КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы тұрғындары тарапынан “Фудмастер – Шымкент” ЖШС-і мекемесі пайдаланудан шыққан сарқынды суды арықтарға төгеді деген арыз-шағым жиі түсіне орай, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов мекеме басшысымен арнайы кездесті.
Көксәйек ауылында орналасқан кәсіпорында 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 80 тонна сүт өнімдері қайта өңделеді.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы кәсіпорын қызметімен, жұмысты жетілдіруге арналған жаңа қондырғылармен танысты. Округ халқының мәжілістерде көтеріп жүрген сүт бағасын нарық сұранысына сай етіп көтеру және сарқынды суды арнайы орынға төгу мәселесін жеткізіп, оның шешу жолдарын сұрады.
Мекеме басшысы тазарту қондырғысының құрылысы мамыр айында басталатынын, құрылысы аяқталған кезде сатып алынған арнайы жабдықтар орнатылатын жеткізді. Сондай-ақ, сүт бағасына қатысты ұсыныс заң аясында қаралатынын, аудан әкімінің ауылдық округте өтетін кездесуіне қатысып, халық сұрағына жауап беретінін айтты.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version