Сегізінші шақырылымдағы
аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХІІІ-сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-сессиясы 2025 жылғы 17 сәуірінде сағат 1100-да Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-сессиясы 2025 жылдың 17 сәуірінде сағат 1100-да Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 17 сәуірінде сағат 0930-дан бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылдың 17 сәуірінде сағат 1000-де өтеді
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №28/2-08 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 наурыздағы №17/5-08 « Жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамы және ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурызындағы №1/3-08 «Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау