Түркістан облысы полиция басшылығы аудандарды аралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
ҚР ІІМ мен Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен Сайрам ауданындағы Патрульдік полиция басқармасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Б.Айтпаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қ.Рахишев қатысты.
Жиында полиция қызметкерлері тарапынан орын алатын қызметтік тәртіп пен заңдылықты бұзу жайттарына жол бермеу мәселесі көтерілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша баяндама тыңдалды. Сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кеңес берілді.
Жиын соңында жеке құрам антқа адал болып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге сенім білдірді. Айта кету керек, мұндай маңызды жиналыстар облысқа қарасты 17 қала, ауданда жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/972230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version