етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаңа баспана тарту етілді
Бүгін Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінде көптен күткен қуанышты оқиға орын алды.
Аудан әкімінің бастамасымен және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға жаңа тұрғын үй сыйға тартылды.
Бұл – қайырымдылық пен қамқорлықты негіз еткен ел ішінде игі дәстүрге айналған ізгі қадамдардың бірі.
Игі шара аясында баспана кілтін тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Жаңа қоныс иелерін арнайы аудан әкімі Азат Оралбаев, мәслихат төрағасы Бакдаулет Джумабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей мен демеушілер оларға жүрекжарды тілектерін арнады.
Аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков сөз сөйлеп, жаңа үйге қол жеткізген отбасы мүшелерін шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл қайырымдылық шараның қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың нақты көрінісі екенін атап өтті.
Шара барысында аталмыш игі істің жүзеге асуына мұрындық болған «Құрылысшы» қайырымдылық қорының өкілдері де сөз алып, бұл бастаманың жалғасын табарына сенім білдірді. Олар аудан әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді.
Жаңа баспанаға ие болған отбасы мүшелері көздеріне қуаныштың жасын үйіре отырып, өздеріне көрсетілген үлкен қолдауға алғыстарын білдірді. Олар үшін бұл – тек үй емес, өмірлерінің жаңа кезеңінің бастауы, үміт пен сенімнің символы болды.
Сонымен қатар, демеушілер тарапынан жаңа тұрғын үй тұрмыстық техникалармен де қамтамасыз етіліп, отбасының жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалды.
Осындай қайырымды істер – қоғамдағы ынтымақ пен берекенің айғағы. Бұл бастама арқылы көптеген жандардың жүрегіне үміт сәулесі ұялап, өмірге деген құлшынысы артты.
Аудан көлемінде жалғасын табатын бұл секілді шаралар алдағы уақытта да талай отбасының бақытына жол ашатыны сөзсіз.
Мәслихат аппаратының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/974589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version