ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен, білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткізілген қалалық «Абай оқулары» байқауының Қаратау ауданы бойынша жеңімпаздарын марапаттау рәсімі С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта мектеп базасында өтті.

Байқаудың мақсаты – Абай шығармалары арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Қаратау ауданы бойынша 52 жеңімпаз оқушы мен 52 жетекшіге дәрежелі дипломдар мен бағалы сертификаттар табысталды.

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы және «Қаратау өнер» мектебінің директоры Біржан Ғаниұлы Байтуов жеңімпаздарға құрмет көрсетіп, қалалық кезеңге қатысушыларға сәттілік тіледі.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version