Астанада “Жаңа Қазақстан” Республикалық инновациялық орталығы мен “Bilim-orkenieti” ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқау – “Білім беру саласындағы құрметті педагог” өз мәресіне жетті. Бұл айтулы іс-шара педагог мәртебесін арттыру, озық тәжірибені насихаттау және білім беру саласындағы жаңашылдықты дамыту мақсатында өткізілді.
Шымкет қаласы білім басқармасы “Психологиялық қолдау орталығы” КММ-нің әдіскері К.Беспаеваның жетекшілігімен мектепке дейінгі ұйымдардан 9 бірдей педагог-психолог аталған байқауға қатысып,І дәрежелі диплом мен “Білім беру саласының үздік педагогы”төсбелгісіне ие болды. Бұл – қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің және жаңашылдыққа ұмтылудың айқын көрінісі! Білім беру жолында аянбай тер төгіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым елене берсін!
Тағы да құттықтай отырып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат пен кәсіби биіктер тілейміз!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау