АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ШАМАМЕН ҮШ ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында мүлікті ұрлауға қатысты қылмыстар санының тұрақты түрде төмендеуі байқалуда.

Полицияның мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлікін ұрлау деректерінің тіркелуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға азайған. Әсіресе ауыр санаттағы ұрлықтар санының 45,7%-ға төмендеуі ерекше көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар, бұл санаттағы қылмыстардың ашылу деңгейі де жақсарды. Жалпы ашылу көрсеткіші 7,4%-ға өскен, ал ауыр ұрлықтар бойынша бұл көрсеткіш 17,2%-ға артқан. Бұл жедел-іздестіру шараларының тиімді ұйымдастырылғанын және халықпен өзара іс-қимыл деңгейінің артқанын көрсетеді.

Сондай-ақ мал ұрлығы деректері де 19%-ға төмендеген. Өңір ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Жергілікті учаскелік инспекторлар мен мобильді топтардың қатысуымен жүзеге асырылған профилактикалық шаралардың тиімді нәтижесі байқалуда.

– Интернет-алаяқтықпен күрестегі айтарлықтай жетістіктерді атап өткен жөн. Өткен жылы бұл қылмыстардың ашылу деңгейі небәрі 20,6% болса, биылғы көрсеткіш 52,6%-ға жетті. Мұндай нәтижеге заманауи технологияларды белсенді қолдану, цифрлық іздерді талдау және тиісті ведомстволармен өзара әрекеттесу арқылы қол жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Осындай оң көрсеткіштер – ішкі істер органдары жүргізіп отырған алдын алу шараларының, талдауға негізделген жұмыстың және өз қызметтік борышын адал атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің нәтижесі.

Алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version