Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қоғамда «Заң және тәртіп» нормативін нығайту аясында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облыстық  департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 7-сәуірде спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау бойынша жиын өтті.

  Жиынға Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, басқарма және оған қарасты квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

  Шарада облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен оған  бағынысты мекемелердің спорт пен дене шынықтыруды дамытуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты жоспарлау, игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мен проблемалық мәселелер талқыланды.

  А.Жүнісов талдаумен анықталған тәуекелдер мен проблемалық мәселелер туралы сөз қозғады.

  Айта кетейік, Департаментпен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында бірқатар тәуекелдер анықталып, олардың алдын алу мақсатында 12 ұсыным енгізілген.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/972228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version